3-апта.
Мамандық және қызмет.
Ресми, іскери салаларға қатысты сөйлеу әдебі формулалары және олардың варианттары мен лингво-мәдени ерекшеліктері.
Күрделі сөздердің, атаулық тіркестердің тәуелденуі, жіктелуі,септелуі/ тәуелдене септелуі.
Қарыштап дамып жатқан елдерге қызыға да, қызғана да қараймыз. Олардың жеткен жетістіктерін айтып, таңдай қағамыз. Ендеше, біздің елге де алға жылжу үшін, даму үшін білікті мамандар мен үздіктер қатарында жүрген мамандықтардың шаңын қағу керек.
Инженерия
Кез келген елдегі тапшы мамандықтардың бірі. Білікті әрі білімді мамандардың көмегімен құрылыс-индустриясы және өнімнің автоматтандырылған деңгейі артады. Қандай жағдай болмасын, елде дағдарыс бола қалған күннің өзінде инженерлердің сұраныста болатыны анық. ХХІ ғасырдағы инженерлерге қойылатын қос бірдей талап бар: бірі – ағылшын тілін жетік меңгеру, екіншісі – жаңа технология тілін жетік түсіну.
IT саласы
Жасанды сананың дамуы, жаңа технологияның үлкен құбылыс жасауы адамзат тарихындағы жеңіс. Осы жеңісті жетілдіру жолында нағыз IT-мамандары керек-ақ. Әлемде қазір IT саласы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұр.
Компьютерді құрастыру мен сайт жасау кез келген техника тілін меңгерген маманға таңсық емес. Алайда оның күрделі функцияларын атқару, дамыту, ерекшелеу секілді тектерін меңгеру басқа әңгіме. Қазақстан аталған мамандық бойынша әлемдегі ең үздіктер қатарына ене қоймады. Алайда біздің білімді жастар математика саласында ең үздіктер қатарында. Ендеше, бүгін және ертең жойылып кетпейтін мамандық осы IT саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |