Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С



бет75/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   135
Оку курал 2021 январь

8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Этнопсихология ғылымы нені зерттейді?

2) Мақал-мәтелдер ойлауда қандай рөл атқарады?

3) Мақал-мәтелдердегі сөз қолданысы қалай іске асады?

4) Мақал-мәтелдердің философия, психология ғылымдарымен байланысы қандай?
9-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

1) Мақал-мәтелдерден ....

2) Мақал-мәтелдерде халықтың ...

3) Мақал-мәтелдер ...



4) Мақал-мәтелдердегі ақыл-кеңестер ...
10-тапсырма. Еңбекке, өнер-білімге, үлгі-өнегеге, тәлім-тәрбиеге байланысты білетін мақал-мәтелдер жазыңыз.

10-апта

Көшпенділердің мәдени мұрасы туралы мәлімет.

«Мәдени мұра» бағдарламасы.

Сөйлемнің толық аяқталуы және мазмұнының жүйелі түрде құрылуына қажетті қыстырма конструкциялар (біріншіден, екіншіден, меніңше, менің пікірімше, менің ойымша ...), шылаулар (және, мен, себебі, өйткені, сондықтан ...), және бейнелі тілдік қолданыстар.
Мәдени мұра – баға жетпес байлық. Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері. Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару маңызды мәселелердің бірі.

2003 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бағдарлама ретінде «Мәдени мұра» бағдарламасы дүниеге келді. «Мәдени мұра» бағдарламасы аса ауқымды жоба ретінде ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, археологиялық зерттеулер, қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар мен ұлттық әдебиетті ортақтастыруды мақсат еткен бірқатар бағыттардан құралған.

Бұл бағдарлама бойынша ғасырлар бойы қарастырылмаған ата-бабаларымыздың мұралары жете зерттелді. «Мәдени мұра» бағдарламасы басталғаннан бері 78 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені «ЮНЕСКО» Әлемдік мәдени мұрасына кірді. Сонымен қатар Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешітінің реставрациясы және Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталығы кесенесінің құрылысы да сәтті аяқталды. Жоба аясында Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, және, АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми- зерттеу экспедициялары жіберіліп, Қазақстанның тарихына, этнографиясына және өнеріне байланысты 5 мыңнан астам құнды архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.

«Мәдени мұра» бағдарлама жұмыстарының нәтижесі жарық көріп, еліміздің тарих саласындағы оқулықтары мен оқу материалдарын толықтырды, бұл келешек ұрпақтарымызға Қазақ елін толыққанды тануға, оның әлемдегі кез-келген ұлттық мемлекеттерден кем түспейтіндігін дәлелдеуге жол ашып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет