Утегалиев Бурхан Закаринович 1951 жылдың 16 қараша күні Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген



жүктеу 99.2 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі99.2 Kb.
   

        


Өмірбаян

Утегалиев Бурхан Закаринович 1951 жылдың 16 қараша күні Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген.

1968 жылы Жәнібек селосындағы Т.Жароков атындағы орта мектептің 10 класын бітіріп, Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының зоотехникалық факультетіне оқуға түсті. 1973 жылы аталған институттан ғылым – зоотехник мамандығын алып шығып, Жәнібек ауданының Ұзынкөл совхозында ферма зоотехнигі болып жұмысқа орналасты. Осы совхозда 1975-1977 жылдар аралығында спорт нұсқаушысы, 1977-1979 жылдар аралығында комсомол жастар бригадасының тәлімгері, 1979-1980 жылдарда совхоз кәсіподақтар ұжымының жұмысшылар комитетінің төрағасы болып  қызмет атқарған. 1982-1986 жылдары Жәнібек ауданының  Жәнібек совхозының бас зоотехнигі болды. 1986 жылдың қазан айынан осы Калинин атындағы  совхозына бастауыш партия ұжымының партия комитетінің хатшысы болып сайлануына байланысты қоныс аударды. 1991 жылдың қазанында аудан партия ұжымының таратылуына байланысты жұмыстан босап, қазан айында халық  депутаттары Қамысты  селолық Советінің  атқару комитеті төрағасы болып сайланды. 1994 жылдың сәуір айынан Қамысты ауылдық округі әкімі болып қызмет істеп келеді.

 

                                     



 

         Ауылдық округтің құрамында 1 елді мекен бар -  Қамысты ауылы, одан басқа «Қамысты», «Саралжын», «Желқалақ», «Мастек», «Жаңатұрмыс», «Насосный», «1Май», «Әбен», «Ескі май», «Әсима» атты қыстақтарда адамдар тұрып жатыр. Олардың екеуі («Насосный», «Ескі май» қыстақтарында) желімен келіп тұрған электр қуатын пайдаланып отыр.

Қамысты ауылдық округінде 2010 жылы халық саны 1495 адам, 444 отбасы, 344 аула бар. Экономикалық белсенді халық жалпы тұрғындар арасынан 55,0% немесе 822 адамды, экономикалық белсенді емес тұрғындар 45,4 % немесе 680 адамды құрады. Округ бойынша бюджеттік және тағы да басқа салаларда экономикалық белсенді халықтың 30,7 % немесе 263 адам жұмыс жасайды, соның ішінде бюджеттік салада 143 адам, шаруа қожалықтарында 90 адам, шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын 19 адам жұмыстануда. Өз бетінше жұмыс жасайтындардың саны экономикалық белсенді халық санынан 68,4% немесе 564 адамды құрады.

Халық саны арасынан мектепке дейінгі балалар саны 125, оқушылар 280, зейнеткерлер 155, мүгедектер 47 адамды құрады. Сонымен қатар 50 студент жоғары және колледждерде оқыса, 10 оқушы білімдерін кәсіптік лицейлерде жалғастыруда.

 2010 жылы 23 сәби дүниеге келіп, 16 адам қайтыс болып, табиғи өсім 7 адамды, 17 көшіп келіп, 37 адам басқа жаққа қоныс аударған, сальдо 20 адам. Есептен шығушылардың дені ЖОО түскен студенттер.

        Халық құрамы бойынша ауылда - 97,95% қазақ; 1,0% орыс; 1,05% басқа ұлттар бар.



Ауыл шаруашылығы.

Округ аумағы 75480 шаршы шақырымды құрайды, соның ішінде 8037га – елді мекен жері. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының (шаруа қожалықтары) айналымындағы 24292 га жайлымдық жердің 720 гектары егістікке айналдырылып, ал қалғандары шабындық және жайылыс ретінде пайдаланылуда.

2010 жылы ауылдық округтегі 344 ауланың 316 ауласы  жеке мал ұстаса,  45 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, олар мал шаруашылығымен және шөп шабумен айналысады. 

Ауылдық округте 2010 жылдың 1 желтоқсанына 2113 бас ірі қара малы, 3868 бас қой мен ешкі, 326 бас жылқы, 1990 бас құс бар. Әр 100 аналық сиырдан 875 бұзау, қой мен ешкіден 2315 қозы-лақ, жылқыдан 105 құлын алынды.

Мал басының тұқымын асылдандыру жұмыстары жалғасын тауып, жоспарға сай 130 бас сиыр  қолдан ұрықтандырылды.

Қолдағы мал  түгелдей 6879 бас ірі қара малы, 3400 бас қой мен ешкі, 312 жылқы малы  дәрігерлік  алдын алу шараларын белгіленген жоспары бойынша егіліп және зерттелді. Биылғы жылы мал басы  кеміп отыр, себебі 143 бас ірі қара малы ветеринарлық-профилактикалық тексеру қортындысына сай бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп отыр. Ауруға шалдыққан малдың барлығы жойылды.

Биылғы жылы егін егетін шаруа қожалықтары саны азайып, егіс көлемі кеміп отыр. Егін еккен үш шаруа қожалығының («Азат» - 100 га, «Мирас» - 200 га, Сабанов 470 га) егіндері ауа райының қолайсыздығына байланысты өнім ала алмады.

Ауылдық округ бойынша шөп шабу науқанына 34 шаруа қожалығының 43 тракторы 43 орақ қатысуымен 22000 га жер шабылып, 72000 т. шөп дайындалып, жоспар 110 пайызға орындалды.



Бау – бақша.

Қамысты ауылының жанында 4,8 га алма бағы бар, оның 800 м жері қоршалып, уақытша  «Нұрсауле» шаруа қожалығына берілді. 2 рет суарылып, шөбі шабылды, биылғы жылы өнім берген жоқ.

Тамшылатып суару әдісімен биыл үшінші жыл «Жақсылық» шаруа қожалығы 5 га жерге бақша өнімдерін (қияр, қызанақ, қызылша, қарбыз, қауын, сәбіз) екті, олар жай егілгендіктен және ауа райының қолайсыздығына байланысты өнімді жылдағыдан аз мөлшерде берді, дей тұрғанмен аудан орталығында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне қатысып, өнімін аудан, ауыл тұрғындарына сатты.

 

          

 

Шағын кәсіпкерлік.

2010 жылы ауылдық округте 64 шағын бизнес субьектілері тіркеліп, мұның ішінде 45 ауыл шаруашылығы саласы бойынша шаруа қожалықтары, 19 шағын кәсіпкерлік субьектілері.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2010 жылы 1 адам 1млн. 200 мың теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» несие алды.

 

                           



 

Ауыз су мәселесі.

Ауыз су құбырының ұзындығы 5,4 шақырым. Сенімді басқаруға осы ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер  Утешев М.Т. берілген, ауыз су құбыры 5 жыл істеп шықты. Зертханалық сараптамаға  тоқсан сайын анализ тапсырылады. Соңғы уақытта ауыз судың сапасы төмендеп, ашып барады, болашақта тазарту қондырғыларын орнату қажет деп ойлаймын.

Дей тұрганмен, тұрғындардың басым көпшілігі 1 қоғамдық құдықтан, не болмаса өздерінің жеке құдықтарынан су ішіп отыр.

Ауылға канал арқылы келетін Еділ суын техникалық су ретінде пайдаланылып, тоғандар қысқы мерзімде мал суару үшін сумен толтырылуда. Салынғаннан бері тазартылмаған тоғандар салындылармен және мал қиларымен толған, сол себепті сиымдылығы аз, каналдар тазаланбау себепті су жүрмейді, жер – жерден бұзып шығады. 17 шақырым  Қамысты ауылына тартылған  каналды тазалау жұмыстары қажет.



Электр энергиясымен және табиғи газбен қамту.

Қамысты ауылындағы үйлер 100 пайыз электр жарығымен қамтылған.  Ауыл ішіндегі электр желісінің ұзындығы 16,8 шақырым құрайды. Салынғаннан бері жөнделмеген обьектілердің жағдайы өте нашар. Ауылда электр жарығы жиі өшеді. Оған салынғаннан бері жөндеу көрмеген сымдардың, трансформаторлардың ескіруі, тозуы себеп болуда. Ауылда 30 прожектор бар.

Табиғи газ құбырының жалпы ұзындығы 25,4 шақырым, оның 11 шақырымы жер астында, Ресейдің Кайсацское станциясынан тартылған. Ауылда табиғи газды 306 үй пайдаланып отыр. Биылғы жылы газ құбыры жөндеуден өткізілген жоқ.

Телефон байланысы.

Қамысты ауылында сыйымдылығы 130 абоненттік АТС орнатылған байланыс бөлімшесі жұмыс жасаған, қазан айында істен шығарылып, 120 абоненттік цифрлық АТС орнатылды, соның 118 іске қосылған. Сонымен қатар, 2010 жылдың наурыз айында спутниктік ұялы телефондар (терминал) орнатылып, 30 қарашаға абоненттер саны 156-ға жетті, соның сыртында 11 қызметтік телефон орнатылған. 

2009 жылы «Билайн» байланысын  орнатамыз деп «Кар-Тел» ЖШС-ы жер телімін сұраған арызы қанағаттандырылып, 2010 жылы шілде айында «Билайын» байланысының биіктігі 75 м. темір қондырғысы орнатылып, айналасы қоршалып, қараша айында антенналары орнатылып, желтоқсан айында іске қосылды.

Жол мәселесі.

Аудан орталығымен қатынайтын 50 шақырым жолдың 21 шақырымы көтерме, 29 шақырымы қатқыл жол болып есептеледі. Осы жолды жылына 2 мезгіл қыру туралы аудан әкімінің тәртібімен қырылып отыр.  Бірақ  грейдерлерді қырумен ол жолдардың сапасы жақсармайтыны белгілі.

Ауылдың ішіндегі жолдың ұзындығы 4,5 км, соның 1 шақырымы қатқыл жол. Осы жолдар салынғаннан бері оңдалған да жоқ, қырылмайды да.

Денсаулық сақтау мәселесі. Ауылымызда дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Онда 5 медбике, 3  техникалық қызметкер қызмет жасауда. 2010 жылдың 1 желтоқсанына 2200 адамды қабылдап, 490 адамға үйден көмекке шақырылған, сонымен қатар аудандық аурухана дәрігерлері 3 рет келіп 331 бала, 88 үлкендерді тексеруден өткізді. 360 адамға тегін дәрі-дәрмекпен көмек көрсетілді немесе тұрғындардың 24 пайызын құрап отыр. Науқастарға 42 мың теңгенің 50 пайыздық жеңілдетілген дәрі-дәрмегі берілді. Туберкуллез ауруының алдын алу мақсатында 443 адам жоспарға сай жылжымалы флюрографиялық тексеруден өтті.

Маусым және шілде айларында ауылдық амбулатория  471 мың теңге құрайтын түрлі ағаш жихаздарымен жабдықталып (үстел, шкаф, кушеткі, т.б.) және жай жөндеу жұмыстары 8790 теңге бөлініп, есік-терезелері сырланды.

 Білім беру саласы. Бюджет саласына  бөлінетін қаржының басым бөлігі жұмсалып отырған және салынған қаржы қайтарымын беріп отырған білім мекемелерінің бірі. Е.Ниеткалиев атындағы ЖББОМ биылғы жылы да тестілеу қортындысы бойынша жоғары көрсеткіштермен шығып, ауданда жалпы білім беретін орта мектептер арасынан екінші орынды иеленіп, облыстағы үздік мектептердің қатарынан орын алды. Биыл төртінші жылы қатар ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша мектебіміздің 1 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды. Биылғы жылы бітірген 20 түлектің 8-і грант бойынша Алматы, Актөбе, Орал қалаларындағы жоғары оқу орындарына, қалғандары  колледжге, кәсіптік лицейлерге түсті.

Биылғы жылы мектеп күрделі жөндеуден өткізілуі жоспарланланып,  жобалық сметалық құжаттары жасақталып, қосымша гимарат (спорт зал) салу үшін ауылдық округі әкімінің шешімімен жер телімі бекітіліп берілгенмен, қаржы бөлінбеуіне байланысты, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Биылғы оқу жылына 300,0 мың теңге мөлшерінде қаржыға материалдар алынып, жай жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы оқу жылында мектеп жанындағы асханада 132 бала ыссы тамақпен қамтылған, оның 69-ы аз қамтылған отбасы балалары. Мектеп жанындағы шағын орталықта 20 бала 2,5-4 жас аралығында тәрбиеленуде.

 

           

 

Мектепке дейінгі мекеме.  «Балбұлақ» бала бақшасының құрылған жылы 2005 жылғы  желтоқсан айы. Балабақшада 36 бүлдіршін  екі топта, естияр және кіші топта тәрбиеленуде, 5 күндік  жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды. Барлығы 18 қызметкер жұмыс жасайды. Оқу тәрбие берумен 5 педогог – тәрбиеші айналысса, қалғандары  техникалық қызметкерлер. Балабақша 2006 жылы жаңа орынға көшіріліп, гимарат күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуге 1467,0 мың теңге қаржы жұмсалды. 2009 жылы  су құбыры тартылып, балабақшаның ішіне кіргізілді. Биылғы жылы 50,0 теңгеге жай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 142,2 мың теңгеге  ҚР рәміздері, 4 орындық, 35 метр төсеніш, 3 өрт сөндіргіш, көп тарифтік электр есептегіш құралы сатып алынды.

 

             



 

Мәдениет мекемелерінің жұмысы

Ауылда 19587 кітап қоры бар, соның ішінде қазақтілінде 10010 кітап, жаңа түскен әдебиет саны 293. Оқырмандар саны 1257 соның балалар 403.. Кітапханада 2 қызметкер (1 меңгеруші, 1 балалар кітапханашысы) және 1 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Табиғи газбен жылыту жүйесі бар. Ауылдық кітапханада 57 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 1860 адам қамтылды. Кітапханаға 7900 теңге қаржы бөлініп, жай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1245 теңгеге кеңсе тауарлары алынып берілді. 8500 теңгеге көп тарифтік электр есептегіш құралы алынып берілді.

Мәдениет үйінде 2 қызметкер (меңгеруші, мәдени ұйымдастырушы) және 2 техникалық қызметкер бар. Мәдениет үйіне 8313 теңгеге шаруашылық заттар, 5,0 мың теңгеге 25 м. шланга алынып беріліп, келісім шарт бойынша 7281 теңге су алынды. Күні бүгінге 46 ақысыз және 9 ақылы мәдени шаралар өткізіліп, 8370 адам қамтылды. 50 адамды қамтитын 7 үйірме жұмыс жасайды. 50 рет би кеші ұйымдастырылып, 630 адам қатысты.

 Мәдениет үйінің  де, кітапхананың да материалдық - техникалық  жарақтармен қамтамасыз  етілуі өте нашар.

 

                   

 

Әлеуметтік қорғау.

Ауыл әкімінің күнделікті жұмысының бірі - табысы аз отбасыларды анықтау, оларға әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде  ұсыныс әзірлеу, қоғамдық ақылы қызметті ұйымдастыру болып табылады.

Биылғы жылы  32 отбасыға (129 адам) 1397,9 мың теңгенің АӘК-і тағайындалды. 20 отбасыға  21048 мың теңгенің  тұрғын үй көмегі, 148 отбасының 299 баласына 3667,3 мың теңгенің балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды. Жұмыспен қамту орындарына жолыққандар саны 99 адам, 86 адам  ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, соның 10 АӘК алушы отбасының мүшелері. Жұмыссыздар  есебінен атқарылатын жұмыстардың арқасында ауылдық округінде күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған әлеуметтік нысандар оңдалуда, май сою пункті, жазғы демалыс бағын жай жөндеуден өтті және т.б. жұмыстар атқарылды. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 78 адам, оның 21 АӘК алушы. Сонымен қатар «Жол картасы» бағдарламасына сай ауылдағы 14 шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер әлеуметтік жұмыс орнына 34 жұмыссызды, (оның 19 АӘК алушы) және аймақтық әлеуметтік бағдарлама бойынша 5 шаруа қожалық басшысы 16 жұмыссызды маусымдық жұмысқа алды.  «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына сай 3 жұмыссыз уақытша жұмысқа алынып, 1 адам Орал қаласындағы «Андас» оқу орталығына кәсіби даярлауға жіберіліп отыр. 

Бюджет қаржысын толықтыруға тұрғындардан жиналатын 30761 теңге жер, 23475 теңге мүлік, 31086 теңге көлік салықтары жиналып, сонымен қатар 899 нотариаттық іс-әрекет жасалып, 69237 теңге қаржы бюджетке толықтай  аударылды. Сонымен қатар жергілікті бюджетке түскен кірістің көлемі 1,361 мың теңгені құрады.

Ауылдық округі әкімінің бюджеті.

Биылғы жылы ауыл әкімнің құзіретіне жататын мәселелерге байланысты 9451,0 мың теңгенің қаржысы қаралып, бюджет 100 пайызға орындалады.

Ауыл аймақтарды абаттандыруға, көгалдандыруға бөлінген 197,0 мың теңге қаржының 70,0 мал сою алаңын, 127 мың теңгесі жазғы бақты жай жөндеуге жұмсалды.

Ауылдық  округті суландыруға 311,0 мың теңге қаралып, оның 200,0 мың теңгесі 5000 м каналдарды тазалап, қазуға, 111,0 теңгесі ауыз су құбырының жер астындағы насосын оңдатуға және алып ауыстыруға жұмсалды.

Елді-мекендерде көшелерді  жарықтандыруға 190,0 мың теңге қаралған, электр төлемдеріне 99,6 мың теңге электр лампаларын ауыстыруға және жаңадан қондыруға 90,4 мың теңге қаражат жұмсалды.

Ауылдық санитариялық жағдайын жақсартуға 250  мың теңге бөлініп, 625 тонна күл-қоқыс арнайы белгіленген орынға шығарылып, көмілді. Ауылдық округ бойынша 2 рет тазалық айлығы жарияланып, күні бүгінге 2460 тонна күл қоқыс шығарылды.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет