Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) – ХVII ғасырдағы немiс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым-философ. Екiншi жағынан, ол – математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқықтанушы. Лейпциг университетiн бiтiрген. Онда ол құқықтанумен қатар, логика және математика пәндерiмен айналысқан. Университеттi бiтiргеннен кейiн, екi ғылым саласынан (логика мен құқықтанудан) докторлық диссертация қорғайды. Аз уақыт дипломатиялық қызметте Париж қаласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейiн, өмiрiнiң аяғына дейiн ғылыми жұмыстармен айналысқан.
Негiзгi еңбектерi: «Адам зердесi туралы жаңа тәжiрибелер», «Тео- дицея», «Монадолог
Джон Локк (1632-1704 жж.) – ХVII ғ. философия ғылымына зор әсерiн тигiзген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетiнде оқып, бiлiм алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, кейіннен саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмiрiнiң соңғы кезеңiнде философияға көп көңiл бөлген тұлға.
Негiзгi еңбектерi: «Адамның зердесi туралы тәжiрибелер»,
«Мемлекеттi басқару жайындағы екi трактат», «Тәрбие жөнiндегi кейбiр ойлар» т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |