Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет69/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106
Микро рк 03.12.20

 
16 
Бактерияларды in vitro жүйесінде дақылдандыру қоректік орталарда жүзеге асырылады. Жасанды қоректік орталар келесі 
талаптарға сай болуы тиіс: 
1. Бактериялардың барлық тіршілік процестері суда өтетіндіктен кез-келген қоректік ортада жеткілікті мөлшерде су болуы қажет. 
2. Гетеротрофтық бактерияларды дақылдандыру үшін ортада органикалық көміртегі көзі болуы керек. Бұл қызметті түрлі 
органикалық қосындылар атқарады: көмірсулар, аминқышқылдары, органикалық қышқылдар, майлар. Ең жоғарғы энергетика 
көзі глюкоза болып табылады, өйткені ол ыдырау барысында тікелей АТФ және биосинтетикалық жолдарға қажетті 
ингредиеннттерге бөлінеді. Бұл мақсатта ақуыздардың жартылай гидролизінің өнімі, поли-, олиго-, дипептидтерден 
тұратын пептон жиіпайдаланылады. Пептон және де бактериалдық ақуыздарды құруға қажетті аминқышқылдарын жеткізіп 
отырады. 


3. Ақуыз, нуклеотидтер, АТФ, коферменттер синтездеу үшін бактерияға азот, күкірт, фосфат және басқа да минералдық заттар 
мен микроэлементтер қажет. 
Азот көзі ретінде пептон болуы мүмкін, сонымен қатар көптеген бактериялар азот көзі ретінде аммоний тұздарын пайдалана 
алады. 
Күкірт пен фосфорды бактериялар бейорганикалық тұздар ретінде дпайдалануы мүмкін: сульфаттар және фосфаттар күйінде. 
Ферменттердің дұрыс жұмыс жасауы үшін бактерияларға Ca
2+,
Mg
2+,
Mn
2+,
Fe
2+
иондары қажет, оларды қоректік орталарға 
фосфат тұздары ретінде қосып отырады. 
4. Көптеген микроорганизмдердің өсіп-өнуінде орта pH маңызды орын алады. Ортаның pH-ын белгілі бір деңгейде ұстап отыру, 
бактериялардың өздерінің тіршілік өнімдерінің нәтижесінде пайда болған улардан өліп қалмауы үшін қажет. Осы мақсатта 
қоректік ортаны фосфаттық буфер көмегімен буферлеп қояды. Зат алмасудың нәтижесінде шамадан тыс қышқыл бөлінген 
жағдайда қоректік ортаға кальций карбонатын қосады. 
5.Ортаның белгіленген осмостық қысымы болуы керек. Бактериялардың көпшілігі изотониялық орталарда өседі, ал ортаның 
изотониялық болуы NaCl-дін 0,87%-дық концентрацияда қосу арқылы жеткізіледі. Кейбір бактериялар тұз концентрациясы 1%-
дан төмен орталарда өсе алмайды. Бұндай бактерияларды галофильді бактериялар деп атайды. 
Қажет болған жағдайда қоректік орталарға өсу фаторларын, кейбір бактериялардың өсуін басатын ингибиторлар, ферменттер 
әсерін күшейтетін субстраттар мен индикаторлар қосылады. 
6. Қоркетік орталар стерильді болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет