В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021



бет49/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Центрлеуші аспаптар.
Құбырларды центрлеу үшін түрлі конструкциядағы центраторларды қолданады. Бұл центрлеуші аспаптар түйіспенің ішкі және сыртқы беттерін қарастыруы мүмкін. Центрлеуші центратордың механизмімен келтірілген радиал күштің есебінен жүргізіледі. Мұндай центраторменен d 529-720мм құбырларда 80 кН күш түсіре отырып центрлейді. Центратор орнатылушы базалық элементтен(қысқыштан), топсалы механизмнен, скобадан және күштік құрылғыдан тұрады. Механизм қыса отырып, радиал күштерді (R) туындайды да, центрлеуін қамтамасыз етеді. Центраторды сығу механизмі электрлік, механикалық және эксцентрикті болуы мүмкін.
Құрастыру кондукторлары мен қабырғалар.
Аппараттық цилиндрлік қабықтарын құрастыру үшін құбырдан және роликтік тіректерден жасалған кондукторларды қолданады. Кондуктор горизонталь жазықтықта бір-біріне параллель орналастырылған екі құбырлар тізбегінен тұрады. Бұл құбырлар өзара берік байланыстырылған. Түйістірулуші қабықтар кондуктор құбырлары айшығы орнатылады да, өз салмағы әсерінен жеткілікті дәрежеде центрленеді.
Центрленуші қабықтың ауырлық күші тарапынан құбырмен жанасу нүктесінде рдиустық бағытталған тіректік реакция R орын алады. кез келген бұрышында R реакциясының вертикал құраушысы тең, ал горизонтал құраушысы Н=V
Бұл күш құбырларды ығыстыруға ұмтылады, сол себепті құбырлар өзара стяжкаларменен бекітілуі тиіс.
Біршама жетілген құрастыру құрылғысы, бұл роликтік құрастыру қабырғасы. Қабырға жетектік және бос қозғалысқа келтірілуі мүмкін. Роликтік тіректер саны қабырғаның жүккөтергіштігін анықтайды. Сонымен қатар бұл қабырғалар стационар немесе жылжымалы болуы мүмкін. Стационар құрастыру қабырғалар ірге таста , жағдайы реттеліп орнықтырылса, ал жылжымалы қабырғалар бағыттаушы рельстерде орнатылады. Қабырғалардың жазықтықтарға қатысты орнықтырылу жағдайы дәл болуы тиіс. Себебі орнығу дәлдігі құрастыру дәлдігіне елеулі әсер етеді. Түйістіруші қабықты айналдыру үшін түрлі конструкциядағы айналдырғыштарда қолданады- кескін бетті, шынжырлы және роликтік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет