В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Дүниетану

әр алУан ТаПСырмалар
1. Досыңмен бірге ой бөліс: Әрқайсыларыңның отбасыла-
рыңда кім нені жақсы көреді? Сен анаң мен әкеңнің туған күн-
деріне не сыйлар едің? не үшін ондай сыйлықты таңдағаныңды 
түсіндір. 
2. Сендер сыныпқа өзге планета өкілі келді деп қиялдап 
көріңдер. Ол этикет, әдеп жайлы ештеңе білмейді. Оған өзін 
қалай ұстау керектігін кезектесіп түсіндіріңдер: 
– қонақта;
– көшеде;
– көлікте;
– қоғамдық орында.
3. Ертеде адамдар табиғат күштерінен Күннен, жаңбыр-
дан т.б. көмек тілейтін болған. Көптеген халықтарда осыған 
байланысты мерекелер сақталған. наурыз – көктем мере-
кесі, оның мағынасы «жаңа күн» дегенді білдіреді. наурыздың
22-сінде күн мен түн теңеледі. Көп халықтарда жылдың басы 
ретінде тойланады.
4. Ақшаны үнемді және орынды жұмсау – бұл үйренуді 
қажет ететін шеберлік. Оған үйренуді өзің жұмсаған қаражатты 
жазып жүруден бастаған жөн. Сен отбасылық бюджеттен қанша 
ақша жұмсайтыныңды есепте. Барлық шығыстар орынды ма? 
Ойланып көр. Сатып алған заттарыңның ішінде қайсысы тым 
қажет емес еді? 
88
Пікір алмаСайыҚ!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


89
1. Жыл бойғы табиғат жағдайының жүйелі ауысуы неге 
байланысты?
А) климатқа байланысты;
Ә) климаттық белдеуге байланысты; 
Б) ауа райына байланысты. 
2. Геологиялық катаклизмдерге мыналар жатады:
А) сел, дауыл, цунами;
Ә) жер сілкінісі, жанартау атқылауы, жердің жарылуы;
Б) көшкін, өрт, тасқын. 
3. Егер өз шығысыңды реттесең, ақшаны аз жұмсайсың. Бұл:
А) ақша үнемдеу;
Ә) шығысты жоспарлау
Б) шығыстың тиімділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет