Кондуктометриялық титрлеу
Ерітінділердің электрөткізгішітігін өлшеу кондуктометрия деп аталады. Кондуктометрияны электролиттердің диссоциациялану дәрежесін және константасын, сол сияқты ерітінділердегі электролиттердің концентрациясын, олардың ерігіштігін, қышқылдардың негізділігін анықтау үшін қолдануға болады. Әсіресе кондуктометриялық титрлеу әдісінің практикалық маңызы өте зор. Эквиваленттік нүкте зерттелетін ерітіндінің электрөткізгіштігінің күрт өзгерісі бойынша анықталатын титрлеу кондуктометриялық деп аталады. Бұл әдіс индикаторларды пайдалануға келмейтін бұлыңғыр немесе боялған ерітінділерді зерттеу үшін қолданылады. Әдіс қышқылдардың немесе негіздердің ерітінділерінде жақсы электрөткізгіштікті қамтамасыз ететін қозғалғыштығы жоғары Н+ немесе ОН- болуына негізделген. Титрлеу барысында бейтараптану процесі жүріп, аталған иондардың орнына қозғалғыштығы төмен тұз иондары пайда болады, мысалы:
Н+ + СІ-+ Na+ + OH- H2O + Na+ + CI-
Барлық қышқыл (немесе негіз) негіздің (немесе қышқылдың) эквивалентті мөлшерімен титрленгенде, электрөткізгіштік ең төменгі шегіне жетеді. Негіздің немесе қышқылдың артық мөлшері қосылғанда, қозғалғыштығы жоғары ОН- немесе Н+ - иондары пайда болып, электрөткізгіштік күрт жоғарылайды.
К ондуктометриялық титрлеу қисығы бойынша эквиваленттік нүкте (Т) белгіленіп, титрленген сілті немесе қышқыл ерітіндісінің сәйкес көлемі анықталады, ал зерттелетін ерітіндінің белгілі көлемі бойынша, қышқылдың немесе сілтінің концентрациясы есептеледі.
Әлсіз қышқылдарды күшті негіздермен немесе әлсіз негіздерді күшті қышқылдармен кондуктометриялық титрлеу қисығы төмендегідей болады:
Егер қоспалар титрленетін болса, электрөткізгіштіктің сызығы мынадай болуы керек:
Достарыңызбен бөлісу: |