В. В. Иванов атындағы ботаника кафедрасының доценті Отаубаева А. У., Жамалиева Л. С



бет1/23
Дата25.02.2016
өлшемі1.04 Mb.
#21157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Институт директоры

Қ.Т. Утегенова

«__»__________ 200_ж.


Педагогикалық институт

проф. В.В.Иванов атындағы ботаника кафедрасы

050113 – Биология

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған
Генетика

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – IIІ

Семестр – ҮІ

Кредит саны - 3

Дәріс – 30 сағат

Лабораториялық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – 6 семестрде


Барлығы – 135 сағат


Орал 2007 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Генетика және селекция негіздері (Алматы 1994), Цитология (Алматы 1998), 050113 (Алматы – 2005) Биология бакалавриат типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.


Құрастырушы: В.В. Иванов атындағы ботаника кафедрасының доценті Отаубаева А.У., Жамалиева Л.С.
Проф. В.В.Иванов атындағы ботаника кафедрасының отырысында бекітілді.
13 қыркүйек 2007 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі: Кайсагалиева Г.С. _____________________

(аты-жөні) (қолы )



Педагогикалық институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.


15қырқүйек 2007 ж. № 1 хаттама
Педагогикалық институттың

оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы: ___________ Е.К. Жанғалиев



(қолы ) (аты-жөні)

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Институт директоры

Қ.Т. Утегенова

«__»__________ 200_ж.


Педагогикалық институт

проф. В.В.Иванов атындағы ботаника кафедрасы

050113 - Биология

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Генетика

(пәннің атауы)

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)

Курс – IIІ

Семестр – ҮІ

Кредит саны - 3

Дәріс – 30 сағат

Лабораториялық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – 6 семестрде


Барлығы – 135 сағат


Орал-2007 ж.


Курс бағдарламасы Генетика және селекция негіздері (Алматы 1994), Цитология (Алматы 1998), 050113 (Алматы – 2005) Биология бакалавриат негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: В.В. Иванов атындағы ботаника кафедрасының доценті биология ғылымының кандидаты Отаубаева А.У, Жамалиева Л.С..
Проф. В.В.Иванов атындағы ботаника кафедрасының отырысында бекітілді.
13 қыркүйек 2007 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі: Кайсагалиева Г.С. _____________________

(аты-жөні) (қолы )



Педагогикалық институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.


15қырқүйек 2007 ж. № 1 хаттама

Педагогикалық институттың

оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы: ___________ Е.К. Жанғалиев

(қолы ) (аты-жөні)

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Генетика»

2007- 2008 оқу жылының 6 семестрінде 3 кредит.

2.1 Оқытушы туралы мәлімет


В.В. Иванов атындағы ботаника кафедрасының доценті, биология ғылымының кандидаты, доцент Отаубаева А.У.

Кеңсе: В.В. Иванов атындағы ботаника кафедрасы

Оқытушының кафедрада болатын уақыты: Әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері.

Толық адресі: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жаратылыстану бөлімі, Достық алаңы 12 ,

Телефон ____50-35-49___

Е-mail _________________

2.2 Пәннің мазмұны

Сабақ кестесі:

Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.

Аптасына 3 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан ( дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты 1,2 (дәріс 1, 2)

50+50 мин.

Лабораториялық сабақ 1 сағат

100 мин.

ОЖЖӨЖ

3 сағат


50+50+50 мин.

СӨЖ

3 сағат


50+50+50 мин.


2.3 Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Генетика» оқу пәні – міндетті түрде оқылатын жаратылыстану – ғылыми пәндерінің бірі. Генетика және селекция негіздері бойынша құралған бұл бағдарлама педагогикалық институттар мен университеттердің негізгі немесе қосымша «Биология» мамандығы бар факультеттерге арналған. ұсынылып отырған бағдарлама генетика ғылымының қол жеткен табыстары, моленкулалық генетика, онтогенез генетикасы мен ген инженериясы салалары бойынша мағлұматтардың жедел дамуы ескерілген.

Материалды баяндау жүйесі генетика дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Курсты оқыту Г. Мендельдің генетикалық эксперименттерінің нәтижесіне талдау жасаудаен басталады. Содан кейін негізгі генетикалық заңдылықтар туралы көзқарастың дамуы мен негізгі генетикалықбірлік-гендердің табиғаты қарастырылады.

Курстың жалпы құрылысы мен оның жеке тарауларының арақатынасын факультеттің оқу жоспарына, сол сияқты оқыту әдістеріне байланысты оқытушы өз қалауы бойынша өзгерте алады.

Бағдарламаның әр тарауы теориялық білім берумен қатар, студенттердің сол алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін де қарастырады. Бұл әсіресе селекция мен адам генетикасына және медециналық генетикаға арналған тарауларға тән.

Практикалық сабақтардың бағдарламасы студенттердің теориялық материалды өздері генетикалық эксперимент жасап оны талдау барысында, сол сияқты генетикалық есептер шығару жолымен бекітуіне бағытталған. Ұсынылып отырған бағдарлама орта мектепте жалпы биология курсын оқыту ерекшеліктері мен студенттерге кәсіптік бағдар мәселесі ескеріле отырып құрастырылған.



Курстың мақсаты:

Тіршіліктің қарапайым бірлігі – клетканың құрылысы, қызметтерімен, көбею процесстерімен, сыртқы ортаға бейімделуімен таныстыру. өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің жалпы заңдылықтары мен физиологиялық процесстерінің өзара және қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланыстылығы туралы. Осы замандағы ғылыми жетістіктерді баяндау қазіргі генетикалық аса маңызды мәселелерінің жәй-күйі мен ең соңғы жетістіктері туралы түсінік беру, белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары мен принциптерін талдау, генетикалық материалдардың өзгергіштігін сипаттау.



Курстың міндеттері:

Тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі – клеткада жүретін негізгі заңдылықтарды түсіну барысында, осы білімге сүйене отырып, өсімдіктің физиологиялықпроцесстерін, заңдылықтарын пайымдау, қазіргі заманғы генетикалық заңдылықтарын қол жеткен табыстарымен танысу.


Курстың мазмұны:

Дәрістердің тақырыптары:



  1. Кіріспе. Генетика пәні және міндеттері.

  2. Генетика ғылымының дамуының қысқаша тарихы.

  3. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері.

  4. Жыныссыз көбею механизмі. Митоз. Митоздың фазалары.

  5. Жынысты көбеюдің цитологиялық негіздері. Мейоз. Гаметогенез.

  6. Моногибридті будандастыру.

  7. Дигибридті будандастыру.

  8. Полигибридті будандастыру.

  9. Гендердің өзара әсерлесу типтері. Комплементарлық, доминантты эпистаз.

  10. Рецессивті эпистаз, полимерия. Гендердің модификациялық әсер етуі.

  11. Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы.

  12. Жынысты анықтаудың хромосомалық және баланстық теориясы.

  13. Гендердің тіркесуі.

  14. Хромосомалардың айқасуы. Кроссинговер.

  15. Цитоплазмалық тұқым қуалау.

  16. Өзгергіштіктің жіктелуі.

  17. Мутациялық өзгергіштік.

  18. Модификациялық өзгергіштік.

  19. Ген табиғаты туралы түсінік.

  20. Гендердің экспрессиясын реттеу. Оперон моделі.

  21. Вирустардағы тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері. Биохимиялық генетика принцептері.

  22. Популяцияның генетикалық негіздері.

  23. Гарди-Вайнберг заңы. Популяцияның генетикалық динамикасының факторлары.

  24. Адам генетикасының негіздері.

  25. Адамдағы мутациялар.

  26. Медециналық-генетикалық кеңес беру.

  27. Онтогенездің генетикалық негіздері.

  28. Эмбриогенездің кезеңдері. Ағзаның өсуі. Адамның конституциясы мен габитусы.

  29. Селекцияның генетикалық негіздері.

  30. Селекция-ғылым және технология ретінде.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту дәріс, лабораториялық сабақ, СМЖӨЖ, СӨЖ түрінде өтеді. Сабақты бақылау – коллоквиум түрінде, жаба жұмыстары, өзіндік жұмыстарды тексері түрінде өтеді.

Практикалық сабақтарда:


  • сұрау

  • пікірталас;

  • көрнекі құралдармен жұмыс жасау (кестелермен жұмыстану, микроскоппен жұмыс, дайын микропрепараттарды қарастыру, микропрепараттарды дайындау).

Пререквизиттер:

Қарастырылып отырған пәнді тиімді игеру жолында студенттердің мектеп бағдарламасы бойынша оқытылған алғашқы фундаментальді білімдері болу қажет. Бұл алдымен: өсімдік жасушасы, ұлпасы, оның түрлері, өсімдік мүшелері, олардың атқаратын қызметтері, ерекшеліктері, өсімдіктердің көбею жолдары, олардың биосферадағы маңызы туралы алғашқы түсініктер.


Постреквизиттер:

Аталып отырған пәнді оқу нәтижесінде студенттерде «Биология» пәніне арналған типтік бағдарламада көрсетілген білім, білік, дағды қалыптасады.



2.4. Курстың сабақ жоспары:
1 апта:

1 кредит сағат

1 дәріс



Тақырып: Кіріспе. Генетика пәні және міндеттері.

Мақсаты: Дәрістің мазмұны: Генетика-тұқым қуалаушылық, тұқым қуалау және өзгергіштік туралы ғылым. Генетика әдістері. Қазіргі заманғы генетиканың негізгі бөлімдері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет