В. А. Митерев н. С. Реметова



бет15/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Тесттік тапсырмалар

  1. Судың иондық көбейтіндісін көрсетіңіз

  1. [H+] [OH-] = 10-7

  2. [H+] [OH-]= 10-14

  3. [H+][OH-] = 14

  4. [H+][OH-] = 7

  5. [H+] [OH-] = 0

  1. Ерітінділердің рН қандай формуламен есептейді

  1. pk = -IgK

  2. pH= -Ig[H+]

  3. pOH=-Ig[OH-]

  4. pH=-Ig[OH-]

  5. pOH =-Ig[H+]

  1. Ерітінділердің рОН қандай формуламен есептейді

  1. рК = -Ig K

  2. pH = -Ig[H+]

  3. pOH = -Ig[OH-]

  4. pH = -Ig[OH-]

  5. pOH=-Lg[H+]

  1. рН мәні бойынша сутек иондарының концентрациясын қандай формуламен есептейді

  1. [H+] = 10рОН-14

  2. [H+] = 10-рН

  3. [ОН-] = 10рН-14

  4. [ОН-] = 10-рОН

  5. [H+] = 10-14

  1. рОН мәні бойынша сутек иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады

  1. [H+] = 10рОН-14

  2. [H+] = 10-рОН

  3. [ОН-] = 10рН-14

  4. [ОН-] = 10-рОН

  5. [H+] = 10-14

  1. рН мәні бойынша гидроксил иондарының концентрациясын қандай формуламен есептеуге болады

  1. [H+] = 10рОН-14

  2. [H+] = 10-рН

  3. [ОН-] = 10рН-14

  4. [ОН-] = 10-рОН

  5. [H+] = 10-14

  1. рОН мәні бойынша гидроксил иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады

  1. [H+] = 10рОН-14

  2. [H+] = 10-рН

  3. [ОН-] = 10рН-14

  4. [ОН-] = 10-рОН

  5. [H+] = 10-14

  1. Әлсіз қышқыл ерітінділерінің рН қандай формуламен есептеледі

  1. рН = 1/2 рК -1/2 IgC

  2. pH = 14-1/2 pK + 1/2 IgC

  3. pH = -Igzc(x)

  4. pH = 14 + Igzc(x)

  5. pH = 14 - pOH

  1. Әлсіз негіз ерітінділерінің рН қандай формуламен есептеледі

  1. рН = 1/2 рК -1/2 IgC

  2. pH = 14-1/2 pK + 1/2 IgC

  3. pH = -Igzc(x)

  4. pH = 14 + Igzc(x)

  5. pH = 14 - pOH

  1. Күшті қышқыл ерітінділерінің рН қандай формуламен есептеледі

  1. рН = 1/2 рК -1/2 IgC

  2. pH = 14-1/2 pK + 1/2 IgC

  3. pH = -Igzc(x)

  4. pH = 14 +Igzc(x)

  5. pH = 14 - pOH

  1. Күшті негіз ерітінділерінің рН қандай формуламен есептеледі

  1. рН = 1/2 рК -1/2 IgC

  2. pH = 14-1/2 pK + 1/2 IgC

  3. pH = - Igzc(x)

  4. pH = 14 + Igzc(x)

  5. pH = 14 - pOH

  1. Концентрациясы 0,001 моль/л HCI ерітіндісінің рН анықтаңыз

  1. 9

  2. 7

  3. 5

  4. 3

  5. 1

  1. Концентрациясы 0,05 моль/л H2SO4 ерітіндісінің рН анықтаңыз

  1. 9

  2. 7

  3. 5

  4. 3

  5. 1

  1. Концентрациясы 0,01 NaOH ерітіндісінің рН анықтаңыз

  1. 12

  2. 10

  3. 8

  4. 6

  5. 4

  1. Концентрациясы 0,05 моль/л Ba(OH)2 ерітіндісінің рН анықтаңыз

  1. 13

  2. 11

  3. 9

  4. 7

  5. 2



3. Буферлік жүйелер

Биологиялық сұйықтықтарда ортаның қышқылдылығы маңызды орын алады. Сау адамның артерия қаны плазмасының рН~7,4. Адам организмінде осы сутектік көрсеткіштің 0,2-0,3-ке ғана өзгерісі ауыр науқасқа ұшыратуы мүмкін.

Адамның қан жүйесінде сутектік көрсеткішті реттеп отыратын арнаулы жүйелер бар, соның бірі буферлік жүйе.

Буферлік жүйенің негізгі қасиетінің бірі ортаға қышқылдың, сілтінің қосылуына немесе сұйылтуына қарамастан сутектік көрсеткішті тұрақты етіп отыруы.

Бұл жүйе құрамына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

1.Қышқылдық буферлiк жүйе донор болып есептелетiн әлсiз қышқылдан және акцептордың ролiн атқаратын анионы бар осы қышқылдың тұзынан тұрады.

Ацетатты: CH3COOH/ CH3COONa,

Бикарбонатты: H2CO3/ NaHCO3,

Фосфатты: KH2PO4/ K2HPO4.

2.Негіздікбуферлік жүйе әлсіз негізден (акцептор) және осы негiздiң катионы (донор) бар тұздан тұрады.

NH4OH/ NH4Cl – аммиакты.



3.Амфолиттік буферлiк жүйе әрi донордың, әрi акцептордың ролiн атқаратын амфотерлiк қосылыстан тұрады.

NH2-R–COOН.

Әрбір буферлік жүйе белсенді реакция ортасын анықтаумен сипатталады, анықталатын негізгі буферлік жүйе теңдеуі, K – әлсіз электролит диссоциация константасы, сқ, сн, ст–қышқылдардың, негіздер және тұздардың концентрациялары:



Буферлік ерітіндінің сутектік көрсеткіші Гендерсон - Гассельбахтың теңдеуі арқылы анықталады:





Гендерсон – Гассельбахтеңдеуінен буферлік жүйенің рН тәуелді:



  1. Әлсіз электролит табиғатына, т.е. және оның диссоциация константаларына.

  2. Буферлік жүйелер компоненттерінің концентрацияларға қатынасы.

Буферлік әрекетмеханизмін электрлі диссоциация теориясымен түсіндіруге болады. Кез келген буферлік жүйе әлсіз электролиттен (СН3СООН) және күшті электролиттен- оның тұзынан (СН3СООNa) тұрады. Күшті қышқылды қосқанда буфердің тұзды бөлігімен әрекеттеседі:

CH3COONa + HCl = CH3COOH + NaCl

CH3COO- + H+ = CH3COOH

Күшті қышқылдың әлсізге орынбасуы. Сілті қосқанда буфердің екінші компонентіне әсер етеді:

CH3COOH + NaOH=CH3COONa + H2O

CH3COOH + NaOH = CH3COO- + H2O

Буферлік жүйенің қабілеттілігі рН деңгейін белгілі бір деңгейгедейін ұстауы болып табылады. Буферлік ерітінділердің рН алу қосылатын күшті қышқыл санына және негіздер мен оның концентрацияларының компоненттерінің өзгеруіне байланысты. Буферлік жүйелердің қабілеттілігі рН өзгерісіне кері әрекеті буферлік сыйымдылықпен анықталады.

Буферлік сыйымдылық буферлік жүйелердің маңызды сипаттамасы болып есептеледі. Ортаның реакциясын ығыстыруға қарсы жасайтын буферлік жүйенің әсері буферлік сиымдылық деп аталады. Буферлік сыйымдылық 1л буферлік ерітіндіге оның рН-ын 1-ге өзгерту үшін қосылатын күшті қышқылдың немесе сілтінің 1 моль эквивалент мөлшерімен өлшенеді.

Қышқылдық және сілтілік буферлік сиымдылықтар болады.

Мұндағы, - күшті қышқыл немесе негіз концентрациясы мен көлемі, өзгерісі, буферлі ерітіндінің көлемі:

Буферлік сиымдылық буферлік жүйедегі компоненттердің концентрацияларының абсолюттік шамасына тәуелді болады, Компоненттердің концентрациялары неғұрлым жоғары болса,қышқыл немесе сілті қосқанда рН өзгерісі соғұрлым аз болады. Буферлік жүйедегі компоненттердің қатынасы 1-ге тең болғанда,буферлік сиымдылық ең жоғарғы шегіне жетеді. Буферлік сиымдылық ерітіндіні сұйылтқанда төмендейді,себебі ол компоненттердің концентрациясына тәуелді болады , ерітінділер (қышқылды буферлік жүйе үшін) және

(негіз үшін).

Буферлік жүйеде компоненттер қатынасы анағұрлым тұрақты. Буферлік сиымдылық келесі факторлармен анықталады:



  1. Табиғи буферлік жүйелер.

  2. Компоненттер концентрацияларының қатынасы.

  3. Компоненттердің қатынасы.

Ағзадағы зат алмасу процесінде көп мөлшерде қышқылдық өнім түзіледі–адамда суткасына 20-30 моль күшті қышқыл. Ағзаның әр түрлі нүктесінде рН өзгермейді. Изогидрия мүшелеріжәнеағза тканьдері қышқылдығын-негізділігін тұрақты ұстап тұратын негізгі үш жұмысты ұстап тұрады.

  1. Ағзадағы буферлік жүйеге буферлі әсер.

  2. Тынысалу мүшелерінің жұмысы.

  3. Бөлінген жүйенің жұмысы.

Бикарбонаттық буферлік жүйе қан плазмасының негізгі жүйесі болып есептеледі. Бұл жүйе әлсіз көмір қышқылынан (К=3,3 10-7) және натрий бикарбонатынан тұрады. Олардың молекулалары қанның плазмасынында болады. Н2СО3 әлсіз қышқыл, сондықтан нашар диссоциациаланады, яғни бос күйінде ортаның қышқылдылығын анықтайтын Н+ ионын өзінен бөліп жібермейді.

- протонның доноры

- протонның акцепторы
Қышқыл заттар көп мөлшерде қанға бөлінгенде, сутегі иондары гидрокарбонат ионымен әрекеттесіп, Na+ және Н+ иондары алмасып, әлсіз көмір қышқылын түзеді:

Н+ + НСО3- = Н2СО3

Көмір қышқылының артық мөлшері карбоангидраза (КА) ферментінің әсерінен ыдырайды :

Н2СО3КА СО2 + Н2О ( t= 37oC)

CO2 гипервентилляция нәтижесінде өкпе арқылы сыртқа шығады.

Егер, қандағы ОН- -иондардың концентрациясы жоғарыласа, олар әлсіз көмір қышқылымен әрекеттеседі:

ОН- + Н2СО3 = НСО3- + Н2О

Оксигемоглобин - гемоглобин жүйесі қанның буферлік сыйымдылығының 75%-ін құрайды, ол гемоглобин ионы (Нb-) мен гемоглобиннің (ННb) арасындағы тепе-теңдікпен сипатталады.

HHb-донор Hb - акцептор

Hb- + H+ = HHb

HHb + OH- = Hb- + H2O

Сол сиякты бұл жүйе оксигемоглобин -ионы (НbО2-) мен оксигемоглобиннің (ННbО2) арасындағы байланыс мына теңдеумен көрсетіледі:

ННbО2 - протонның доноры

HbО2- - протонның акцепторы

HbО2- + Н+ = ННbО2

ННbО2 + ОН- = HbО2- + H2O

Екі тепе-теңдіктің арасындағы байланыс мыны теңдеумен көрсетіледі

HHb + О2 = ННbО2

Фосфаттық буферлік жүйе клеткаішілік және тканьдік негізгі жүйе болып есептеледі.Бүйректе жүретін физиологиялық процестерде маңызды роль атқарады.Бұл жүйе 2 тұздан тұрады :


- протонның доноры

-протонның акцепторы

Н2РО4- = Н+ + НРО42-

рН = 7,4 болғанда,

Тканьдік метаболизмнің қышқыл туындалары гидрофосфатпен нейтралданады : НРО42- + Н+= Н2РО4-



ОН- + Н2РО4-= НРО42- + Н2О

Түзілген өнімдер бүйректе жиналып, несеппен сыртқа шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет