В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


Батырлар – Отанымыз дың  қорғаны. Билер – Ұлы  Даланың даналары қазақ батырлары  мен билері туралы  білетін боласың



Pdf көрінісі
бет36/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Дүниетану

64
БатырларОтанымыз дың 
қорғаны. Билер – Ұлы 
Даланың даналары
қазақ батырлары 
мен билері туралы 
білетін боласың. 
батырлардың қару-жарағын сипаттауды, ба-
тырлардың өмірін дегі оқиғаларды салыстыру-
ды, жалпы батырлардың бойындағы ерекше 
қасиеттерді таба білуді  үйренесің.
батыр
батыр 
batyr
защита Отечества
defence of homeland
Отанды қорғау
Сен
Сен
сабақ

Батырлардың қалай қаруланғанын сипатта. Бұлай қарулану-


дың бас ты себебі неде?
Көшпелілер ержүрек, батыр жа-
уынгер халық болды. Ел қорғаудағы 
асқан батырлығы, әскери жорықтағы 
ерлігіне сай халық батыр атады. 
ХVііі ғасырда Қазақ хандығына 
жоңғарлар шабуыл жасады. Жау қа-
зақтың кең-байтақ даласына көз тік-
ті. Олар қазақтың жерін басып алып
халқын құлдықта ұстағысы келді. 
Осындай сын сағатта қазақтың ер-
жүрек батырлары өз Отаны мен елін 
қорғау үшін жанкештілікпен күресті. 
Жауынгерлерді Бөгенбай, Қабанбай, 
наурызбай сияқты батыр лар баста-
ды. Мұндай ауыр шайқастарда қа-
зақтар жауды елден аластап, өз жер-
лерін қорғап қалды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


65
Мәтінді оқып шық. үш батырдың бойынан қандай ортақ қасиеттерді 
байқадың? Олардың бойындағы батырлық белгілерін сипаттап бер?
Сол заманның батырлары мен билерін қандай сөздермен 
дәріптеп сипаттауға болады? не себепті?
Ержүрек, күшті, дана, қаһарман, әділетті, батыл, 
шешен, парасатты.
Әртүрлі дереккөзден (интернет желісінен, қосымша 
әдебиеттерден) өз жеріңнен шыққан батырлардың есімін 
анықта. Олар туралы шағын әңгіме құрастыр.
Қазақтың атақты дана билері – Төле би, Қазыбек 
би, Әйтеке би. Олар «Жеті жарғы» заңын құрастыруға 
қатысып, елде әділ билік жүргізді. Жоңғарлармен 
соғыста билер халықты бірлікке шақырды. 
Қазақтың үш жүзі өзара ынтымағының арқасында 
жоңғарлармен шайқаста жеңіске жетті. Ұлы үш бидің 
есімдері тарихта қалды.
Қазақтардың тарихында билер де маңызды рөл атқарды. Би «халық 
сайлаған сот» мағынасын береді.
Билер даулы істерді шешіп, халықты бірлікке шақырып 
отырған. Кез келген адам би бола ала ма? Олардың бойында 
қандай қасиеттер жоғары болуы керек?
Бөгенбай – қазақтың қаһарман ержүрек батыры, 13 
жасынан жаумен шайқасты. Жүзден астам шайқасқа 
қатысып, жеңіске жеткен.
Қабанбай – атақты қолбасы. Жүзден астам шайқасқа 
қатысып, жекпе-жекте жеңіске жеткен. Абылай хан 
батырға «Дарабоз» есімін берген.
наурызбай – қазақ-жоңғар соғысының батыры. 
10 мыңдай әскерді басқарған. Бөгенбай сияқты 
Абылай ханның үш туын ұстайтын батырларының 
бірі болған. 
Салыстырып үйрен
5–3427
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет