Сабақтың ортасы
|
Педагог сабақ мақсаттарын хабарлайды:
краудфандинг платформасын;
краудфандинг платформасымен жұмыс істеу қағидаларын білетін боласыңдар.
Оқулықпен жұмыс.
Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып
отырады:
+ - мұны білемін;
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;
v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің
түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
– Краудфандинг – бұл кез келген ниет білдірушіден белгілі бір жобаны қаржыландыру үшін
қаражат алудың бір түрі. Ақша жинайтындар реципиенттер немесе авторлар деп
аталады (егер жоба краудфандинг алаңында орналасса), ал қайырымдылық беретіндер
донор, демеуші немесе инвесторлар деп аталады.
Шағын зерттеу
Оқулық пен интернет ресурстарды қолданып, барлық сұрақтар бойынша зерттеу жүргізеді.
Білу және түсіну
1. Crowdfunding платформа деген не?
2. Краудфандингтің кәдімгі қаражат жинаудан өзгешелігі неде?
Қолдану
Краудфандинг-платформаның жұмыс істеу принципін түсіндір.
Жұптық жұмыс:
№1 тапсырма: Жобасын жүзеге асыру үшін ақша жинайтын адамдар қалай аталады?
Инвесторлар
Авторлар
Демеушілер
Донорлар
Реципиенттер
Жасаушылар
№2 тапсырма: Крауфандинг платформаларын пайдаланып қаражат жинаудың ерекшеліктерін
таңда.
Қаражат жинау мерзімі шектеусіз;
Сайт жабық;
Қаражат жинау мерзімі шектеулі;
Компания қажетті соманы жинаған кезде жабылады;
Инвесторлар қайырымдылыққа неше ақша бөлетіндерін өздері шешеді;
Жобаны жүзеге асыруға өажетті нақты сома көрсетіледі.
Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту
Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі. Интернет ресурсын қолданып, crowdfunding платформа арқылы іске асқан сәтті
cтартапқа 4-5 мысал келтіріңдер.
В деңгейі. Кестені толтырыңдар.
С деңгейі. Crowdfunding платформалар арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған
ұсыныс жасаңдар.
Топтық жұмыс
1. Краудфандингтің жұмыс істеу қағидаларын санамалап беріңдер.
2. Краудфандингтің басқа тәсілдерден артықшылығы неде?
|
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2- тапсырманы орындайды
|
|
Презентация
|