Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Өткенге шолу. Бірнеше сұрақ беру арқылы өткен сабақты қайталаймыз. (W) Үй тапсырмасын келесі сұрақтарды қою арқылы сұрау:
1. Дифракциялық тор дегеніміз не?
2.Оның түрлері қандай?
3.Тор периоды дегеніміз не?
4. Дифракциялық тордың максимум шарты қандай?
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Дискриптор:
Дифракциялық тор формуласын қолданады. Жалпы балл -3
|
Оқулық 11 – сынып
|
Сабақтың ортасы
15 мин
|
1-тапсырма:
1.Егер ДТ тұрақтысы d = 2 мкм болса, онда толқын ұзындығы 589 нм сары
түс спектірінің ең үлкен k ретін табыңдар.
2. Тұрақтысы d = 0,01 мм ДТ-мен алынған бірінші ретті спектрдің ені неге тең? Толқын
Ұзындықтарының диапазоны 0,38 мкм-ден 0,76 мкм аралығында болады. ДТ-дан экранға дейінгі қашықтық L = 0,5 м.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
Дескриптор
-толқын ұзындығы 589 нм сары
түс спектірінің ең үлкен k ретін табады
Жалпы балл -2
|
Презентация
Оқулық 11 – сынып
|
Жеке жұмыс
14 мин
|
2-тапсырма
Тұрақтысы 0,004 мм дифракциялық тор толқын ұзындығы 687 нм жарықпен жарықтандырылады. Екінші ретті спектрді көру үшін торға бақылауды қандай бұрышпен жүргізу керек?
|
Дескриптор:
- Екінші ретті спектрді көру үшін торға бақылауды қандай бұрышпен жүргізу керектігін табады.
Жалпы балл -5
|
ДК экраны
Презентация
ДМ
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия
4мин
|
Оқушыларға нұсқаулық
Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер:
A. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз?
B. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз?
C. Қай тақырыпты игеру оңай болды?
D. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз?
Үйге тапсырма: (Қазақстандағы электр энергиясын тарату туралы эссе жазу)
|
Нәтижені талдайды.
|
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.
|
ДК экраны
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|