В ближайшее полвека стоимость передачи информации не будет зависеть от расстояний



бет85/92
Дата27.01.2024
өлшемі4.95 Mb.
#489985
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
treatise177480

Cisco бұлтты басқарудың сымсыз қатынау нүктелері . Әртүрлі сымсыз желілер үшін түрлі үлгілер бар.

  • Meraki (MCC) бұлтты контроллері. MCC контроллері Meraki сымсыз дербес желісі жүйесі үшін орталықтан басқару, оңтайландыру және мониторнинг функцияларын ұсынады.MCC — бұл сымсыз қатынау нүктелерін басқару үшін алуға және құруға қажет құрылғы емес. MCC, шындығында, желісі жұмысы туралы есеп мониторингін, оңтайландыруды және құруды тұрақты орындайтын бұлтты сервис.

  • Басқарудың Веб-панелі. Meraki Dashboard басқарудың веб-панелі қашықталған баптау мен диагностиканы орындайды.

    Cisco Unified сымсыз желі архитектурасын бірыңғайлау
    Жекелеген МАС-адресін пайдаланатын Cisco Unified сымсыз желі архитектурасы үшін шешім WLAN (WLC) контроллерлер көмегі арқылы қатынау нүктелерін бақылауды және оснымен бірге Cisco Wireless Control Systems (WCS) сымсыз желісі бақылау жүйесі арқылы басқаруды іске асырады. Қатынаудың «Жеңіл» нүктелері WLAN контроллерімен деректерді алмасуды іске асырады, ол үшін Lightweight Access Control Point Protocol (LWAPP) хаттамасы қолданылады. Контроллер деректермен алмасу үшін қажетті барлық жоғарыкласты функцияларды қамтиды, ал қатынау нүктесі тек пакетті өңдейтін «саңылау» терминалы болып табылады.
    Cisco Unified сымсыз желі архитектурасы келесі құрылғылардың болуын талап етеді:

    • «Жеңіл» қатынау нүктелері. Cisco Aironet 1600, 2600 және 3600 моделдерінің сымсыз қатынау нүктелері тораптар үшін сенімді желілік қатынауды қамтамасыз етеді.

    • Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін контроллерлер. 2500 сериялы Cisco сымсыз контроллерлері, Cisco сымсыз желі ауқымды контроллерлері немесе Cisco ISR G2 үшін Cisco сымсыз желі контроллерлері моделі деректерді сымсыз тарату мақсатында шағын немесе орта бизнес кәсіпорындары үшін базалық деңгейдің WLAN ұжымдық желісі жаймалау мүмкіндігін ұсынады.

    Сондай-ақ, үлкен өнімділік мүмкіндіктері бар WLAN желісінің басқа контроллері де қол жетімді. Мысалы, Cisco 5760 сымсыз желі контроллерлері және 8500 сериялы Cisco контроллерлері сымсыз желілердің масштабталатын өнімділігін оңтайландыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқаруды үнемдеу үшін әзірленген (мысалы, ғимараттар кешенінде ірі жаймалаумен байланыс оператор желілері).
    Деректерді сымсыз тарату антеннасы
    Ұжымдық класта қатынау нүктелерінің көпшілігінің толық жұмысы үшін сырт антенналарды пайдалану талап етіледі. Cisco корпорациясы 802.11 қатынау нүктелерімен пайдалану үшін анрайы антенналар әзірледі. Бұл антенналар физикалық орналасумен, қашықтық пен эстетикалық талғамдармен қоса, жаймалаудың өзіндік ерекшеліктеріне бейімделуге қабілетті.
    Cisco Aironet қатынау нүктелерін келесілер пайдалана алады:

    • Wi-Fi барлық бағытты антеннасы. Wi-Fi зауыттық модулі көбіне базалық дипольды базалық антенналарды пайдаланады, бұлар шағын рацияларда пайдаланатындарға ұқсас икемді қадалықты жылжымалы антенналар деп аталады. Барлық бағытты антенналар 360 градус аумақты қамтамасыз етеді және ашық алаңдарға, вестибюльдерге, конференц-залдарға және сыртқы алаңдарға өте ыңғайлы.

    • Wi-Fi бағытталған антенналары. Бағытталған антенналар радио сигналды берілген бағытта фокустайды. Сөйтіп, қатынау нүктесінде сигнал жақсарады және антенна бағытталған бағытқа да жақсы жетеді, бұл бір бағытта үлкен және барлық басқа бағытта кіші сигнал қуатын қамтамасыз етеді.

    • «Толқынды арна» (Yagi) типті антенналары – бұл алыс әрекетті Wi-Fi желісін құру үшін қолдануға болатын әрекетке бағытталған радиоантенналар. Әдетте, бұл антенналар қосымша құрылысқа қатынауды қамтамасыз ету үшін немесе ғимараттан тыс белгілі бағытта «ыстық нүктелер» диапазонын кеңейту үшін пайдаланылады.

    Қатынаудың өту қабілетін арттыру үшін IEEE 802.11n/ac/ad МІМО технологиясын пайдаланады. Жеке алғанда MIMO технологиясын деректердің үлкен көлемін тарату үшін бірнеше антенналарда пайдаланады, бұл бір антеннаны пайдалану үшін жағдай ажсайды. Өту қабілетін ұлғайту үшін төрт антеннаға дейін пайдалануға болады.

    Ескерту. Сымсыз маршрутизаторлардың барлығы бірдей емес. Мысалы, бастапқы деңгейдегі 802.11n маршрутизаторы бір модульді Wi-Fi желісін және құрылғыға жалғанған бір антеннаны қолдана отырып, 150 Мбит/с өту қабілетін қолдайды. 802.11n маршрутизаторына деректерді таратудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету үшін көп радио модульдер және деректерді тарату арналарының үлкен санын паралельді басқару үшін көп антенналар талап етіледі. Мысалы, 802.11n маршрутизаторында екі радиомодуль мен екі антенна 300 Мбит/с дейінгі деректерді тарату жылдамдығын қолдайды, ал 450 және 600 Мбит/с жылдамдықты қамтамасыз ету үшін үш және төрт радиомодуль мен сәйкесті антенналар талап етіледі.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет