«Сұрақ менен,жауап сенен» әдісі
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
|
Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып, жылы лебіздерін білдіредң
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
Ынталандыру
Дескриптор
1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.
Жалпы балл-2
|
Сұрақтар
слайд
|
Сабақтың ортасы.
Қолдану
|
Қолдану
Үйкеліс күші.
Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
Бір дене екінші дене бетімен қозғалған кезде,
қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болады екен.
Үйкеліс табиғатына мысалдар: шананы мұзбен сүйреу құм бетімен сүйрегеннен жеңілдеу, жиһаздардарды еден бетімен жылжыту қиынға түседі, жол бойымен келе жатқан көлік қозғалқышын өшіргеннен кейін тоқтайды т.б.
Үйкелісті азайту үшін -беттерді жылтыр етіп өңдеу керек,
Үйкелісті азайту үшін -үйкелетін беттерді майлау керек,
Үйкелісті азайту үшін - сабын көпіршіктерін пайдалануға болады.
Судан аулай салысымен, балықтардықолда ұстау қиындау себебі, сыртқы қабатында үйкелісі аз болғандықтан.
Үйкелетін материалдарды таңдау арқылы да үйкелісті реттеуге болады:
Резеңкенің -топырақ ,ағаш, асфальт беттерімен ілінісуін болдырмау үшін үйкелісті азайту шараларын қарастырады.
Үйкелісті арттыру үшін- резеңке пайдаланамыз
(бөлшектерді резеңкеден жасау, етігіміздің табанына резеңке жапсыру)
Қыста мұз бетінде үйкелісті арттыру шараларын жасайды(жолдарға құм,тұз себу)
• Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Ғүйк – үйкеліс күші.
Үйкеліс түрлері
• Сырғанау үйкелісі
• Домалау үйкелісі
• Тыныштық үйкелісі
Үйкелістің пайда болу себептері:
Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.
Үйкеліс :
Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,
Олардың өңделу сапасына;
Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N –нормаль қысым күші.
N=mg
Fүйк=µN
µ - үйкеліс коэффициенті
Сонымен, үйкеліс-жанасатын беттердің материалына,беттердің өңделу сапасына, бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Үйкеліс көп те,аз да болуы мүмкін - сондықтан,оны сандық жағынан сипаттауғаболады.
Тәжірибемен түсінейік:
Бұл жағдайда үйкеліс күші мен тарту күші бір-біріне тең болады,бірқалыпты қозғалады.
Тәжірибеден мынадай қортынды шығады:
Динамометрдің көрсететін тарту күші-үйкеліс күшінің сан шамасын анықтайды.
Үйкеліс күшін өзгерту үшін-білеуге жүк қойып,тақтайға түсіретін күшті өзгерту арқылы үйкеліс күшінің де шамасын арттыруға болады.
№5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»
|
Достарыңызбен бөлісу: |