Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет86/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106
Микро рк 03.12.20

Агглютинациялық 
реакция(лат.agglutinatio-желімдеу)-корпускулалық(бактерия, 
эритроцит) 
антигендерді 
антиденелермен 
байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция. АР нәтижесі оң болған жағдайда көрінетін тұнба пайда болады. АР пайдалану 
мақсаты: аурудың қан сарысуындағы антиденені анықтау; аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін анықтау.
Ауруда антидене бар екенін анықтау үшін АР жайылған түрін қолданады: сарысудың әртүрлі ерітіндісіне диагностикум 
(физиологиялық ерітіндіде өлтірілген микробтар) қосылады, термостатқа +37С бірнеше сағатқа қойып, ең жоғарғы сұйылтуда пайда 
болған тұнбаны байқайды.
Егер науқастан алынған белгісіз қоздырғыштың түрін анықтау қажет болса, онда АР болжау түрін қолданады. Реакция зат шынысының 
бетінде қойылады, нәтижесі оң болғанда реакцияның жайылған түрін қояды.
Қажет компоненттер: иммундық жануар немесе ауру науқастың сарысуынан алынған антиденелер(агглютинин); антиген-тірі немесе 
өлген микробтардың, эритроциттердің немесе басқа жасушалардың жиынтығы; Изотониялық (0,9%) натрий хлоридінің ерітіндісі. 
Реакция нәтижесі оң болса- ірі және ұсақ үлпектердің пайда болуы байқалады, теріс болса- сарысу бірқалпы лайланады. 
Асколи термопреципитация реакциясы-сібір жарасының қоздырғышын немесе оның антигенін анықтау үшін преципитация 
реакциясы (термопреципитация). 
Зерттелетін материал-өлген жануарлардың ағзалары, терілері, терісі, жүні, сондай-ақ киіз (кейде ет, шұжық және сүт өнімдері). 
Зерттелетін материалдан 5-45 мин арасында қайнату арқылы натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде сору(вытяжка) немесе 
натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісінде 0,5% карбол/сірке қышқылының антигенін экстракциялайды. Экстрактты қағаз фильтрмен 
немесе асбест мақтасы арқылы фильтрлейді. Преципитация үшін жіңішке пробиркаға иммундық преципитациялайтын сібір жарасына 
қарсы сарысуды құяды және оған сыналатын экстрактты абайлап енгізеді. 
Сарысулар мен экстракттың арасындағы шекарада оң реакция болған кезде дереу немесе 5-10 минуттан кейін одан да қарқынды болатын 
сақиналы түңілу(помутнение) пайда болады. Алынған нәтиженің ерекшелігін растау үшін Асколи реакциясы контрольмен 
сүйемелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет