V шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясы



Дата17.07.2016
өлшемі44 Kb.
V шақырылған Шығыс Қазақстан облысы

Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясы
2014 жылғы 21 сәуір Шемонаиха қаласы

20/3 - V ШЕШІМ


Шемонаиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын

өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін

ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Шемонаиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Серохвостова

Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы Ә.Баяндинов

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3339 нөмірімен тіркелді.
Шемонаиха аудандық мәслихатының

2014 жылғы 21 сәуірдегі № 20/3 - V шешімімен бекітілген


Шемонаиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй

тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

  1. Жалпы ережелер

1. Осы Шемонаиха ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Шемонаиха ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын (бұдан әрі –бөлек жиын) өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Шемонаиха ауданының қала, кенттер, ауылдық округтер аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді  сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

  1. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері шақырады.

Шемонаиха ауданы әкімнің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағиданың қосымшасына сәйкес санына байланысты бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.



10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Шемонаиха ауданының аумағында

бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын

өткізудің қағидаларына және жергілікті

қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл,

көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары

өкілдерінің санын айқындауға

қосымша
Шемонаиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны


Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам)

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)


500 – ге дейін

2 – ге дейін

500 – ден 1000 – ға дейін

2-4

1000 – нан 1500 – ге дейін

4-6

1500 – ден 2000 – ға дейін

6-8

2000 – нан 2500 – ге дейін

8-10

2500 – ден жоғары

10-12

Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет