Күрделі сөздер- кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздер. Оның 4 түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз. Біріккен сөз-екі немесе одан көп сөз бірігіп бір сұраққа жауап беретін сөз. М:тасбақа, қарақұрт. Кіріккен сөз- құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгертіп біріккен сөз.М: бұл жыл-биыл, қарлығаш- қара ала құс, апар – алып бер, білезік-білек жүзік. Қос сөз – сөзің қосарланып немесе қайталанып айтылуына жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама, қосарлама. Қайталама қос сөз- сыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз.М:тау-тау,көре-көре,көзбе-көз,өз-өзінен. Қайталама қос сөздің 4 жасалу жолы бар. 1.Қосымшасыз бір түбірден: қора-қора. 2.Қосымшалы бір түбірден: бара-бара. 3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап: кісі-місі,шай-пай,сатыр-сұтыр. 4.Бір сыңары ықшамдалып: жап-жасыл. Қосарлама қос сөз- сыңарлары әр түрлі түбірен жасалатын қос сөз: бала-шаға, алыс-жақын, үлкен-кіші. Қосарлама қос сөздің 5 жасалу жолы бар. 1.Сыңарлары синонимдес: зәре-құт, өнер-білім, қазан-ошақ. 2.Сыңарлары анонимдес:оңды-солды,әрі-бері. 3.Бір сыңары мағынасыз: арық-түрық, бала-шаға,емін-еркін.4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді:ығы-жығы,алба-жұлба. 5.Сыңарлары әртүрлі сөздер:саяси-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік. Қысқарған сөз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Қ.с. жасалуының 4түрі бар.1.Күрделі атаудың құрамында әрбір сөздің бірінші дыбыстары қысқарған: ТМД, БҰҰ,АҚШ. 2.Құрамындағы әрбір сөздің бірінші буыны мен соңғы сөздердің бірінші дыбыстарынан бастап қысқарған:ҚазМҰУ. 3.Құрамындағы әрбір сздердің бірінші буындары: ұжымшар,физмат. 4.Алғашқы сөздің бірінші буыны келесі сөздің түбір күйінде: пединститут, медколледж.5. Өлшем бірліктерінің қысқаруы: см, кг. Тіркескен сөздер- екі немесе оданда көп сөздердің тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін сөздердің түрі. Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін және тұрақты. Еркін және тұрақты тіркес. Еркін тіркестің құрамындағы сқздердің орын ауыстыруға болады: оқып жүр.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орын ауыстыруға болмайды, олар бірігіп қана мағына береді: қс пен көздің арасы.