Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Иммунитет және қорғаныстың бейспецификалық факторлары. Иммунитет түрлері. Фагоцитоз. Анықтамасы. Фагоцитоз кезеңдері



Pdf көрінісі
бет48/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106
Микро рк 03.12.20

10. Иммунитет және қорғаныстың бейспецификалық факторлары. Иммунитет түрлері. Фагоцитоз. Анықтамасы. Фагоцитоз кезеңдері. 
Иммунитет (латын т )– дербес құқықтық, зат әсерінен, не әр түрлі себептен босатылған, не арылған деген мағынада болады. 
Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады. Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады. Иммундық жүйенің антигендерді заласыздандыру ісі 
бейспецификалық факторлармен толықтырылып, ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.
Арнайы қорғанысты қамтамасыз ететін факторлар: антиденелер, иммундық фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксикалық әрекеті, гиперсезімталдық жедел, гиперсезимталдық 
баяу түрі, толеранттық және иммунологиялық есте қалу.


Егер антигендер бейспецификалық бірінші қорғаныс факторлар кезеңінен өтіп кетсе онда іске екінші шептегі спецификалық факторлар кіріседі, яғни екі шеп қоян-қолтық 
тығыз байланыста іс атқарады. Сонымен қатар, антигендерді заласыздандыру үшін қорғаныс факторларының барлығының қатынасуы міндетті емес. Бірақ, ағзаны 
антигендерден қорғау жолында көбінесе иммунитеттің спецификалық және бейспецификалық реакциялары бірлесіп жүреді.
Иммундық қорғау факторлары:
1. Тумысынан пайда болған: Механикалық кедергі (тері, шырыш), Физика-химиялық кедергі(ферменттер), Биологиялық кедергі(фагоцитоз, комплемент). 
2. Жүре пайда болған: Антидене түзу. Иммунды фагоцитоз. Лимфоциттердің киллерлік ісі. Толеранттық. Иммунологиялы есте қалу. 
Иммунитет түрлері: 
Түрлік (тумысынан, тұқымқуалаушылық
генетикалық, конституционалдық) 
Журе пайда болған 
Белсенді (табиғи, жасанды) 
Енжарлы (табиғи, жасанды) 
Гуморалдық 
Жасушалық 
Жергілікті 
Жалпы 
Стерилді 
Стерилді емес 
Антитоксикалық 
Бактерияға қарсы 
Вирусқа қарсы 
Саңырауқұлақтарға қарсы 
Ісіктерге қарсы 
Трансплантациялық 
Гельминттерге қарсы 
Фагоцитоз- организмді бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар 
атқарады. 
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жыйнақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, 
перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жұлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты 
жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және баска жасушалар кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет