7.2. Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі
Титриметриялық анализ кезінде химиялық реакция типіне қарай үш топқа бөлінеді:
иондар қосылу реакциясына негізделген әдістер;
Тотығу-тотықсыздану реакциясына негізделген әдістер;
Комплекс түзу реакциясына негізделген әдістер.
Бірінші топқа қышқыл-негіз және тұндыру арқылы тирлеу әдістері, екінші топқа тотығу-тотықсыздану титрлеуі, үшінші топқа комплексометрия титрлеуі жатады.
1. Қышқыл-негіз титрлеу әдісі (бейтараптау) қышқыл мен негіз әрекеттесуіне, яғни бейтараптау реакциясына негізделген:
NaOH + HCI = NaCI + H2O
OH- + H+ = H2O
Бұл әдіс арқылы ерітіндідегі қышқыл мен негіз мөлшерін ғана емес, суда ерігенде гидролизге ұшырайтын тұздар мөлшерін де анықтауға болады.
Егер анықтау кезінде титрант ретінде қышқыл ерітінділері пайдаланылып, негіздердің не тұздардың мөлшері анықталатын болса ацидиметрия деп аталады. Ал егер анализ кезінде қышқыл не тұз мөлшері анықталып, титрант ретінде сілті қолданылса, алкалиметрия деп аталады.
Қышқыл-негіз титрлеуі кезінде эквивалент нүктесі индикаторлар (лакмус, метил күлгін, метил қызыл, фенолфталеин) көмегімен табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |