Дәріс тезистері: Топтық психокоррекцияны адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс- әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен.
Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалаық „Менін“ шақырып, басқа адамдардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады. Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Эльконин) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдалақтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүргізіледі, қоршаған ортамен танысу және әрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р.
Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500
Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық., Ақтөбе, 2012. - 256 б.
Дүйсенбаева Р.Д. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау пәні бойынша 5В010500 «Дефектология» мамандығына арналған [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік кешен - Ақтөбе : АқтМПИ, 2012
Абаева Ғ.А. Арнайы педагогика және психология негіздері: Оқу құралы. –Алматы, 2014
Искакова М.С. Арнайы психология: Оқулық // Искакова М.С. –Алматы, 2016.- 256.
Достарыңызбен бөлісу: |