В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021



бет44/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Оқшаулы крандармен монтаждау.
Оқшаулы крандармен монтаждау, орнатылушы аппараттық салмақтың және габориттік сипаттамаларына, тұғырлық конструкциялардың (іргетас, постамент металл конструкция және т.б.) байланыста 1, 2, 3 және 4 оқшалу крандарменен, кранның аппараттық осінде остегі немесе аппарат осіне қиғаш орналастырылуыменен атқарылады. Оқшаулы крандармен монтаждау тығыз орналастырылған қондырғы маңында аппараттарды жобалық жағдайға орнатуда тиімді. Монтаждау барысында монтаждауға қатысатын крандар санына қарай аппаратта кранның жүк көтеру механизміне арнаулы келте құбырлар, тіректік құрылғылар, тепе-теңгерілуші траверсалар, сондай-ақ жылжымалы стропты траверсалар көмегімен бекітілуі мүмкін.
Монтаждалушы аппаратпен кран арасындағы өзара орналастыру жағдайы монтаждау жұмысын қауіпсіз және қолайлы жүргізудегі басты шарт болып табылады.
Монтаждау барысында жылжымалы оқшаулы кранның елеулі тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз ету үшін кран ілгегінің мүмкіндігінше аз шығуында аппаратта көтеріп орнатуға, ілгектің ең үлкен ұзындығы аппарат көтерудің бастапқы кезеңінде қажет болатын монтаждау тәсілін қабылдауға; аппаратта көтеру және орнату процесінде жүктеме әсерінде кран ілгегінің шығу диапазонының аз шамасының қамтамасыз етілуіне; кранның оқшау жазықтығынан жүктің полиспастасының минималь ауытқуына; жұптасқан крандардың кезектен қозғалуына және екінгі кранның қозғалуында қозғалмайтын кранның платформасының минималь бұрылу бұрышының; қамтамасыз етілуіне; табан асты жолдың берік болған жағдайда кранның қозғалыс бағытында кран оқшауының жоспардағы бұрышының 450 аспауына; ал әлсін жер қыртысы жағдайында қозғалу бағытына оқшау бұрышының 900 орналасуына ұмтылу қажет. Кран оқшауы ұшының көтерілуші аппаратпенен ара қашықтығы 0,5 м кем болмауы тиіс.

Биік металлоконструкцияның жалпы көрінісі
25-Дәріс тақырыбы. Ыдыстық аппараттарды монтаждау
Ыдыстық аппараттарды монтаждау

Мұнай өндеу,мұнай-химия және химия өнер кәсіп өндірістерінде сұйық және газ түріндегі шикізатты, дайын өнімдерді, сондай-ақ аралық өнімдер мен реагенттерді анықтау үшін резервуарларды қолданады.


Резервуарларды бір-бірінен көлемі (40000 м3 оданда көп )қысымы бойынша ( төмен Рр<0,004 МПа ),орташа (Рр<0,04Мпа ) және жоғары (Рр>0,04МПа) қысымдағы, материалына байланысты ( металдық, бей металдық және қиыстырылған ) сонымен қатар орналастыруына байланысты ( жер бетіне, жартылай көмілген және тік немесе жабық арнайы отырылатын) және пішініне байланысты ( цилиндрлік, сфералы және тамшы тәріздес) түрленеді.
Бұл факторлардың барлығыда мондаждалу тәсіліне елеулі әсер етеді. Металдық және қиыстырылған резервуарларды табақшалардан құрастыра отырып, зауыттық рулонды дайындамалардан оқшаулы крандарды шеврларды және мачталық крандарды қолдана отырып монтаждайды. Цилиндрлік резервуарларды дайындау және монтаждау технологиясы жақсы легірленген және де барлық резервуар типтері үшін типтік жұмыстарды жүргізу жобасы әзірленген. Резервуарларды табақшалардан құрастырып монтаждау әдісі болып қолданылады. Үлкен қабырға қалыңдығындағы ( S≥16мм) дайындап монтаждаудың мүмкіндігі; үлкен көлемдегі ( V≥50000м3) резервуарларды салу қолайлылығы, тиімді тасымалданымы өлшемдегі табақшалардың зауыттық жағдайда дайындалуы резервуар құрылысындағы пісіру және құрыстырумен байланысты жұмыстардың негізгі көмнгінің мамандандырылған арнаулы жұмыс орындарында дайындалуы. Талап етілген сынаны қамтамассыз етеді. Тойтарма қасына электрдогына пісіруді қолдану резервуар сынуға кететін металшығынынан 15-18% үнемдеуге мүмкіндік береді. Сынамен қатар конструкцияны ұтымды теңестіре отырып оның дайындалуының еңбек шығындылығын төмендетеді. Резервуардағы табақшалы құрастырып монтаждау келесідегідей орындалады. Дайындалған тұғырда пісіріп ұстап отырып түппен жиегін құрастырады. Сонан соң резервуар түрін белгілеп ( разметка ), (центрін, қаңқа жағдайын және түптің сыртқы диаметрін ) бірнеше белдемшесін арнаулы талаптар көмегіменен құрастырып келтіреді. Екінші және кейінгі беделдерін кептіру үшін резервуардың қабырғасына құрастыру-пісіру жұмыстарын жүргізу үшін бекітіледі.Құрастыру монтаждау жұмыстары үшін жылжымалы оқшаулы кранды қолданады.Резервуардың толық жиналуы аяқталғаннан соң қызмет көрсетуші алаңдар мен қорғандар келтіріледі.
Резервуарларды монтаждауда жемісті түрде рулондық дайындамалар кеңінен қолданылады.Әдісті пайдалану 80% жуық пісіру жумыстарын арнаулы жабдықталған жұмыс орында атқарудың нәтижесінде еңбек сиымдылықты азайтып ,пісіру жұмыстарының сапасын 30%ға арттыруға мүмкіндік береді. Рулондар монтаждау алаңына каркастарға немесе шақталы сатыларға жеткізіледі .
Рулондық дайындамалармен резервуарларды монтаждау мерзімін 3-4 есеге азайтады.
Монтаждауға келіп түскен рулонның диаметрі 3м,ұзындығы 12-18м және салмағы 45-47 т-ға жетеді.
Резервуар құрылысында цилиндрлік пішімді резервуарларменен қатар сфералық және тамшы тәріздес пішімдегі резервуарларды салу мәселесі орын алады. Тамшы тәріздес резервуар тұтастай пісірілген тамшы пішімді конструкция болып келеді де,каркастан ,қабықшадан тұрады.Мұндай резервуарларды монтаждауда жемісті түрде табақшалы әдіс қолданылады.Резервуардан әрбір табақшасы қилы қисықтыққа йе.Резервуар қабығы немесе экваторлық бағаналы тіректе орналастырады.Монтаждау түпті жинау ,сонан соң каркаста және табақшаларды жинап пісіруден тұрады. Жинау дұрыстығы шаблонменен жүреді.Жинау барысында ең алдыменен меридианды сонан соң сақиналы қырлар пісіріледі. Монтаждау тұрақтылыққа (беріктікке) және тығыздыққа тексеруменен жүреді.Беріктікке сынау 40 000 Пa артық қысымда орындалса,тығыздыққа сынау 3000Па босаңсуда атқарылады. Тамшы тәріздес резервуарды монтаждау барысында пішіні конфигурацияның күрделігіне орай рулонды әдіс қолданымсыз.Сфералы резервуарды монтаждау.Мұндай резервуарлар 2000м3 сиымдылықта болады да,0,6 МПа қысымға есептеледі.Ыдыс жиі сұйықталған газдарды сақтау үшін қолданылады.Резервуар бағанаға немесе сфералы сақиналы тірекке сфераны немесе блоктарды жиналып монтаждалады.Нақты әдістің қолданылуы аппаратың сиымдылығына ,көлеміне байланысты.Мысалға ірі көлемдегі резервуарларды құрастырып монтаждайды.Монтаждау барысында пісіруді қырларды Х-тәріздес өңдеуменен жүреді.Пісіру екі жақты жік түсіруменен жүреді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет