Дәріс тезистері: Түйсік мен қабылдау – қоршаған ортаны танудың алғашқы сатысы. Бұл саты барлық өмір жолында маңызды болып қала береді. Ақыл-ойы кем балалардың тежелген, шектелген қабылдау қабілеттері оның психикалық даму барысына, орасан зор әсер етеді. Ақыл-ойы кем балалардың қабылдау және сезіну қабілеттерін, белгілі психологтар И. М. Соловьев, К. И. Вересотская, М. М. Нудельман, Е. М. Кудрявцевалар зерттеген. М. М. Нудельманның зерттеулері, көру арқылы қабылдаудың көлемінің тарлығын дәлелдейді. Мысалы, терезеден көрінген қала көрінісінен, ақыл-ойы кем балалардың байқағандары, сау балаларға қарағанда, анағұрлым аз болған. Шолып қараудың шектеулі болуын, И. М. Соловьев өз зерттеулерінде толық сипаттайды. Мысалы, сау балалар бірден байқаса, олигофрендер біртіндеп байқайды деп жазады. Ақыл-ойы кем балалар, көшеде келе жатып, айналасындағыны өзінің сау құрбыларына қарағанда, аз байқайды. Сондықтан, ол бөтен жерлерде, таныс емес жағдаяттарда абыржып қалады, жағдайды бағалай алмайды, оқиғаның мәнісін аңғармайды. Демек, олигофрендер обьектілер арсындағы қатынастар мен байланыстарды дұрыс ұғына алмайды.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р.
Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500
Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық., Ақтөбе, 2012. - 256 б.
Дүйсенбаева Р.Д. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау пәні бойынша 5В010500 «Дефектология» мамандығына арналған [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік кешен - Ақтөбе : АқтМПИ, 2012
Абаева Ғ.А. Арнайы педагогика және психология негіздері: Оқу құралы. –Алматы, 2014
Искакова М.С. Арнайы психология: Оқулық // Искакова М.С. –Алматы, 2016.- 256.
Достарыңызбен бөлісу: |