9.4. Жартылай реакция әдісі немесе иондық – электрондық әдіс
Бұл әдістің тотықтыру процесімен және тотықсыздандыру процесі үшін иондық теңдеулерді құруға, ал одан кейін оларды жалпы теңдеуге біріктіруге негізделгенін оның аталуы көрсетіп отыр.
Мысалы ретінде электрондық баланс әдісін түсіндіруге пайдаланған реакцияның теңдеуін құрамыз (3-мысалды қара). Қышқылданған ортада калий перманганат КMnО4 ерітіндісі арқылы күкіртті сутек газын өткізгенде ерітіндінің малина түсі жойылып, күнгірттенеді. Тәжірибе ерітіндінің күнгірттенуі жай күкірттің түзілуі нәтежесінде, яғни мына процесстің жүретінін көрсетеді;
Бұл схемадағы атомдар саны бірдей. Зарядттарды теңестіру үшін схеманың сол жағынан екі электронды алып, одан кейін стрелканың орнына тепе-теңдік белгісін қою керек;
Н2S- 2е =S+ 2Н+
Бұл бірінші жартылыай реакция – тотқсыздандырғыштың Н2S тотығу процесі ерітіндінің түссізденуі МnО4 ионының (малина түсті) Мn ионына (түссіздеуге болады, бірақ концетрациясы көп болғанда қызғылт түсті болады) өтуіне байланысты, оны мына схемамен көрсетуге болады;
Мn2+
Қышқылды ерітіндіде МnО4 – ионының құрамында кіретін оттегі, сутегі онымен су түзеді. Сондықтанда бұл өзгерісті былай көрсетуге болады;
Стрелканы тепе-теңдік белгісіне ауыстыру үшін зарядтарды теңестіру керек.
Бастапқы заттарда жеті (7+) оң заряд, ал соңғы екі оң (2+) заряд бар. Зарядттардың сақталу шартын қамтамасыз ету үшін схеманың сол жағына 5 электронды қосу керек.
МпО4- +8Н+ +5е- =Мп2+ +4Н2О
Бұл екінші жартылай реакция, тотықтырғыш МпО4 – перманганат ионының тотықсыздану процесі. Реакцияның жалпы теңдеуін құру үшін, алдымен берілген және алынған электрондар санын теңестіріп алып, одан кейін жартылай реакция теңдеуін жекелеп қосу керек. Бұл жағдайда, ең кіші еселікті табу ережесіне сай, жартылай реакция теңдеуді көбейтетін көбейткіштер табылып, оған көбейтіледі де, қысқаша түрде былай жазылады;
Н2S – 2e =S +2H+
|
5
|
МnО4- +8Н ++5е = Мn2+ + 4Н2О
|
2
|
5H2S + 2МnО4- +16Н+ =5S + 2Мn2+ +10Н+ +8Н2О
Теңдеуді 10Н+-ке қысқартып, иондық теңдеудің соңғы түрін аламыз
5Н2S +2МпО4- +6Н+ = 5S +2Мп2+ +8Н2О
Құрылған иондық теңдеудің дұрыс екендігін тексереміз; оттегі атомдарының саны сол жақта 8, оң жақта 8, зарядтарының саны; сол жақта (2-) +(6+) =4, оң жақта +2 (2+) = 4, себебі атомдар мен зарядтар теңестірілгендіктен теңдеу дұрыс құрылған.
Жартылай реакция әдісі арқылы реакциялардың теңлеуі иондық түрде құрастырылады. Иондық түрден молекулалық түрдегі теңдеуге өту үшін иондық теңдеудің сол жағындағы әрбір анионға сәйкес катион, ал әрбір катионға сәйкес анион табамыз. Одан кейін анықтаған иондарды сол күйінде теңдеудің оң жағынан бастап жазып, иондарды молекулаға біріктіреміз.
5Н2S +2МпО4-+6Н+ =5S +2Мп 2++8Н2О
2К++3SО42-= 2К++ 3SO2-
_________________________________________________
H2S + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 5S + 2MnSO4 + K2SO4 +8Н2О
Сонымен, жартылай реакция әдісімен құрылған тотығу–тотықсыздану реакциясының теңдеуі, электронды баланс әдісімен құрылған теңдеуге әкеледі.
Екі әдісті салыстырайық. Жартылай реакция әдісінің электронды баланс әдісіне қарағанда артықшылдығы сол, ерітіндіде шындығында болатын иондар қолданылады. Шындығындада, ерітіндіде Мn, Сr, S, S иондары емес, онда МпО4- , Cr2O72-; SO4;2-; SO32- иондар бар. Жартылай реакция әдісінде атомдардың тотығу дәрежесін білудің керегі жоқ. Кейбір жартылай реакциялардың иондық теңдеуі, гальваникалық элементпен электролиз кезіндегі химиялық процесті түсіну үшін қажет. Бұл әдісте ортаның барлық процеске активті түрде қатысатындығы көрініп тұр. Жартылай реакция әдісін қолданғанда, жартылай реакция әдісіне көбірек мән беріліп, оны су ерітінділерде жүретін барлық тотығу-тотықсыздандыру реакцияларының теңдеуін құру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |