|
Топпен жұмыс
Балалар, біз жылқы туралы білетінімізді айттық. Енді кәсіп иелері бізге жылқы туралы не айтады екен.
Кәсіп иелерінің суретін көрсету. Мамандық иелері сөйлейді: Жылқышы:
Басқа малдан гөрі жылқыны бағу қиын. Жылқыда өт жоқ. Ол күйіс қайтармайды. Күндіз-түні бірдей жайылымда, далада жүреді. Суыққа да шыдамды. Жылқы шөптің шүйгінін жеп, судың тұнығын ғана ішеді. Апталап үй бетін көрмей, жылқы бағатын күндер де болады. Композитор:
Композиторлардың құйқылжыған күйлері мен әндеріне де жылқы арқау болған.
Ақансерінің «Құлагер», «Телқоңыр» әндері, Абайдың «Торыжорға» күйі, Кененнің
«Көкшолақ» әні бар.
Дәрігер:
Жылқының еті де, сүті де, майы да пайдалы. Бие сүтінде «С» дәрумені мол болады. Сондық- тан оның емдік қасиеттері, әсіресе өкпе ауруын емдеу үшін айрықша жоғары.
Шебер:
Жылқы терісінің де пайдасы мол. Одан әртүрлі бұйымдар, ат әбзелдері, ыдыстар жасалады. Торсық пен саба қымыз құятын ыдыстар болып саналады.
Шығармашылық тапсырма.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
|
Топпен жұмыс. Тиісті сөздерді қойып, әр топ мақалды толықтырып айтады.
Тай атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер.
Жылқы – малдың патшасы, Түйе – малдың қасқасы.
Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.
|