Классикалық (қарапайым) әдіс
Алдымен 25%-тік ерітіндінің 300 грамындағы еріген заттың массасының пропорция құру арқылы табамыз.
Егер 100 г ерітіндіде 25 г еріген зат болса,
Онда 300 г ерітіндіде х г еріген зат болғаны.
Бұдан:
Дәл осылай 40%-тік ерітіндінің 400 грамындағы еріген заттың массасын табамыз.
Егер 100 г ерітіндіде 40 г еріген зат болса,
Онда 400 г ерітіндіде y г еріген зат болғаны.
Бұдан:
Енді екі ерітіндіні бір-біріне қосып араластырғанда 700 грамм жаңа ерітінді түзіледі. Оның ішінде еріген заттың жалпы массасы х + y = 75 + 160 = 235 г Жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін пропорция арқылы табуға болады.
Егер 700 г ерітіндіде 235 г еріген зат болса,
Онда 100 г ерітіндіде x г еріген зат болғаны.
Бұдан:
Демек, пайда болған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі 33,6%.
Алгебралық әдіс
Есептің шартында келтірілген араласатын ерітінділердің массалары мен олардағы еріген затттың массалық үлестерін алгебралық теңдеуге қоямыз.
m1w1 + m2w2 = m3w3
Мұндағы: m3 = m1 + m2
немесе
«Крест» әдісі
«Крест» ережесі бойынша:
Бұдан: w3 = 0,336 немесе 33,6%.
Демек, пайда болған ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі 33,6%.
Бұдан, w3 = 0,336 немесе 33,6%. Демек, пайда болған ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі – 33,6%.
Есептер
1. 45 г суға ерітілген 5 г тұзы ерітіндісінің концентрациясы қандай? (Жауабы:10г).
2. Аммиактың 25 %-тік ерітіндісімен 1 кг 15%-тік ерітінді даярлау керек. Бұл үшін неше грамм 25 %-тік аммиак ерітіндісі керек?
(Жауабы:40г).
3. Кейбір аурулармен ауырғанда адам қанының құрамына физиологиялық ерітінді деп аталатын ас тұзының 0,85 %-тік ерітіндісі жіберіледі. Сонда: а) 1 кг физиологиялық ерітінді дайындау үшін неше грамм тұз керек екенін; б) қанға 400 г физиологиялық ерітінді жібергенде, организмге неше грамм тұз баратынын есептеп шығарындар.
(Жауабы: а) 8,5г б) 3,4г).
4. 100 г 10 %-тік ерітінді алу үшін неше грамм ас тұзы және су керек?
( Жауабы: 10г ас тұзы, 90г су).
5. Бір заттың 100 г 20%-тік ерітіндісімен 50 г 32 %-тік ерітіндісі араластырылады. Осыдан шыққан ерітіндінің концентрациясы (процентпен) қандай? (Жауабы: 24%).
Достарыңызбен бөлісу: |