В. А. Митерев н. С. Реметова



бет104/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Коллоидтық ерітінді алу үшін мына ережелерді сақтау керек:

1. Зат бөлшектерінің мөлшері 10-5 – 10-7 см тең болуы керек.

2. Коллоидтық бөлшектердің (дисперстік фаза) дисперсиялық ортада нашар еруі керек. Олардың бірікпеуін қамтамасыз ету үшін коллоидтық бөлшектің беткейінде ионды-гидраттық қабықша түзетін стабилизатор (электолит иондары) қолданылады. Коллоидтық ерітінді алудың 2 түрі әдісі бар: дисперсиялық немесе ірі бөлшектерді ұсақтау және конденсациялық немесе ұсақ бөлшектерді ірілендіру әдістері.

Дисперсиялық әдіс 2 бөлінеді:



  1. механикалық

  2. химиялық (пептизациялау)

Механикалық ұсақтау әдісі үшін коллоидтық және шар тәріздес диірмендер қолданылады. Кейінгі кездерде заттарды дисперстеу үшін ультрадыбыс әдісі қолданылып жүр. Бұл әдістің механизмі күрделі және аз зерттелген. Пептизация (химиялық дисперстеу) әдісі бойынша дисперстеуші заттар (пептизаторлар) гельді зольге айналдырады. Бұл әдіс көбіне іркілдек тұнбалар, мысалы, АІ(ОН)3, Ғе(ОН)3, Zn(OH)2 т.б. үшін қолданылады.

Конденсациялық әдістердің негізіне әртүрлі химиялық реакциялар жатады, соған байланысты тотығу, тотықсыздану, алмаса ыдырау, гидролиз әдістері т.б. кездеседі. Мысалы:



  1. Тотығу әдісі: 2H2S + O2 → 2S + 2H2O

  2. Тотықсыздану әдісі: Ag2O + H2→2Ag + H2O

  3. Алмаса ыдырау: BaCI2 + K2SO4 → BaSO4 + KCI

  4. Гидролиз әдісі. FeCI3 +3H2O → Fe(OH)3 + 3HCI

Fe(OH)3 + HCI →FeOCI + 2H2O

Сол сияқты еріткішті алмастыру әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша еріген зат ерітіндіден еріткішті өзгерту арқылы жоғары дисперстік ерімеген фаза түрінде бөлініп алынады.

Тұрақтылығы жоғары коллоидтық ерітінділер алу үшін зольдерді құрамындағы қоспалардан, әсіресе электролиттердің артық мөлшерінен тазарту керек. Оның бірнеше әдістері бар, соның ішінде:


  1. Диализ әдісі коллоидтық ерітінділерді өсімдік, жануар және жасанды мембраналар арқылы өтетін қоспалардан тазарту үшін қолданылады.

  2. Тұрақты электр тоғын пайдаланып диализ әдісін қолдану электрлідиализ деп аталады.

  3. Компенсациялық диализ және вивидиализ әдісі биологиялық сұйықтардың коллоидтық ерітінділеріндегі әр түрлі заттардың концентрациясын анықтау үшін қолданылады. Вивидиализ әдісі қанның құрамындағы заттарды аынқтауға арналған. Компенсациялық вивидиффузияға негізделіп жасалған «жасанды бүйрек» құралын пайдаланып, қанды зат алмасу өнімдерінен тазартуға, яғни ауру бүйректің жұмысын атқаруға болады. Бұл аппарат сулемамен, сульфаниламидты дәрі-дәрмекпен уланғанда, қатты күйгенд, токсикоз кезінде т.б. жағдайларда қолданылады.

  4. Ультрафильтрлеу әдісі бойынша дисперстік фаза дисперсиялық ортадан бөлініп алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет