19.3. Адсорбция заңдылықтары
1. Әлсiз электролиттер немесе электролит еместер адсорбент беткейiнде молекула түрiнде адсорбцияланады. Мұндай адсорбция молекулааралық адсорбцияға жатады, процесс Ван–дер–Ваальс күштерiнiң әсерiнен жүретiн болғандықтан адсорбент пен адсорбат арасындағы байланыс әлсiз болады.
2.Адсорбция процесiнде Ребиндердiң бағытталу ережесi сақталады, яғни молекулалардың полюстi бөлiктерi полюстi адсорбент молекулаларына, ал полюссiз бөлiктерi полюссiз адсорбент молекулаларына бағытталады.
Егер бiр заттың адсорбциясы басқа заттыкiне қарағанда басымырақ болса, таңдамалы адсорбция жүредi. Оның бiр мысалы иондық адсорбция болып есептеледi. Панет–Фаянстың ережесi бойынша қатты адсорбенттерде сол адсорбенттiң құрамына кiретiн немесе онымен ортақ тобы бар артық мәлшерде алынған иондар адсорбцияланады:
ВаСl + Н2SO4 = BaSO4 + 2HCl
BaSO4 бөлшектерiнде Ba2+ немесе SO42- иондары адсорбцияланады.
Көп валенттi иондар бiр валенттiлерге қарағанда күштiрек адсорбцияланады. Валенттiлiгi бiрдей иондардың мөлшерiне және гидратталу дәрежесiне байланысты адсорбциялану қабiлетi де әр түрлi болып келедi. Оларды мынадай лиотроптыққатарға орналастыруға болады:
Cs+Rb+K+Na+Li+
CNS J - NO3- Br- Cl-
Бiрзаттыңадсорбент беткейiнде екiншi заттың орнын басуы алмасу адсорбциясы деп аталады. Оның бiр түрiне иондық алмасу адсорбциясы жатады. Бұл адсорбция бойынша кейбiр адсорбенттердiңқұрамына диссоциацияланатын және ертiндiдегi бiр тектес иондарға алмасатын топтар болады.
Егер Н+ және ОН- иондары алмасатын болса, ертiндiнiң рН-ы өзгерiске ұшырайды. Иондық алмасу адсорбциясының мұндай түрi гидролиттелген деп аталады. Өндiрiсте және жөндеу жұмыстарында осы адсорбцияға негiзделген иондық алмасу смолалары (иониттер) жиi қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |