В. М. Сухомлинский І. Кіріспе Елімізде үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Өзбекстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуд



бет3/11
Дата01.09.2022
өлшемі64.6 Kb.
#460126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
дип жум интеллек

Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады.
Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Қазіргі заманда математика бағдарламасында да үлкен өзгерістер бар, мысалы жаңа оқулықтардың мектеп бағдарламасына енгізілуі осыған дәлел. Сондықтан мектепте математика мұғалімдерінің тек оқыту, білім беру негізгі мақсаты болмай, оқушылардың осы пәнге деген ой өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру, математикаға бейімді балалардың санын көбейту жұмыстарымен шұғылдану қажет болып тұр. Бұл үшін, әрине (үйірме, факультатив) сыныптан тыс жұмыстар жүргізілуі керек. Әрбір сыныпта математикаға қызығатын оқушылар аз емес. Олар осы пәннің тарихын, алғашқы сандардың қалай пайда болуын, қалай аталуын үйреніп, ойындар, қызықты да күрделі есептер әлеміне саяхат жасап олармен танысқысы келеді.
Бүгінгі мектептерінің алдында тұрған басты міндет – оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту. 
Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз “сана берсін!” деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы керек. 
Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.
Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.Халықтық педагогиканың мате ма тика пәнінің есептері мынандай түрлерге бөлінеді:
- мақал-мәтелдер; 
- жұмбақтар; 
- ойлан тап отауы; 
- халық есептері; 
- ертегі есептер; 
- санамақтар; 
- жаңылтпаштар
- матемаикалық сиқырлар; 
- тоғыз құмалақ ойыны; 

Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді. 


Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары қорытындыланады.Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады.Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.Халықтық дәстүрлі ойындар: 
Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.
Ақсүйек ойыны”.Оқулықпен жұмыс жасауға.“Ақ серек, көк серек ойыны”.Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.
Қазақша күрес ойыны”. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.
Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.
Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек.Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек.Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді.Ал біз ойын ретінде білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
Қыз қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
Арқан тарту”. Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс. Осы ойынды физика пәнінде 9 - сыныпта «Импульстің сақталу заңы» тақырыбында төмендегі есепті қарастыруға болады.
Массасы 20 г асық 0,5 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, 9 г тыныш тұрған асыққа соқтығысады. Соқтығысқаннан кейін бірінші асықтың жылдамдығы 0,2 м/с-қа өзгереді. Екінші асық қандай жылдамдықпен қозғала келеді?
Берілгені: Шешуі:
m1 = 20 г = 0,002 кг m1v0 + m2u0 = m1v + m2u 
v0 = 0,5 м/с m2u0 = 0
m2 = 9 г= 0,009 кг m1v0 + 0 = mv10+ m2u
v = 0,2 м/с m1v0 - m1v = m2u
v0 = 0 u = m1 (v0 -v)/m2
Т/к: u-?
Есетелуі:
u = 0,002 кг * (0,5 м/с – 0,2 м/с)/0,009 кг = 0,67 м/с
Оқушылардың ұлттық ойынға қызығу қабілетін дамыту мақсатында сабақта оларға физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөзік қорын молайтуға, өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді. Осындай ойындар ұйымдастыру үшін мынандай әдістемелік нұсқауларға көңіл аудару керектігін ескерейік.
Мысалы: «Квадрат теңдеу» тақырыбында “Зерде” ойынында мақал-мәтелдер, даналық сөздер жұргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек. 
1. х2-11х+10=0/ х1=1; х2=10 => «Бір тал кессең, (он тал ек)». 

2. х2-8х+7=0/ х1=1; х2=7 => Жеті рет өлшеп (бр рет кес).


3. х2-9х+8=0/ х1=1; х2=8 => Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы). 


4. х2-70х+1200=0/ х1=7; х2=7 => Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)


5. х2-14х+49=0/ х1=30; х2=40 => Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю. 


6. х2-10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4 => Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу


түгел болса, төбедегі жетеді). 

7. х2-1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000 Білімді мыңды жығады (білекті


бірді жығады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет