Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдары
|
|
(Ж) 1-тапсырма: «ВЕНН диаграммасы» Салыстыру.
Сілтеме мен гиперсілтеменің ұқсастығы мен айырмашылығына Венн диаграммасы арқылы талдау жасаңдар.
|
Дескриптор:
- Сілтеменің айырмашылығын жазады.
- Гиперсілтеменің айырмашылығын жазады.
- Екі ұғымның ұқсастығын жазады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдары
|
|
Практикалық жұмыс.
(Д) 1-тапсырма: «Қызыл кітап» электрондық жобасы.
Еліміздегі «Қызыл кітапқа» енген екі жануар мен екі өсімдікті таңдап, солар жайлы қысқаша ақпарат беріп, қарапайым электрондық кітап дайында. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орында:
Компьютердің жұмыс үстеліне Қызыл кітап атымен бума жаса.
Word-та таңдаған жануарлар мен өсімдіктер атымен 4, Қызыл кітап атымен бір мәтіндік файл құрып, жұмыс үстеліндегі Қызыл кітап бумасына сақта.
Өзің таңдаған жануарлар мен өсімдіктер жайлы әр файлға сәйкесінше қысқаша деректер жаз.
Электрондық кітаптың негізгі беті болатын Қызыл кітап файлын ашып таңдаған жануарлар мен өсімдіктердің тізімін жаз. Мысалы, 5-сурет.
Келесі қадамда гиперсілтеменің 1-әдісі арқылы (3-сурет), Қызыл кітап файлындағы жануарлар мен өсімдіктер атауын өз атауларына сәйкес файлдармен байланыстыр. Құжатты сақта. Міне сен ең алғашқы қарапайым электрондық кітабыңды жасадың.
|
|