4)Өндіріс аймғында тамақтануға,
шылым шегуге, сусын ішуге, тамақ өнімдерін сақтауға болмайды.
5)Жұқпалы аурумен ауыратындарға, жарақаттары бар адамдарға дәрі-дәрмек өндіруге тыйым салынады.
6)Өндіріс орнына кіретін қызметкердің киімі үй-жайдың мақсатына сәйкес болуы керек.
7)Қызметкерлер қол жууға уйретілу керек.
Бөлмелерге қойылатын талаптар. Микроорганизмдер мен механикалық бөлшектердің құрамына байланысты барлық тазалық
бөлмелері тазалықтың 4 класына бөлінеді (A, B, C, D)
А
класы-толтыру, тығындау аймақтары сияқты өнімнің сапасы үшін жоғары қауіп төндіретін операцияларды жүргізуге арналған
жергілікті аймақ; ампулалар мен құтылар ашық күйде болатын және асептикалық жағдайларда Жабдық
бөліктерінің қосылыстары
орындалатын аймақтар. Мұндай жағдайлар жұмыс орнындағы ламинарлық ауа ағынымен қамтамасыз етіледі. Ламинарлық ауа ағыны
жүйелері ашық таза үй-жайдың жұмыс аймағында 0,36-0,54 м/с диапазонындағы ауаның біркелкі жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Ламинарлықты ұстап тұру дәлелденген және валидирленеді. Жабық оқшаулағыштар мен қолғабы бар
бокстарда жылдамдығы аз бір
бағытты ауа ағынын пайдалануға жол беріледі.
B класы-асептикалық дайындау мен толтыруға арналған A класты тікелей қоршаған аймақ.
С және D кластары - стерильді өнім өндірісінің аз қиын кезеңдерін орындауға арналған таза аймақтар.
Жарықтандыру, ылғалдылық, температура, және желдету талапқа сай болуы және олардың өнім сапасына жағымсыз әсер көрсетілмеуі
талап етіледі.
Ішкі қабырғалары тегіс және жылтыр, жеңіл тазаланатын болуы керек.
Құбырлар, желдеткіш қондырғылар тазалауда қиындық тудырмайтын тереңдікте болуы қажет.
Карантин болған жағдайда азықтар басқа бөлмелерде сақталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: