Сабақ №34
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.5.3.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылар координаталық сәуле бойынан нүкте координаталарын анықтай алады, сонымен қатар сәуле бойына жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеуді үйренеді
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру сәті
Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді.
.
«Махаббат формуласы»
Оқушылар шеңбер бойына тұрып мұғалімнің қимылдары мен сөздерін қайталайды.
Өзімді сондай сүйемін (қолды жүрекке қою)
Сені де сүйе аламын (көршісінің иығына қолын қояды)
Сен де өзіңді сүйесің (қолын көршісінің иығына қояды)
Мені де сүйе аласың (қолын жүрегіне қояды)
Осыдан кейін әр оқушы өз көршісіне сабаққа жақсы тілегін білдіреді.
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
«Махаббат формуласы»
арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады
|
Өзара бағалау.
|
|
Негізгі бөлім
10 минут
|
Жаңа материалды түсіндіру.
«Айналым»
Сынып 4 – 5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топқа маркер/қалам/қарындаштың бір түсі беріледі. Топтар маркерлерінің түстерімен айырылады.
Топ 5 минут ішінде тапсырмалары бар карточканы постерде өз түсіндегі маркермен орындайды. Тапсырмалар кезекпен орындалады. 5 минуттан кейін мұғалім белгісі бойынша әр топ келесі постерге шеңбер бойымен көшеді. Оқушылар алдымен алдыңғы топ шешімін тексереді, егер келіспесе өз маркерлерімен өз шешімдерін жазады, не түзетулер енгізеді. Шешімдер тексерілгеннен кейін оқушылар карточкадағы тапсырмаларды орындауды жалғастырады.
|
Дескриптор: Білім алушы
- координаталық сәуле бойынан беттесетін нүктелерді табады;
- сурет бойынша нүкте координаталарын анықтайды;
- сәуле бойына нүктелерді белгілейді;
- сурет бойынша координата басын табады;
- бөлшектерді кескіндеуге ыңғайлы координаталық сәуле сызады
|
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
Оқулықпен жұмыс
25 минут
|
.
1.Координаталық сәуледе келесі нүктелер кескінделген:
а) Беттесетін нүктелерді табыңыз
б) Олар неге беттеседі?
2. Суретте кескінделген нүктелердің координаталарын анықтаңыздар. Нүктелердің ара қашықтығы неге тең:
О және Е;
О және К;
О және С;
D және С;
А және Е;
М және Е.
|