Қаланың есптік шығындары: Qтәу=10276,47 м3/тәу, Qсағ=428,18м3/сағ.
Керекті арынды табамыз
мұндағы ∑h – Сорғыш құбырлар мен арынды құбырлардағы арынның жоғалуының қосындысы, м.
hк – сорғыш бекетіндегі құбырлардағы арынның жоғалуы 1.5…2м
Сағаттық шығыны Q=250 м3/сағ және арыны Н=30 м – 5НДв маркалы 2 сорғыш және 1 резервтегі сорғыш қабылдаймыз. Сорғыштың айналу жиілігі 1450 об/мин, ПӘК=68℅, электр қозғалыс қуаты 28-40 кВт. Ғимараттың өлшембірлігі 18815х6000
Жерге орналасу тереңдігі 2400
Және осыған қоса дренажды сорғышты НЦС-3 Q=8м3/сағ, Н=21.7м қабылдаймыз.
Ауыр көтергіштік салмағы 1т, болатын кран қабылдаймыз Lпр=6м, Lкр=6.8м.
2.16 Сорғыш бекетін афтоматтандыру
Сорғыш бекеттері басқа станцияларға қарағанда оңай автоматтандырылады. Автоматтандырылған сорғыш бекеттерінде сорғыштардың қосылуы, өшірілуі және сорғыштардың жағдайын арнайы қондырылған автоматтар адамның көмегісіз бақылап отырады.
Автоматпен басқару жүйесінде сорғыш құбырмен арынды құбырлардың қысымы, сальниктермен подшипниктардың температурасы, агрегаттарды қысқа тұйықталудан, шамадан тыс ауыр түсуінен сақтауы және тағы басқа жағдайларға бақылау жүргізіледі. Жоғарыда айтылған келеңсіздіктердің орын алған жағдайында қорғаныс релесі қосылып, агрегаттардың жұмысын тоқтатады. Агрегаттардың қосылуын тек келеңсіздіктерді жойған соң ғана жүзеге асады.
Автоматпен басқару жүйесінде сорғыш агрегаттарының өшіріліп, қосылу сигналы арынды мұнараларда және резервуарларда орнатылған деңгейлік релелердің немесе су тарату жүйесіндегі белгілі нүктелерде орнатылған қысым релелерімен жүзеге асады. Полученный от реле-датчика сигнал обеспечивает переключение промежуточных реле и исполнительных механизмов, обеспечивающих включение агрегата в определенной последовательности. Агрегаттардың күй-жағдайын апаттық жағдайға әсер ететін арнайы реленің көмегімен басқарады. Арнай режимнен аутқу жағдайында, апаттық реле қосылып, жұмысшы агрегат өшіріледі де резервті агрега болған жағдайда оны қосады. Автоматтандырылған жүйе жоғрыда айтылған процестерден басқада көп жағдайларды орындайды.
3 ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Сыртқы су әкету және сумен жабдықтау құбырларын төсеу жұмыстарын жүргізгенде жер жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс жүргізу уақытын қысқарту мақсатында жұмыс өндірісінің тасқынды әдістері пайдаланылады. Бұл әдіс машина механизмдерін өнімді пайдалануға, жұмыс өнімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар еңбек және құрылыс құнын азайтуға негіз бола алады. Құбыр төсеу құрылысы кезінде жұмыстар бірнеше алымдарға бөлу арқылы бірыңғайлы жұмыстарды бірінен соң бірін, ал әр түрлі жұмыстарды параллель жүргізуге болады. Құбыр төсеу құрылысын екі түрлі әдіспен жүргізуге болады. Біріншіден, ұзын ор қазып төсеу, екіншіден, ұзын орсыз төсеу. Ұзын орсыз құбыр төсеу тәсілдеріне: қада қағу, бұрғылау жатады. Ұшында істікті құбырды пневматикалық сығу арқылы ұзын орсыз табу т.б. әдістері бар. Менің жобамды жердің табиғи топырағына байланысты ұзын ор қазылып құбыр төсеу әдісі қабылданған. Ұзын орлы құбыр төсеу жұмыстарының құрамына төмендегі жұмыстар кіреді:
-
Құбыр төселетін аймақта өсімдік қабатын алу – бұл қабатты басқа да көгалдандыру жұмыстарына пайдалануға болады;
-
Таңданып алынған эксковатормен топырақта ор қазу және топырақтың артығын көлікке, кері көмілетінін жиекке төгу;
-
Бұл аймақта уақытша қоршап құру қажет және ұзын орда жұмыс істеу оңай болу үшін уақытша көпірлер қойылуы тиіс;
-
Ұзын ор түбіне қолмен өңдеулер жүргізу;
-
Құбыр төсеу кезінде оған сапалық бақылаулар мастердің немесе прораб көмегімен жүргізу;
-
Құбыр төселіп, түйістері бекітілген соң онда аудан оқшаулары жасалады және бақылау құдықтары, ысырмалар орнатылуы тиіс;
-
Құрылыс жұмысшыларының келесі түрі құбырлар кері көмілгеннен кейін гидравликалық сынақтар жүргізілуі тиіс.
Құбыр төсеу кезінде бақылау жұмыстары СНиП-ке байланысты жүргізілуі тиіс.
Жұмыс барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникалары міндетті түрде қарастырылуы керек.
Дипломдық жоба құрылымына, сонымен қатар еңбек шығыны, еңбек ақысы және машина уақыт калькуляциясы енгізілген.
3.1 Жер жұмыстарын жүргізу.
Жер жұмыстары дегеніміз – үймереттер мен ғимараттардың жер асты бөліктерін дайындау кезінде олардың іргетастарын қалағанда, метрофориттер, су, жылу электростанциялары, жер асты қоймалары, құбырлар төсеу және тағы сол сияқты құрылыстарды салу және құрылысқа арналған жерді жоспарлап жүйелеу кезінде атқарылатын жұмыстар жиынтығы.
Жер жұмыстарының технологиясына төменгі аталған процестер жатады:
- жер бетін тегістеу (планировка);
- жердің өсімдік қабатын алу 0,1-0,4 м;
- жерді эксковатормен қазып, оны көлікке тиеу;
- артық қайырма топырақты үйіндіге жинау;
- қайырма топырақты кері орнына төсеу;
Жер жұмыстарының түрлері екіге бөлінеді:
- тұрақты;
- тұрақсыз, яғни уақытша;
Уақытша құрылыстарға үймереттер мен ғимараттардың инженерлік коммуникациялардың жер асты бөліктерін орналастыру үшін қазылатын шұңқырлар мен орлар жатады.
Ал тұрақты құрылыстарға ұзақ мерзім пайдаланатын құрылыстар жатады. Жер жұмыстарын жүргізу тәсілдері негізінен үш топқа бөлінеді.
- механикалық тәсіл;
- гидромеханикалық тәсіл;
- қопару тәсілі;
Механикалық тәсіл – жерді тілу, бұзу, қопару және тағы басқа жұмыстар. Ол үшін жер қазғыш, қазып тасымалдағыш көліктер қолданылады. Жер қазғыш механизмдер, эксковатор, ал қазып тасымалдағыш механизмдерге – бульдозер, скрепер, грейдерлерді жатқызуға болады. Егер топырақ жақын жақта, яғни 150-200 м қашықтыққа жыртылатын болса, онда бульдозер қолданылады, ал 500 м дейін қашықтыққа тасымалдауға скепер, одан әрі қашық жерге тасымалдау үшін грейдерлер қолданылады.
3.1.1 Ұзын ордың геометриялық өлшемдерін және көлемдерін анықтау.
Ұзын ордың геометриялық өлшемдері мен көлемі төмендегідей теңдеумен есептеледі:
һ = Нқ.т. + d + 0,5 + 0,1 м (3.1)
мұндағы Нқ.т. – географиялық орналасқан аймақта қабылданған топырақтың қату тереңдігі. 0.8 м.
d – құбырдың диаметрі. 0,35 м.
сонда һ = 0,8 + 0,35 + 0,5 + 0,1 = 1,75 м.
Ұзын ордың соңғы нүктесіндегі тереңдікті анықтаймыз.
3.1 сурет - Ұзын ор
3.2 сурет - Ұзын ордың 1.1. кескіні
3.3 сурет - Ұзын ордың көлденең қимасы
сонда НА = 507 НБ = 503
НГ – табу үшін НГ = НА – һ1 = 507 – 1,75 = 505,25
НВ = НГ – і L = 505,25 - 0,003* 1100 = 501,95
енді һ2-ні табамыз: һ2 = НА – НВ = 507-501,95 = 5,05.
а) б)
3.3 сурет - Ұзын ордың көлденең қимасының аудандары
сонда:
втр = d + 0,5, м. (3.2)
втр = 0,35 + 0,5 = 0,85 м.
мұндағы втр – ұзын ордың табанының ені, м
d – құбыр диаметрі, м.
В1 = втр + 2m ∙ һ1 , м (3.3)
В2 = втр + 2 m ∙ һ2 , м
мұндағы m – құлама коэффициенті, m=0,5; m=0,75
һ1 – ұзын ордың бастапқы нүктесіндегі тереңдік, м.
һ2–ұзын ордың соңғынүктесіндегі тереңдік, м.
В1 = 0,85+2∙0,5∙1,75 = 2,6 м
В2 = 0,85+2∙0,75∙5,05 = 8,42 м
Енді ұзын ордың қимасының ауданы:
F1 = втр+В1 ∙ һ1 , м2 (3.4)
2
F2 = втр+В2 ∙ һ2 , м2 (3.4/)
2
F1 = 0,85+2,6 ∙ 1,75 = 3,01 м2
2
F2 = 0,85+8,42 ∙ 5,05 = 23,40 м2
2
Ұзын ордың көлемін анықтаймыз. Ол төмендегідей формуламен анықталады.
Vор = F1+F2 ∙ Lорт ∙ М3, (3.5)
2
Lорт = L + m ∙ һ1 + m ∙ һ2 ; (3.51)
2 2
Lорт = 1100 + 0,5 + 1,75 + 0,75 + 5,05 = 1104,025
2 2
сонда, Vор = 3,01+ 23,40 ∙ 1104,025 = 14578,65 м3
2
мұндағы L – ұзын ордың ұзындығы, м
F1, F2 – ұзын ордың бастапқы және соңғы нүктелеріндегі қимасының ауданы, м2.
Ұзын орды кейін қайта көмген соң пайда болатын және құрылыс алаңы маңынан шығарылатын артық топырақтың көлемін анықтаймыз, бұл үшін қайта көмген топырақтың көлемін табу керек. Ол төменгі формуламен табылады:
Vқк = Vор - Vқ , м3 (3.6)
Vқк
мұндағы Vқ – құбырдың көлемі, Vқ = П ∙ d2 ∙ L
4
Кқк – топырақтың қалдық қопсыту коэффициенті.
(балшық 7%)
Кқк – 7% = 7 . = 0,07 + 1 = 1,07
100
Vқ = 3,14 ∙ 0,35 ∙ 1100 = 302,22 м3
4
сонда,
Vқк = 14578,65 – 302,22 = 14296,19 м3
1,07
Ұзын ордың табанында қалған қалдық топырақтың көлемін анықтау.
Vот = вmp ∙ L ∙ Δ t (3.7)
мұндағы Δ t – ордың табанында қалатын қалдық топырақтың қалыңдығы (бұл эксковатордың түріне шөлейтінің көлеміне байланысты анықталады. Табл. 3,14 [1]).
Шөміштің сиымдылығы табылған топырақтың көлемі арқылы (ордың көлемі) табл. 3,18 [1].
Vор (100) = Vор = , м3 (3.8)
1100
Vор (100) = 14578,65 = 13,25 м3
1 100
Таблица арқылы шөміш сиымдылығы 0,5 м3 d = 100 мм болғанда, таблица 3,14 [1] бойынша Δ t = 0,15 м, сонда
Vот = вmp ∙ L ∙ Δ t = 0,85 ∙ 1100 ∙ 0,15 = 140,25 м3
Механизммен өңделетін топырақтың көлемін анықтаймыз.
Vтек = Vор - Vоm м3 (3.9)
Vтек =14578,65 – 140,25 = 14438,4 м3
3.2. Жұмыс өндірісінің ведомосі
Ведомостағы жұмыстардың санын анықтаймыз.
1. Өсімдік қабатын кесу ауданы.
F = L ∙ Вор ∙ 1,05 м2 (3.10)
мұндағы L – ордың жалпы ұзындығы, м.
Вор – ордың орташа ені.
Вор = В1+В2 = 2,6+8,42 = 5,51 м.
-
2
2. Ұзын орда түйіс асты шұңқырлардың көлемін табу:
Vм = 0,55 ∙ (Д+0,5) ∙ 0,3 , м3 (3.11)
Vм = 0,55 ∙ (0,35+0,5) ∙ 0,3 = 0,14 м3
3. Құбырды 2 жағынан қолмен тығыздап көму кезіндегі топырақ көлемі.
V = Vтығ - Vқұб , м3 (3.12)
2
Vтығ = Втр ∙ L ∙ Д = 0,85 ∙ 1100 0,35 = 163.62, м3
2 2
Vқұб = П ∙ d2 ∙ L = 3,14 ∙ 0,352 ∙ 1100= 211,55, м3
4 4
сонда, V = Vтығ - Vқұб = 163,62 – 211,55 = 57,8, м3
-
2
4. Ұзын ордың түйіс асты шұңқырларын бульдозермен толық көму кезіндегі топырақ көлемін анықтау:
Vт.к. = Vқ.к. - V , м3 (3.13)
Vт.к. = 14296,19 – 57,8 = 14238,39 м3
Кесте 3.1 - Жұмыс өндірісінің ведомысы
|
№
|
Жұмыстың аталуы
|
Жұмыстың көлемі
|
Есептеу формуласы
|
|
|
Өлшем бірілігі
|
Саны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Уақытша қоршау құру
|
1 м
|
2200
|
|
2
|
Өсімдік қабатын кесу
|
1000 м²
|
6,364
|
F=L*B*1,05
|
3
|
Ұзын ор топырағын кері күректі жек. өңдеу а) жиегіне төгу б) көлікке тиеу
|
100 м³ 100 м³
|
142,9 3,02
|
|
4
|
Уақытша көпір орнату
|
1 дана
|
22
|
50 метіртге бір көпір орнату
|
5
|
Ұзын ор түбін қолмен өңдеу
|
1 м³
|
140,25
|
V=в*L*t
|
6
|
Ұзын орда түйіс асты шұңқырларын қазу
|
1 м³
|
0,14
|
V=0,55*(Д+0,5)*0,3
|
7
|
Ұзын ор түбіне тегістеу қабатын төсеу
|
1 м³
|
140,25
|
V=в*L*t
|
8
|
Трассаға құбырларды жеткізу
|
100 т
|
|
|
9
|
Ұзын орға құбыр төсеу
|
1 м
|
1100
|
|
10
|
Бақылау құдықтарын орнату
|
1 дана
|
6
|
1 км = 5-6 дана
|
11
|
Құдыққа судан оқшаулар жасау
|
100 м²
|
12,08
|
S=П*Д*L/100
|
12
|
Ысырма орнату
|
1 дана
|
15
|
1 км = 10-12 дана
|
13
|
Құбырды екі жағынан тығыздап көму
|
1 м³
|
57,8
|
V=Vтоп-Vқұб/2
|
14
|
Беріктікке сынау
|
1 м
|
1100
|
|
15
|
Уақытша көпірді жинап алу
|
1 дана
|
22
|
|
16
|
Уақытша қоршауды жинап алу
|
1 м
|
2200
|
Vм.к.=Vқ.к.-V
|
17
|
Ұзын орды бульдозормен толық көму
|
100 м³
|
142,38
|
|
18
|
Тығыздыққа сынау
|
1 м
|
1100
|
|
19
|
Територияны тегістеу
|
1000 м²
|
6,36
|
F=L*B*1,05
|
Достарыңызбен бөлісу: |