В подземных горных выработках



бет2/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#141815
1   2   3   4

Құрылымдық шешімдер
2.20 Панаға лайықталған қазбалары, сондай-ақ сыртқы құтқару шығаберістері оларға сейсмикалық жарылыс толқыны мен тау қысымынан статикалық жүктеменің бірлескен әсері кезінде берік болуға тиіс. Қажеттілігіне қарай қазбаларын қосымша бекіту керек.

Қабаты айқын білінетін жыныста қазылған, бекітілмеген қазбаларын, сондай-ақ бұрғылау-жару тәсілімен қазылған, бекітілмеген қазбаларын пана ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

Радиацияға қарсы тасаға лайықталған қазбалары тау қысымының әсеріне берік болуға тиіс.

2.21 Панадан сыртқа шығатын құтқару шығаберісі ретінде пайдалануды қарастырған оқпандардағы (шурфтардағы) баспалдақ бөлімдері құрылымдарының соққы толқынның кіруі әсеріне беріктігін тексеру керек және қажет болса - күшейту керек.

Баспалдақ бөлімдері шахта үстіндегі күрделі ғимараттың қабырғаларына (5 м-ге дейін) жақын орналасқан жағдайда баспалдақтар мен сөрелер қабырғалар қоршауының сынықтарынан бүлінуінен қорғаушы аражабындарын, сондай-ақ соққы толқын кіруі әсеріне есептелген арқалықтар орнату жолымен қорғалуға тиіс.

2.22 Панаға кіреберісте және оған жанасатын қазбаларында орнатылған маңдайшалар мен есіктер құрылымдары 1000 МПа-дан (100 кгк/см2) кем емес аэродинамикалық кедергіні қамтамасыз етуі тиіс.

2.23 Ауа қысымының тіреуі талап етілетін тамбур-шлюздер мен тамбурлардағы сыртқы маңдайшалар құрылысында бітелетін бос жерді тығындауды қолданып, ал нашар жарықшақтанған жыныстарда, бұдан басқа, маңдайшалардың жазықтығындағы тереңдігі 2 м және қатты жарықшақтанған жыныстарда 4 м дейін тығындауды қарастыру керек.

Маңдайшаларға арналған қазба қуысы, қағида бойынша, механикалық тәсілмен өңделу керек. Бұрғылау-жару жұмыстарына қажеттілік болғанда зарядтардың қуатын барынша шектеу керек.

2.24 Үнемі деформацияланатын (қабаруын) жыныстарда өткен қазбаларында паналарды орналастыру кезінде маңдайшалар мен есіктерді тау қысымынан қорғау шараларын қарастыру керек (маңдайшалардың көтергіш қабілетін күшейту, тюбингті тіреуішке сүйенген маңдайша, икемді элементтер, кері күмбез орнату және нақты жағдайларды есепке алған басқа да шаралар).

2.25 Ауа қысымының сақталуы талап етілетін тамбур-шлюздердің және тамбурлардың тұтас құйма тіреулерінде бекітілген кеңістікте ауа қысымының сақталуын қамтамасыз етуге арналған қазбаның контуры бойынша ені 0,5 м ашық жерлер қалдыруды қарастыру керек. Тұтас құйма тіреуіштердің үзіліс учаскелерінде, қажет болғанда рамалы металл немесе темірбетон тіреуіштер орнату керек.

2.26 Радиацияға қарсы тасаларда тасаланушыларды орналастыратын орындар кем дегенде 10м тең сырттан кіретін кіреберістерден алыстау болуын қарастыру керек (S - қазбаның сыртына шығатын көлденең қиманың ауданы, м2).

Аз бүлінуі мүмкін аймақтардағы желдеткіш жабдықтар соққы жолының кіру қысымына есептелуі тиіс, оның бетіндегі шамасын «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес алу керек.

Радиацияға қарсы тасаларда, соның ішінде аз бүлінуі мүмкін аймақтарда тасаланушыларды қорғау үшін арнайы радиацияға қарсы және соққыға қарсы құрылғылар қарастырылмайды.
3 ҚАЗБАЛАРДЫҢ ҚОРҒАУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЕСЕБІ
Негізгі есептік ережелер
3.1 Қорғаушы құрылымдар (маңдайшалар, есіктер, терезе қақпалары, кеңейткіш камералар) соққы толқынының кіру әсерінен түсетін жүктерге есептелуі керек. Маңдайшалар, бұдан басқа, тау қысымынан түсетін жүктемеге де есептелуі тиіс.

3.2 Қорғаушы құрылымдар есебін бірінші топтың шекті күйі бойынша жүргізу керек.

Қорғаушы маңдайшалардың құрылымдары серпінді-созымды деформациясы ескеріліп есептелуі керек; қорғаушы-герметикалық және герметикалық маңдайшалар мен есіктер, сондай-ақ терезе қақпақтары мен кеңейткіш камералар серпінділік сатысында есептелуі керек.

Эквивалентті статикалық жүктемелерге артық салмақ коэффиценті бірге тең етіп алу керек, ал қалған жүктемелерге "Жерасты кен қазбалары" ҚНжЕ талаптарына сәйкес артық салмақ коэффициенті мыналарға тең етіп алынады:

- 1.4, 5 -т. 3.21 формуласына сәйкес;

- 1.3, 6-т. 3.22 формуласына сәйкес;

- 1.3, 9 -т. 3.24 формуласына сәйкес;

- 1.1, 15,15-т.т. 3.33 формуласына сәйкес;

3.3 Қорғаушы құрылым элементтерінің ішкі күштерін (иіліс моменттерін, бойлық және көлденең күштерді) құрылыс механикасының ережелері бойынша анықтау керек.

3.4 Қорғау имаратына лайықталған, бекітілмеген қазбаларының тұрақтылық есебін бірінші топтың шекті күйі бойынша орындау керек.

Бұл қазбаларында тұрақтылық есебіне мынадай құрылымдық элементтер жатады:

- ұзын (созылған) қазбалары контурындағы жыныстар;

- камералы қазбалардағы төбелер;

- камерааралық кентіректері.

Бірінші кезеңде паналардағы бекітілген қазбаларын бекітілмеген деп есептеу керек. Осы қазбалардың контурларындағы жыныстар тұрақты болмаған жағдайда, жыныстың құлап түсуі әсерінен болатын жүктемеге тіреуіштің тұрақтылығын есептеу жүргізіледі. Жыныспен тығыз байланыстырылған (қоса бетондалған) тіреуіштерді бұдан басқа, сейсмикалық толқын әсерінің жүктемесіне есептеу керек.

3.5 Тіреуіштегі тау қысымынан түсетін күш пен статикалық жүктемені осы нормалардың 3.2-т. талаптарына сәйкес анықтау керек. Тіреуіштегі сейсмикалық жарылыс толқын әсерінің ішкі күштерін анықтау әдістемесі 7-қосымшада келтірілген.

3.6 Қорғаушы құрылымдар мен тіреуіштерді есептегенде материалдардың есептік динамикалық кедергілерін “Азаматтық қорғаныстың қорғау имараты” КР ҚНжЕ талаптарына сәйкес алу керек.
Соққы толқыны кіруінің жүктемелері
3.7 Қазбаларға сырттан кіретін соққы толқын шебіндегі және сондай қазбалардың жергілікті кедергілерінің соңындағы қысымды (бұрылыс, кесіп өту, кеңею немесе тарылу, қиманы жабдықпен жартым-жартылай толтыру және т.с.с. кен орнының пішінінің өзгеруі)МПа (кгк/см2) мына формуламен анықтау керек:

(1)
мұндағы, - 4-қосымша бойынша алынатын кіру коэффициенті;

- жергілікті кедергілік алдында соққы толқынының өту бағытындағы қысым, МПа(кгк/см2).

3.8 Ұзындығы x, 10 d тең немесе артық, диаметрі 8 м тең немесе кем, , МПа (кгк/см2) қазбаның түзу сызықты учаскесінің соңындағы соққы толқын бағытының қысымын мына формуламен анықтау керек:



(2 )
мұндағы, φХ - толқынының бір өлшемді кеңеюін есепке алатын коэффициент.

е - натуральды логарифмдер негізі;



- 2-кесте бойынша алынатын басылу коэффициенті;

Х - қазба учаскесінің ұзындығы, м;



- қазбаның көлденең қимасының ауданы мен қазбаның периметрі қатынасына тең гидравликалық радиус, м;

d - қазбаның көлденең қимасының төрт еселенген ауданы мен қазбаның периметрі қатынасына тең эквивалентті диаметр, м.


2-кесте


Қазбаның аэродинамикалық кедергісінің коэффициенті



1·10-4 - ден 4·10-4 дейін

0,0005

4·10-4 8·10-4

0,001

8·10-4 8·10-4

0,002

20·10-4 35·10-4

0,003

35·10-4 50·10-4

0,004

3.9 Бөгетке (маңдайшаға) түсетін динамикалық жүктемені мыналарға тең етіп алу керек:

- бөгет соққы толқынының таралу бағытына паралель орналасқанда соққы толқынының бағыттағы қысымына.

- бөгет соққы толқынның таралу бағытына перпендикуляр орналасқанда соққы толқынның тойтарыс қысымына.

Соққы толқынның тойтарыс қысымын DРТОЙ мына формулалармен анықтайды:
(МПа); (3)
(кгк/см2), (3а)

мұндағы, - бөгет қойылған орыннан өтетін соққы толқынының кіру бағытындағы қысым, МПа (кгк/см2).

3.10 Соққы толқынының кіруінен қорғаушы құрылым элементтеріне түсетін эквивалентті статикалық жүктемені , МПа (кгк/см2) мына формула арқылы анықтайды:
(4)
мұндағы, - соққы толқынының (динамикалық жүктеме) есептелетін элементке түсетін, МПа (кгк/см2), 3.7.-3.9-.т.т. сәйкес анықталатын ең үлкен қысым;

- құрылымды серпімді-пластикалық деформация сатысында есептегенде - 1,3, құрылымды серпімді сатыда есептегенде - 1,8 тең етіп алынған динамикалық коэффициент.

3.11 Соққы толқынның кіру әсерінен баспалдақ бөлімдері мен оқпандардағы арматураларға түсетін ең үлкен жылжыту күшін мына формулалармен анықтайды:


(МН); (5)
(кгк/см2), (5а)
мұндағы, - элементтің “Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары” ҚР ҚНжЕ 8-қосымшасы бойынша алынатын маңдай кедергісінің коэффициенті.

- соққы толқыны кіруінің (миделев қимасы) таралу бағытына перпендикуляр жазықтық элементі қимасының ең үлкен ауданы, м2:



- шапшаң тегеруін, ол мына формулалармен анықталады:
(МПа) (6)
(кгк/см2), (6а)
Ұзын бойлықты қазбалардың контурындағы жыныстар тұрақтылығының есебі
3.12 Панаға лайықталған ұзын бойлықты қазбалардың контурындағы жыныстардың тұрақтылығы мына формулалар арқылы анықталады:
(7)
(8)
- жыныстың сығылу немесе керілуге есептік кедергісі, МПа (кгк/см2), 3.13-т. бойынша анықталады (7) және (8) формулалардың сол бөлігіндегі оң таңбалар сығу кернеуінің болуын, керісі керу кернеуінің болуын көрсетеді;

мұндағы - қысым;



- қысымдар, МПа (кгк/см2), мына формулалармен анықталады:
; (9)

, (10)
мұндағы А - жыныстарының акустикалық кедергісі, 3-кесте бойынша анықталады, МПа (кгк/см2);

- жаппай жылдамдықты құрайтын тік және горизонталға сәйкес;

- қазбаның қабатқа қарай еңіс бұрышы, град.;

- жыныстың бүйір қысымының коэффициенті:
(11)
формуласымен анықталады.

мұндағы - экспериментальды өлшеу мәліметтері бойынша анықталатын Пуассон коэффициенті.



- қазбаның контурындағы тангенциалдық кернеудің 5-қосымша бойынша алынатын вертикаль және горизонталь жүктемесіне сәйкес шоғырлану коэффициенттері.

- жыныстарды динамикалық нығайту коэффициенті, тұзды жыныстар, гипстер және кесілген әктастар үшін - 1,0 тең, сығылу және созылу кернеулеріне сәйкес әрекет жағдайындағы басқа жыныстар үшін - 1,3 және 1,5 тең алынады:

- жыныс қалыңдығының вертикаль қысымы, мына формулалармен анықталады:
(МПа); (12)
(кгк/см2), (12а)
мұндағы - қазба үстіндегі жыныс қалыңдылығының меншікті массасының орташа шамасы, кН/м3 (кгк/м3)

- қазба орналасқан “Жерасты кен қазбалары” ҚНжЕ талаптарына сәйкес,
(13)
формуласы бойынша алынатын есептік тереңдік.

мұндағы Н - қазбаның немесе учаскесінің орналасқан жобалық тереңдігі, м;



k - тау жыныстары сілемінің кернеуі күйінің жыныстың бетке дейінгі қалыңдығының өз массасынан туындаған кернеуі күйімен салыстырғандағы айырмашылығын ескеретін коэффициент, ол кәдімгі тау - геологиялық жағдай не экспериментальды түрде белгіленген жағдай үшін 1-ге тең етіп алынған; жер қыртысының қозғалысына ұшыраған аудандар үшін және техникалық бұзылу аймақтарында, k экспериментальдық деректер болмағанда 1,5-ке тең алынады.
3-кесте


Тау жыныстары

Жыныстардың (сілемнің) сығуға есептік кедергілігі Rc

Жыныстардың акустикалық кедергілігі A

МПа

кгк/см2

МПа•с/м

кгк•с/см2

Гипстер мен тұзды жыныстар

10

100

8

0,8

40

400

12

1,2

Кесілген әктастар (ұлутастар)

2

20

3

0,3

5

50

5

0,5

10

100

7

0,7

Құмды-алевромитті-агриллитті

10

100

6

0,6

30

300

8

0,8

50

500

10

1,0

100

1000

14

1,4

150

1500

16

1,6

Ақтарылған және метаморфиялық

20

200

10

1,0

50

500

12

1,2

100

1000

15

1,5

200

2000

20

2,0

3.13 Жыныстардың (сілемінің) сығуға есептік кедергісін


(14)

формуласымен анықтау керек.

мұндағы, R - бір өсті сығу нұсқасында жыныс кедергісінің жыныс нұсқаларын сынау нәтиежелері бойынша экспериментальды түрде белгіленген орташа мағынасы, МПа (кгк/см2);

- беті ілінісусіз не тұтастығы аз жыныс сілемінің қосымша бұзылғанын ескеретін, 4-кесте бойынша қабылданатын коэффициент (сырғанау айналары, жарықшалар, балшықты қабатшалар және т.б.).
Ескерту - Қажет болған жағдайларда (қазбаны суландыру, жынысты нығайту және т.б.) -ті анықтауды (белгілеуді) мамандандырылған ұйымның мәліметтері бойынша бұл факторлардың ықпалын ескеріп жүргізу керек.
Қазбаларды жобалағанда 4-кестеге сәйкес жыныстың әлсіреген беттері арасындағы орташа қашықтық бойынша инженерлік-геологиялық ізденістер мәліметтері негізінде кен орны жобаланған жерлердегі жыныс сілемі бұзылуының сандық талдау мәліметтерімен анықталады.
4-кесте


Жыныстың әлсіреген беттері арасындағы орташа қашықтық, м

коэффициенті

1,5 астам

0,9

1,5-тен 1 дейін

0,8

1-ден 0,5 дейін

0,6

0,5-тен 0,1 дейін

0,4

0,1 артық

0,2

3.13.1 Жыныс созылуының есептік кедергісі нақты мәліметтер болмаса 6-қосымшаға сәйкес анықталады.

3.13.2. Жыныстың сығуға есептік кедергісі кен орнының көлденең қимасының контуры бойынша кен орны қимасының контурынан қашықта жатқан: шатырда 1,5 b, топырақта және қазбаның бүйірлерінде - 1 b, қуаты 0,1 м асатын қиылысатын қазба қабаттарының (қатпарларының) барлығы ескеріліп анықталуы тиіс, мұндағы b - қазба ені.

Қазбаның көлденең қимасы контурының бойында жатқан құбылмалылық шегі 30 % дейін болатын бірқатар шектес қабаттар үшін жыныстың сығуға есептік кедергісін мына формуламен анықталатын орташаланған мәнін барлық қазбаларына алу керек.


(15)
мұндағы , …, - жыныс қабаттарының сығуға есептік кедергісі;

, …, - қабат қуаты.

Қазба шатырындағы, бүйірі мен топырағындағы жыныстың сығуға есептік кедергісінің құбылмалылығы 30 % жоғары болса -ті қазбаның жеке элементтері (шатырда, бүйірде және топырақта) бойынша формуламен есептеу керек.

3.13.3 Жыныстық сығуға есептік кедергісін қазбаның ұзындығы бойынша бөлу керек:

а) қуаты 0,3 м жоғары, мағыналары 30 % дейінгі шектегі барлық қиылысатын қазбаның қабаттарын (қатпарын) бір учаскеге жатқызу керек; бұл учаске үшін осы қабаттардың қуатын есепке алып 15-формула бойынша анықталады;

б) мағынасының айырмашылығы 30 % асатын болса шектес учаскелерді біріктіру (қосу) кезінде біріккен учаске біріктірілетін учаскелердің ең кіші мағынасы бойынша алу керек.

3.13.4 Тіреуіш материалдарының есептік және нормативтік сипаттамаларын олардың жерасты жағдайлардағы жұмысын ескеріп және тиісті мемлекеттік стандарттар мен ҚНжЕ тарауларын басшылыққа алып қабылдау керек:

- бетон және темірбетон тіреуіштері үшін - ҚНжЕ-нің бетон және темірбетон құрылымдарды жобалау тараулары бойынша;

- ағаш тіреуіштер үшін - ҚНжЕ-нің ағаш құрылымдарды жобалау жөніндегі тараулары бойынша.

- тас тіреуіштер үшін - ҚНжЕ-нің тас және арматасты құрылымдарды жобалау тарауы бойынша.

3.14 Радиацияға қарсы тасаға лайықталған ұзын бойлықты қазбалар контурындағы жыныстың тұрақтылығын мына формуламен анықтау керек:


(16)
Ұзын бойлықты қазбалардың тіреуішіне жыныс аударылу әсерінен түсетін эквивалентті статикалық жүктеменің есебі
3.15 Панаға лайықталған кен орындарының тіреуішіне жыныстың аударылу әсерінен түсетін эквивалентті статикалық жүктемені , МПа (кгк/см2), мына формулалар арқылы анықтайды.

қазбаның шатырында



(17)
қазбаның қабырғаларында

(18)
мұндағы - жыныстың құлау массасынан болатын қысым
(МПа); (19)
(кгк/см2), (19а)
формулаларымен анықталады.

мұндағы - 3,16-т. бойынша анықталған жыныс аударылуының биіктігі;



- тіреуіш массасының қысымы, МПа (кгк/см2);

,- қазбаның шатыры мен қабырғаларына сәйкес артық жүк түсудің өлшемсіз коэффициенттері:

(20)
(21)

формулаларымен анықталады;

мұндағы tН - уақыт, с.

3.16 Қазбалардағы жыныс құламасының биіктігін (қалыңдығын) , м, мына формуламен анықтау керек:



(22)
мұндағы В - қазбаның аралығы (өткені), м.;

- ең үлкен кернеу, МПа (кгк/см2), (7) және (8) формулаларының сол жақ бөлігі шамаларының ең үлкен мәні.

Бұрғылау-жару тәсілімен жарылған қазбалар үшін 0,2 В үлкейту керек.

3.17 Жыныстық аударылуынан қазбаның тіреуішіне түсетін күш құрылыс механикасы ережелері бойынша анықталады.

Камерааралық кентіректер мен камералы қазбалар төбелерінің орнықтылық есебі

3.18 Панаға лайықталған камералы кен орындарындағы төбелердің тұрақтылығын, егер оның қалыңдығы камера аралығының екі еселенген шамасынан кем немесе оған тең болса, мына формулалармен анықталады:

қиыққа



(23)
созылуға
(24)
сығуға
(25)
мұндағы - камера аралығы, м;

- камера биіктігі, м;

- төбенің қалыңдығы, м;

f - күмбез көтерілу жебесі (жебе көтерісі);



- жыныстың (сілемнің) 6-қосымша бойынша нақты мәліметтер болмаған кезде алынған есептік кедергісі, МПа (кгк/см2)

- жұмсақ топырақ пен төбе жынысының қабатына сәйкес тік қысым:
, (МПа); (26) , (кгк/см2); (26а)
, (МПа); (27) , (кгк/см2); (27а)

мұндағы - жұмсақ топырақ пен төбе жынысы қабатына сәйкес орташа меншікті салмақ (үлес салмақ), кН/м3 (кгс/м3);



- жұмсақ топырақ қабатының қалыңдығы, м;

просечка (тесіп өткен тесік) ені, м;

3.19 Баспанаға лайықталған камераны қазбалардағы төбенің иілуге (майысуға) тұрақтылығын, егер оның қалыңдығы камераның екі еселенген аралық шамасынан артық болса анықтау керек :

q бек < 0,1 RС болғанда

(28)
0,1 RС < q бек < 0,8 RС жағдайында
(29)

мұндағы q бек - бекітілетін жүктеме, МПа (кгк/см2),


(30)
формуласымен анықталады.

мұндағы SШ - бір кентірегіне келетін шатыр ауданы, м2;

FД - кентірегінің көлденең қимасының ауданы, м2;

RО - бір өсті сығу нұсқасындағы жыныс кедергісінің экспериментальды өлшеу нәтижелері бойынша белгіленетін орташа мәні, МПа (кгк/см2);

КТ - төбенің көтергіш қабілетінің 8 Қосымша бойынша нақты мәліметтер болмаған кездегі алынатын коэффициент;

КАЖ - тең етіп алынған артық жүк коэффициенті;

0,5 - қабаттылығы (қатары) анық білінетін жыныстар үшін;

0,35 - орташа қабатты жыныс үшін;

КАЖ = 0 - қабатсыз жыныс үшін;

Рт - төбенің төменгі көтеруші қабаты жынысының келтірілген тік қысымы:


(МПа); (31)
(кгк/см2), (31а)
формулаларымен анықталады.

мұндағы gТК - төменгі көтеруші қабат жынысының орташа меншікті салмағы, кН/м3 (кгс/м3);

hТК - төменгі көтеруші қабат жынысының қалыңдығы, м;

RИ - жыныстың (сілемнің) иілуге есептік кедергісі; RИ = 0,3 RС [RС - жыныстың (сілемнің) сығуға есептік кедергісі, 3.13-т. бойынша анықталады].

q бек ³ 0,8 RС болғанда, төбенің тұрақтылығына есеп жүргізілмейді. Мұндай жағдайда төбе статикалық жүктеме әсеріне орнықсыз деп есептеледі.

3.20 Паналардағы камерааралық кентіректерінің тұрақтылығын мына формулаларымен анықтайды:

таспалы
(32)
бағаналы
(33)
мұндағы ККД - кентірегінің көтергіш қабілетті коэффициенті; эксперименталды деректер болмаған кезде 8-қосымша бойынша алынады;

КН - мыналарға тең алынатын коэффициент:

0,5 L < H болғанда - жыныс қабатшасы босаң кентіректері үшін;

0,7 L < H болғанда - біртекті кентіректері үшін;

1,0 L ³ H болғанда - барлық кен діңгектері үшін. (L, H - шахта алаңының жұмыс тоқталған бос кеңістігінің орналасу ені мен тереңдігіне сәйкес, м);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет