7-Дәріс тақырыбы. Жабдықтардың істен шығуының негізгі түрлері мен себептері, оларды қалпына келтірудің шаралары мен құралдары.
Технологиялық машиналарды ұзақ мерзімді пайдалану барысында жұмысшы ортаның зиянды оброзивті және коррозиялык әсерінен-сондай технологиялык процестің параметрлерінің ( температура, қысым ортаның салыстырмалы қозғалысы және т.б.) шамадан тыс ауытқуының салдарынан құрамды конструктивті элементтері тоза отырып—істен шығады. Сонымен қатар, конструкцияның істен шығуына механикалық, жылулық факторлар да әсер етеді. Бұл факторлар іс - жүзінде жеке және біріге әсер етуі мүмкін.
Аталған факторлардың біріккен және жекеленген әсерінің салдарынан машиналар мен жабдықтар істен шығады. Пайдалану практикасындагы техникалық нысандарда орын алатын істен шығуларды жұмыстың үйренісуші, кездейсоқ және кұрамды элементтерінің тозуыменен орын алатын істен шығулар деп түрлендіруге болады.
Жұмыстық үйренісудегі істен шығулар машинаны пайдаланудың бастапқы кезеңінде орын алады да, машина бөлшектерін дайындау технлогиясының жетілмегендігінің, сонымен қатар сапасыз кұрастырылуының салдары болып табылады.
Кездейсоқ істен шығулар процес параметрлерінің немесе еыртқы күштерінің әсерінен болатып жүктемелердің жергілікті шоғырлануының салдары болып табылады. Мұндай істен шығулар кездейсоқ орын алады да, оны жорамалдау сенімділік теориясының математикалық аппаратын қолдануменен жуықша жорамалдауға болады.
Бөлшектердің тозуыменен орын алган істен шығулар машинаның және оның құрамды бөлшектерінің ескіруінің, материалының физико -механикалық қасиеттерінің нашарлауының салдарынан болады.
Кездейсоқ істен шығулар үшін кез-келген технологиялық машиналар мен жабдықтардың сенімділігі келесі экспоненциялдық зандылықпен сипатталуы мүмкін:
(1)
Мұнда - кездейсоқ істен шығу қарқындылығы, сағ-1 t сенімділікті анықтауға қажетті, жабдық жұмысының уақыты.
t көбейтіндісінің елеусіз аз мәні үшін яғни t <0,2 болғанда жабық сенімділігі.
(2)
Кез-келген жабдықтың істеншығусыз ықтималдылығы Р(t) істеншығу ықтималдылығымен Q () келесідегідей қатынаста болады,
(3)
Осыған орай істеншығу ықтималдылығы:
(4)
Істеншығудың тарау тығыздығының функииясы f(t)маңызды мәнге ие, өйткені бұл функцияны интегралдай отырып істеншығу ықтималдылығын анықтайды.
Экспоненциалды заңдылық күшін істеншығу - ықтималдылығын таралу тығыздығы (4) өрнекті дифференциялауменен болады.
(5)
Сонымен істеншығусыз жұмыс істеу ықтималдығы пайдалану уақытында жабдықтың жұмыс параметрлеріне оның істен шығуына әсер етуші факторларға байланысты әлсірей береді.
Үстеме тозу кезеңі үшін істеншығу ықтималдылығының таралу тығыздыгы f(t) қалыпты заңдылықпен қарастырылады:
(6)
Мұнда t- сенімділік қарастырылып отырған уақыт аралығы tch - істен шығу ықтималдылығының ең үлкен таралу тығыздығына сай келетін машинаның орташа ұзақ мерзімділігі; - орташа квадраттық ауытқуы.
Әйтседе істеншығу қарқындылығы экспоненциалдық таралуы үшін уақыттың кез-келген сәтінде тұрақты шама болып табылады, онда қалыпты таралу үшін істен шығу қарқындылығы машинаның пайдаланылуы бастаған уақытына тәуелді және орташа ұзақ мерзімділікке сай келетін нүктеде үлкен мәнге ие болады.
Қалыпты және экспонңиалды таралу үшін ықтималдылығының теориялық тәуелділігі 1 суретте келтірілген. Экспоненциалдық таралу үшін тәуелділік қийығы (4) өрнекпенен сипатталады, қалыпты таралу үшін тәуелділік қисығын келесі интегралдық тәуелділікпенен сипатталады:
(7)
Істен шығу ықтималдылығының экспонуциналдық және қалыпты таралу
тығыздығынан басқа биоминалдық таралуын, Руассан таралуын, Вейбулл таралуы бойынша және т.б. қолданады. Мысалға істен шығу ықтималдығы тығыздығы Вейбулл таралуы бойынша келесі түрге ие:
(8)
Экспоненциалдық таралуымен салыстырғанда мұнда қосымша параметр енгізілген, =1 болғанда Вейбулл таралуы экспоненциалдыққа өтеді. Сонымен, Вейбулл таралуы екі параметрлік.
Әзірленуші аппараттың сенімділігін анықтау барысында құраушы жинақ бірліктері мен бөлшектеріне талдаулар жасалады. Демек, бүкіл аппараттың істеншығу қарқындылығы, оны қарқындылығына тек ал түтін тараушы бөлшектердің істеншығу қарқындылығының қосындысына, яғни
(9)
онда аппараттан немесе онда құраушы жинақ бірліктің істеншығусыз жұмыс ықтималдығы келесі өрнек бойынша анықталады:
Істеншығуларды болдырмау шаралары
Функционалдық машиналар мен жабдықтардың істен шығуын алдын алу шараларын анықтауға және оны әзірлеуге оларды пайдаланушы кәсіпорын ақпараттары маңызды роль атқарады яғни машиналар мен жабдықтардың тағайындалуы бойынша пайдалану жағдайы, істен шығу себептері, істен шығуға жүйелі және кездейсоқ факторлардың объективті -және—субъективті таңдаулар-—жасау -нәтижесінде функционалдық-жабдықтардың тиімділігін бақылаудың критерийлерін, сонымен қатар сенімділікті арттырудың іс-шараларын әзірлеуге болады. Сенімділікті «бағалау» ұғымы, оны дәл сипаттау мүмкін болмағанның өзінде, едәуір ықтимал шама ретінде жорамалдап беруді түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда аппараттар тобы үшін істеншығу жұмыс істеу ықтималдығы сан мәні бойынша істеншығусыз жұмыс істеу
ықтималдылығына бара-бар келетін бөлігін қарастыруы мүмкін.
Жабдық сенімділігі жабдықты жобалау, сонымен қатар оны жасап шығару және пайдалану сатыларында қаланады.
Осыған орай жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін қысқаша келесідегідей үйлестіруге болады:
I. Жобалау кезеңінде - функционалдық жабдықтың барлық бөлшектерінің теңдей беріктігін қамтамасыз ету едәуір жылдам тозатын бөліктері мек жинақ бірліктер жинақтау жүктемелер мен кернеулердің шоғырлану орындарын болдырмау машиналардың жөндеу жорамалдығын қамтамасыз ету сақтандыру құрылымдарын әзірлеу.
II. Жасап шығару сатысында жанаса жұмыс істеуші беттердің беттік қабатының беріктігін арттырудың тиімді әдістері мен құралдарын қолдану; өңдеу және құрастырудың дәлдігі мен тазалығын сақтау; өңдеу және құрастырудың бақылау әдістерін жетілдіру; конструктивті элементтерін пісіру және сынау талаптарын күшейту; зауыттық жағдайда жабдықтың жұмыстық үйренісуін жоғары сапалы атқару.
III Пайдалану сатысында - жабдық тетіктерін майлау және техникалық бақылау жөніндегі нұсқамаларды; жөндеулердің және техникалық қызмет көрсетулердің мерзімді орындалуын іске асыру; процестің технологиялық параметрлерінің көрсетілғен (технологиялық регламентте) шамада болуын қадағалау, қажет жағдайда ретке келтіру бойынша жұмыстар мен іс-әрекеттер орындалады.
Өнерксәптік жабдықтар сенімділігіне жасалған кинетикалық талдаулар 90% сенімді, ол аз 10% сенімді жұмыс істейтіндігін орташа мәні 300 сағат аз. Орта есеппен алғанда химиялық өнеркәсіп үшін (өндірістің ерекшелігін ескерусіз) аз менімді жабдықтар қатарына келесі жабдықтар жатады:барлық типтегі жылу алмастырғыштар 35,8 % , араластырғышы бар ыдыстар – 25,9%; ыдыстық аппаратуралар -16,4 % , барлық типтегі кептіргіштер -35%; басқада жаьбдықтар 5,5% пайыздық көрсетулер қарастырылып отырған жабдықтың жалпы алғандығы аз сенімді жабдықтарда үшін білдіреді. Бұл топтардағы аппараттар үшін басымырақ істен шығу себептері коррозиялық тозу -64,2%, қаңқаның күйі -1,7 %, құбырлардың бітпеуі 3,2%, қорғаушы (астар) қабаттың күнреуі -6,0 %; аппарат бөлшектерінің сында -11,6 %, астек бөлшектерінің механикалық тозуы -6,2 %, сальниктердің тозуы -5,5 %; подшипниктік тораптардың тозуы -5,5%.
Такелажды жасақ және құрал-саймандар.
1.Болат арқан түрлері және қолдану орындары.Болат арқандарды қабылдау және есептеу.
Жалпы б/а әр түрлі такелажды жасақтарда және аспаптарға күш беру үшін арналған. Болат арқандар вантаны, жүкті арқанды, строп дайындау үшін пайдаланады. Б/а-ға спецификалық талап қойылады, ал талаптың мазмұны б/а қайда, қалай пайдалануына байланысты болады.
Б/а-ға қойылатын жалпы конструктивтік талаптарға келесілер жатады:
-динамикалық жүктемеге және майысу бағыты бойынша айнымалы тұрақты болуы қажет;
-иілмелі;
-берікті және ұзақ мерзімді.
Б/а-ның алты қатарлы өрімді түрі «МЖ» кеңінен қолданылады, оның ортасындағы органикалық жұмсақ зат: асбест, манильді талшық т.б. материалдардың арқасында б/а ерекшелігі артады:
-иілгіштігін арттырады;
-динамикалық жүктеме кедергісін төмендетеді;
-б/а коррозиядан қорғайтын майды ұзаққа ұстайды және күшейтілген желінуден сақтайды.
Б/а көбінесе пайдалану кезінде коррозиядан емес, ал лебедкада, барабанда, шығырларда көп майысқаннан және динамикалық жүктеменің әсерінен шаршаудан тозады. Сондықтан «МЖ» б/а жоғарғы «В» және бірінші «1» маркалы 1600-1800 МПа-да үзілу күшіне есептеп қабылдайды. Такелажды жабдықтардың габаритін азайтуда үзілу күші 2500-3000 МПа қабылдайды.
Б/а-ды таңдау және есептеу келесідей ретпен жүргізіледі:
1.Б/а түрін және типтік өлшемін қабылдайды;
2.Б/а-ға сай жүктік күші есептеледі;
3.Б/а-ды таңдау үшін оны үзілу күшіне есептейді.
Б/а таңдау оның белгіленуіне қарай, такелажды операцияларды орындау кезінде оған түсетін күштердің есебін анықтаудан басталады. Б/а үзілген әр-бір сымына қарай жарамсыз болып табылады. «МЖ»-да ГОСТ 2688-69 сай диаметрі 56 мм дейінгі б/а және ГОСТ 7668-80 сай диаметрі 63мм дейінгі б/а кеңінен қолданылады. Белгіленуі бойынша б/а өздігінен үш топқа бөлінеді:
-жүктік б/а «6х36+1,6х37+1»;
-ұстағыш б/а «6х19+1,6х25+1»;
-тасушы және стропалы «6х19+1».
Б/а зауыттан келген кезде олар арнайы сертификатпен қамтылады, ал ол б/а сапасы мен санын «ұзындығы+салмағы» растайды және б/а жалпы үзілу күшін келтіреді. Ал жалпы үзілу күшін сұраныс беруші анықтайды. Дегенмен ол күш келесі теңдеумен анықталады:
Яғни, мәні мәнінен 17%-ға жоғары болуы тиіс.
Мұндағы: -үзілу күші; -сымның жалпы үзілу күші;
Ал сертификат болмаған жағдайда б/а ГОСТ 3241-80 сай арнайы сынақтан өтеді. Сынақ нәтижесі бойынша б/а куәлік құжат беріледі.
Б/а «МЖ» үшін үзілу күшінің мәні бойынша тек созылуға есептеледі, ал ол б/а негізгі сипаттамасы болып табылады және паспортына енгізіледі.
Болат арқан үшін үзілу күші:
Мұнда: -динамикалық жүктемесіз б/а бір тармағына түсетін күш; - б/а беріктік коэффициенті.
Алынған мән бойынша стандартқа сай б/а «типін» және оның «техникалық сипаттамасын» таңдайды.
-күшін «жүктің салмағына, тармақ санына, жүйедегі б/а тармақ бағытына, жел күшіне ж.т.б.» байланысты анықтайды.
-коэффициентін «б/а белгіленуіне, жүк көтеру механизмдерінің жұмыс режиміне және строп конструкциясының құрылысына, жүктің қозғалу жылдамдығына» байланысты болады.
Мысалы: ЖР-5,0; ОР-5,5; АжАА-6,0; Мачта-3,0-5,0; Ванта-3,5; Болат арқан-3,0-4,0 ж.т.б.
Б/а диаметрінің және конструкциясының әр-түрлі болуына байланысты оның мүмкіндік мәнін анықтаймыз: «яғни б/а бір тармағы үшін және жасақтағы б/а тармақ саны үшін».
Б/а сапасын бақылау «ГОСГОРТЕХНАДЗОР» инспекторымен қадағаланады.
Үйде өз-беттерінше оқуға: «Б/а-ды пайдалану ережелері».
Б/а екі ұшын қосу үшін және стропа дайындау үшін «вниимонтажспецстрой» ұсынған , арнайы талапқа сай қысқыштар мен түйіндер қолданылады. Талап бойынша қысқышқа қысылған б/а бос соңының ұзындығы 300мм аз болмауы тиіс, ал қысқыш аралық қадамды t=6d етіп қабылдайды, ал қысқыштар санын келесі өрнекпен анықтауға болады:
Осындай конструкциялардың бірнеше түрлері төменде келтірілген:
2.1-Сурет. Болат арқанды бекіту үшін қысқыштар.
Достарыңызбен бөлісу: |