3-сурет. Бу фазада этиленді гидратациялау əдісімен этил спиртін өндірудің технологиялық сызбанұсқасы: 1 – жылу алмастырғыш, 2 – құбырлық пеш,
3 – контакт аппараты, 4 – жинағыш, 5 – тоңазытқыш, 6 – шайғыш колонна
Орташа температурада реакция қайтымсыз, бірақ қыздырғанда тепетеңдік солға ығысады. Үрдістің оптималды температурасы 70-800С. Этил жəне диэтилсульфаттың гидролизі келесі теңдеумен жүреді:
C2H5OSO3H + H2O C2H5OH + H2SO4
(C2H5O)SO2 + 2H2O 2C2H5OH + H2SO4
Бұдан басқа диэтил эфир, ацеталдегид түзіледі жəне этиленнің полимерленуі байқалады. Гидролиз кезінде температура 100-1100С, қысым 1МПа шамасында болу керек. Гидролиз уақыты, шамамен, 30 минут. Бір тонна спирт алу үшін абсорбцияға 2 т күкірт қышқылын, содан соң, 4 тонна 50%-ды сұйытылған күкірт қышқылымен буландыру керек. Мұндай қышқылдың көп жұмсалуы өндірісті қиындатады жəне қымбаттатады. Бұл əдіспен 1 т этиленнен 1,2 т этанол жəне 100 кг этил эфирі алынады. Тазаланған этил спиртінің концентрациясы 95-96% болады.
Этиленді тікелей гидраттау əдісімен этанол алу жанама əдіске қарағанда едəуір үнемді келеді (2-кесте).
2-кесте
Этанолды алу əдістерін салыстыру
Шығын, т/т С2Н5ОН
|
Жанама əдіс
|
Тікелей əдіс
|
Этилен(100% С2Н4)
|
0,75
|
0,69
|
100% H2SO4
|
1,15
|
-
|
42% NaOH
|
0,04
|
0,02
|
Ортофосфор қышқылы
|
-
|
0,006
|
Достарыңызбен бөлісу: |