(Т) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқулықтағы жаңа ақпараттармен танысып, топтар арасында талқылау жұмыстарын жүргізеді. Оқулықта кездескен термин сөздерді жұмыс дәптерлеріне жазады.
Дәптермен жұмыс.
(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.
Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.
Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.
Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.
|
Практикалық жұмыстар
(Ж) 1-тапсырма: Геометриялық фигуралар жайлы 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыр.
Негізгі мәтін: Қаріп: 12 pt, Arial, түсі: қара; Абзац: мәтін еніне реттелген, интервал 1.0
2. Сілтемелер: Қаріп: 10 pt, Comic Sans MS, түсі: көк; Абзац: барлығы нөлдермен, жоларалық интервал 1.0, сол жаққа қарай мәтінді реттелген.
Дескриптор:
Геометриялық фигуралар жайлы 2 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.
Геометриялық фигуралар жайлы 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.
Геометриялық фигуралар жайлы 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.
|
Қалыптастырушы бағалау: «От шашу» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.
|