2-мысал. Концентрленген тұз қышқылының марганец (ІV) оксидімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін шығару керек (зертхана жағдайында реакция арқылы хлор алынады)
Реакцияның бастапқы және соңғы заттарының формулаларын жазамыз
Реакцияға дейінгі және одан кейінгі атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеруін көрсетеміз;
Бұл тотығу – тотықсыздану реакциясы, себебі марганец пен хлор атомдарының тотығу дәрежесі өзгереді. НСІ - тотықсыздандырғыш. МпО2 - тотықтырғыш. Электрондық теңдеуді жазамыз.
2СІ- – 2е= СІ20
Мn+4 + 2е =Мn+2
және тотықтырғыш пен тотықсыздадырғыш коэффициенттерін табамыз.
Олар 2 және 1- ге тең. Коэффициент 2 (бір болмайды) қойылады, себебі тотығу дәрежесі 1-ге тең хлордың екі атомы 2 электронды береді. Бұл коэффициент электрондық теңдеуде келтірілген;
Басқа әрекеттесуші заттар үшін коэффициенттерді табамыз. Электрондық теңдеуден НСІ-дың екі молекуласынан МпО2-нің бір молекуласы келетіндігі көрініп тұр. Бірақта, түзілетін екі зарядты марганец ионын қосып алу үшін тағы да қышқылдың екі молекуласы керек екендігін еске ала отырып, тотықсыздандырғыштың алдына 4 деген коэффициент қою керек. Нәтежесінде 2 молекула су алынады. Теңдеудің соңғы түрі;
болады.
Теңдеудің дұрыс жазылғандығын тексеру үшін кез-келген бір элементтің атомының санын есептеуге болады, мысалы хлордың сол жақта 4, ал оң жақта 2+2=4 атомы бар. Электрондық баланс әдісінде реакция теңдеуі молекулалық түрде берілетіндіктен, оларды дұрыс құрастырып және тексеріп барып иондық теңдеуді жазу керек. Құрылған теңдеуді иондық түрде қайта жазамыз.
4Н+ + 4СІ- +МпО2 = СІ2 +Мп2+ +2СІ-+2Н2О
Теңдеудің екі жағындағы бірдей иондары қысқартқаннан кейін (бұл хлор ионы) теңдеуін аламыз.
4Н+ +2СІ- +МпО2 =СІ2 +Мп2++2Н2О
3-мысал. Қышқыл ортада калий перманганатының ерітіндісімен күкртсутектің әрекеттесу реакциясының теңдеуін құрастыру. Алдымен реакция схемасын - бастапқы және алынған заттардың формулаларын жазамыз;
H2S +KМnO4 + H2SO4→S +MnSO4 + K2SO4 +H2O
Одан кейін реакцияға дейінгі және одан кейінгі атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеруін анықтаймыз:
+ + Н2SO4→S0 + + K2SO4 + H2O
Марганец пен күкірттің тотығу дәрежесі өзгереді (Н2S- тотықсыздандырғыш КMnО4 –тотықтырғыш).
Әрқарай электрондық теңдеуді құрамыз, яғни электронды беру немесе қосып алу процесін көрсетеміз,
-2e= S0
|
5
|
Мп+7 +5е= Мп+2
|
2
|
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың алдындағы коэффиценттерді, ал одан кейін басқа әрекеттесуші заттардың коэффиценттерін табамыз.
Электрондық теңдеуден H2S-тің 5молін және КMnО4-тің 2 молін алғанда күкірт атомдарының 5 молімен МnSO4 -тің 2 молін алатындығы көрініп тұр. Теңдеудің оң және сол жағындағы атомдар санын салыстыра отырып, K2SO4–тің бір молімен судың 8 молі түзілетіндігін табамыз.
Реакция теңдеуінің соңғы түрі;
5H2S +2KМпO4 +3H2SO4 = 5S + 2МпSO4 +K2SO4 +8Н2O
Теңдеудің дұрыс жазылғандығын оттегі атомын санау арқылы тексереді, сол жақта 2 * 4 +3* 4=20, ал оң жақта 2* 4+ 4 + 8 = 20
Теңдеуді иондық түрде қайта жазамыз;
5Н2S + 2МпО4 +6Н= 5S +2Мп +8Н2О
Дұрыс жазылған реакция теңдеуі, заттың массалық сақталу заңының орындалуын көрсетеді. Сондықтан, бастапқы заттармен реация өнімдеріндегі бірдей атомдардың саны тең болу керек. Зарядтарыда сақталу керек. Бастапқы заттардың зарядттарының қосындысы реакция өнімдерінің зарядтарының қосындысына тең болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |