В. А. Митерев н. С. Реметова



бет85/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

17. Потенциометрия

Зерттелетін ерітіндінің рН потенциометриялық әдіспен анықталады.Потенциометриялық әдіс гальваникалық элементтің ЭҚК өлшеуге негізделген. Гальваникалық элемент өзара сыртқы өткізгіш арқылы жалғасқан екі металл пластинкасы енгізген және өзара жанасатын екі электролит ерітіндісінен тұрады. Электр тоғын беретінгальваникалық элемент теңсіздік күйінде болады. Ондағы тоқ күші азайған сайын, екі электрод арасындағы потенциал айырмасы артады. Гальваникалық элемент қайтымды жұмыс істеген кезде алынатын барынша үлкен потенциал айырмасы осы элементтің ЭҚК деп аталады.

Бетінде тотықсыздану процесі жүретін электрод-катод (К), ал тотығу процесі жүретін электрод (А) деп аталады.

Схема түрінде екі фазаның беткі шекарасы, мысалы мырыш және күміс пластинкасы мен оларға сәйкес ерітінділерді тік сызықпен шектеледі. Сондай-ақ бұл сызық осы арада потенциал айырымы пайда болатынын, яғни ЭҚК –тің туындайтынын көрсетеді. Ал екі ерітінді арасы екі тік параллель сызықпен бөлініп көрсетіледі. Мысалы:

Zn + 2AgNO3 = Zn(NO3)2 + 2Ag

Келесі түрде көрсетіледі.

Zn | Zn(NO3)2 || AgNO3 | Ag

Бұл схема иондық түрде де көрсетіледі:

Zn | Zn2+ || Ag+ | Ag

Анодта мырыш тотығады

Zn = Zn2 + 2e-

Иондар түрінде ерітіндіге өтеді, ал катодта күміс тотықсызданады Ag++ e- = Ag

Металл түрінде электродтің бетінде жиналады.

Zn + 2Аg+ = Zn2+ + 2Ag

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру мүмкіндігін анықтау үшін реакцияның электр қозғаушы күшін (Е) есептеу керек.

Егер реакцияның электр қозғаушы күші Е>0 болса, реакция жүреді, себебі осы жағдайда мына формула



бойынша болады.



Электродтық потенциалдың мәні үш факторға тәуелді:

а) электродтың табиғатына; ә) температураға;

б) концентрацияға.

Осы тәуелділік Нернст формуласы арқылы өрнектеледі:

Немесе



мұндағы - электродтық потенциал;



- стандартты электродтық потенциал ( );

С – 1 моль/л;

n –үрдіске қатысатын электрон саны;

C – концентрация

Мысалы: концентрлі гальвани элементінің электр қозғаушы күшін анықтасақ

A(-) CuSO4 (0,01M)// CuSO4(0,1M)/Cu (+) K

Шешуі:





моль/л моль/л

моль/л моль/л

n=2


=0,34+0.059/2lg10-2=0,34-0,059=0,281B

=0,34+0,059/2lg10-1=0,34-0,029=0,311B

E=0,311-0,281=0,03B



болғандықтан оң жақтағы электрод катод, ал сол жақтағы – анод болады, электрон солдан оңға қарай қозғалады (немесе ток бағыты солдан оңға қарай болады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет