В. А. Митерев н. С. Реметова



бет108/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Тесттік тапсырма

  1. Ірі дисперстік жүйелердің бөлшектерінің мөлшері ( М ) қандай болады:

  1. 10

  2. 10 - 10

  3. 10 - 10

  4. 10 - 10

  5.  10-7

  1. Микрогетерогенді бөлшектердің мөлшері ( М ) қандай болады?

  1. 10

  2. 10 - 10

  3. 10 - 10

  4. 10 - 10

  5. 10

  1. Сұйық – газ жүйені көрсетіңіз

  1. аэрозольдер

  2. көбіктер

  3. эмульсиялар

  4. суспензиялар

  5. солидозольдер

  1. Дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері қалай аталады:

  1. Дорн конусы

  2. Квинке конусы

  3. Тиндаль конусы

  4. Броун қозғалысы

  5. Рейсс тәжірибесі

  1. Қандай құбылыс дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттеріне жатады?

  1. диффузия

  2. дихроизм

  3. Броундық қозғалыс

  4. осмос

  5. жарықты шағылыстыру

  1. Қандай құбылыс дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттеріне жатады?

  1. диффузия

  2. Броундық қозғалыс

  3. опалесценция

  4. осмос

  5. дұрыс жауабы жоқ

7. Қандай құбылыс дисперстік жүйелердің молекулалы - кинетикалық қасиеттеріне жатады?

  1. электрліфорез

  2. электрліосмос

  3. диффузия

  4. опалесценция

  5. дихроизм

8. Қандай құбылыс дисперстік жүйелердің молекулалы – кинетикалық қасиеттеріне

жатады?


  1. Броундық қозғалыс

  2. опалесценция

  3. дихроизм

  4. Тиндаль конусы

  5. электрліфорез

9. Лиофобты зольдерді алу үшін қандай химиялық әдіс қолданылады?

  1. бейтараптану

  2. этерификация

  3. диссоциация

  4. комплекс түзу

  5. тотығу – тотықсыздану

10. Лиофобты зольдерді алу үшін қандай химиялық әдіс қолданылады?

  1. бейтарептану

  2. диссоциация

  3. комплекс түзу

  4. гилролиз

  5. этерификация

11. Лиофобты зольдерді алу үшін қолданылатын реакцияны көрсетіңіз:

  1. бейтараптану

  2. алмасу

  3. этерификация

  4. диссоциация

  5. иондалу

12. Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы деген не

  1. коллоидтық бөлшектердің аспалы күйде болуы

  2. химиялық реакцияға түсу қабілеті

  3. химиялық реакцияға түспеу

  4. коллоидтық бөлшектердің тұнбаға түсуі

  5. дұрыс жауабы жоқ

    1. Нақты ертінділердегі бөлшектердің мөлшері (М) қандай болады?

  1.  10

  2. 10 - 10

  3. 10 - 10

  4. 10 - 10

  5.  10

22. Коллоидтық жүйелердің коагуляциясы және тұрақтылығы

22.1. Дисперсті жүйенің тұрақтылығы


Колоидты жүйелер дисперсті фаза мен дисперстік орта арасындағы өзара әрекеттесудің әлсіз болатындығымен, тұрақсыздығымен, уақыт өткен сайын өзінің дисперстілігін кемітуге бейімділігімен сипатталады. Коллоидты жүйенің тұрақтылығы химиядағы өзекті мәселелердің бірі. Лиофобты коллоидты жүйенің тұрақтылығы Н. Песковтың пікірі бойынша, дисперсті фаза мен дисперсттік ортаның болуымен қатар, тұрақтандырушы заттың қатысуына да байланысты. Ерітіндіде еріген күйде кездесетін тұрақтылықтың негізгі міндетті бөлшек айналасында сольватты қабат тудыру болып табылады. Ал П. Ребиндердің ойынша ондағы сольваттық қабаттың пайда болуы коллоидты ерітіндінің ұюына механикалық тұрғыдан бөгет жасайды. Коллоидты ерітінділердің сольваттығын арттыратын, яғни оны лиофилдейтін процесс зольдердің тұрақтылығын арттырады. Коллоидты ерітіндінің ұюын тудыратын электролиттің ең аз концентрациясын ұю табалдырығы дейді және ол моль/л өлшенеді. Лиофобты зольдердің тұрақтылығын тәжірибе кезінде алынған мәлеметтерге сәйкес сан жағынан сипаттайтын қатынас физикалық теория негізінде алынады. Бұл теория бойынша коллоидты жүйенің мән-жайы бөлшектердің тартылыс және тебіліс күштерінің қатынасымен анықталады.

Б. Дерягин шәкірттерімен бірге, судағы электролит ерітіндісінің екі жақты жұқа қабатта туындайтын сыналы қысымды тәжірибе кезінде өлшеді. Сондай-ақ, ол шар тәрізді екі бөлшек арасындағы тебіліс энергиясын да есептеп шығарады.

Золь тұрақтылығына едеуір ықпал ететін екінші тектегі күш- бөлшектердің арасындағы өзара тартылыс күші. Олардың табиғаты бейтарап молекулалар арасындағы әсер етуші күштердікіндей. Мұндай күштердің болуын пайдаланып, Ван-дер-Ваальс нақтылы газдар мен сұйықтың қасиеттерін түсіндірді. Молекулааралық күштердің пайда болуы дипольдердің әрекеттесуімен байланысты.

Потенциалды қисықтың абсцисса өсімен бірігуі тез коагуляция құбылысының бастапқы кезеңіне сәйкес болады. Осындағы бөлшектердің әсері қақтығысуы бола алатындай бірден-бір тиімді концентрация мәнін теориялық тұжырымдау тұрғысынан Б. Дерягин мен Л. Ландау қарастырып, келесі теңдеуді ұсынады:



Мұндағы А-тұрақты шама, ол катион зарядының анион зарядына қатынасы мен диэлектрлік сіңіруге тәуелді; k- Больцман тұратысы; е- электрон заряды; Ζ- коагуляциялаушы ионның валенттілігі; С- коагуляциялаушы электролит концентрациясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет