10-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, әр түрлі мазмұнда сөйлем құраңыз.
Жастар санасы, бұрынғылардың өсиеті, мәдениет орталығы, бала кезім, қоғамдық мәселелер, көрінген орын, кісілік келбет.
11-тапсырма. Сөйлемдерді стильдік құрылымы жағынан өзгертіңіз.
Бүгінде халықтардың салт-дәстүрі де, таным-білігі де қатты өзгеріске ұшыраған заман. Өйткені ата-ана баласына дұрыс тәрбие беру үшін онымен жиі-жиі сөйлесіп, ақыл-кеңестерін айтып, қоғамдық мәселелерден сөз қозғап, баласының ой-танымына ықпал етуі керек. Кісілік келбет әркімнің өзіне байланысты десек те, бұл өте қауіпті құбылыс екенін жасыруға болмайды.
12-тапсырма. Сөздерге мағыналас ұғымдарды беріңіз
ұрпақ –
|
ара –
|
жас –
|
жол –
|
толқын –
|
кез –
|
13-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
а) “Ойын арзан, күлкі қымбат” деген не?
ә) “Сыр мен сымбат” дегенде Абай нені айтқысы келді?
б) Ер табылса, жарайды қылса сұхбат тіркесін қалай түсінесіздер?
14-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес сұхбат алу үшін сұрақтар дайындаңыз.
15-тапсырма. Мына тақырыптарға пікір алысыңыз.
Салт-дәстүрдің озығы бар, тозығы бар
Дастархан басындағы әңгіме
Жаңа замандағы жаңа дәстүр
Сыртқы келбет және жан дүние
16-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз
рухани құндылық, мойын бұру, сөз қозғау, ақылға жарымау, арман жетелейді, қол созады.
6-апта
Достарыңызбен бөлісу: |