С.Аррениус Электролиттік диссоциация теориясы. 1887 ж.
Қышқылдар - сулы ерітіндіде диссоциациясы кезінде катиондар ретінде тек қана сутегі иондарын бөлетін күрделі заттар.
Негіздер -сулы ерітіндіде диссоциация кезінде аниондар ретінде тек қана гидроксил иондарын бөлетін күрделі заттар
Қышқыл-негізәрекеттесуі келесі реакцияға әкеледі:
H+ + OH- = H2O
Бренстед және Лоури теориясы
Қышқыл – сутек катионын (протонын) беретін молекула немесе ион. Қышқыл – протондар доноры.
Негіз– сутек катионын (протонын) қосып ала алатын молекула немесе ион. Негіз – протондар акцепторы.
Қышқылды-негізді әрекеттесу қайтымды және келесі теңдеумен анықталады:
HA + B ↔ A- + HB+
Процестің тепе-теңдігі жұмсалған қышқыл және негіз, сондай-ақ түзілген негіз және қышқыл күшіне байланысты. Жұптар HA/A-және B/HB+қышқылды-негізді жұптар деп аталады.
Су әлсіз электролитжәне амфотерлі қосылыс:
Н2О ↔ Н+ + ОН-
2Н2О ↔ Н3О+ + ОН-
250С-та:
К(Н2О) = [H+] [OH-] = 10-14
К(Н2О) – судың автопротолиз константасы.
Таза суда: [H+] = [OH-] = 10 -7моль/л - бейтарап орта.
Егер [H+] > [OH-], то [H+] > 10-7моль/л - қышқылдық орта.
[H+] < [OH-], то [H+] < 10-7моль/л - сілтілік (негіздік) орта.
Бірақ теріс дәрежелі сандарды пайдалану қолайсыз. Сондықтан ерітіндінің қышқылдылығын немесе сілтілігін анықтау үшін сутек иондарының концентрациясын сутектік көрсеткіш арқылы белгілейді.
Сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмін сутекті көрсеткіш дейді және оны рН әріптерімен белгілейді.
Сондай-ақ , гидроксил иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмін гидроксилдікөрсеткіш дейді және оны әріптерімен белгілейді:
Достарыңызбен бөлісу: |