Генетикалық рекомбинация - екі геном арасындағы, яғни рекомбинант ДНҚ түзілуіне, екі ата - ананың да гендеріне сай бүршіктік
геномның түзілуіне әкелетін әр түрлі генотиптері бар екі геннің ара - қатынасы.
Рекомбинацияның мәнісі - бактериялар арасында генетикалық ақпаратты тасымалдау болып табылады. Ол келесі үш механизм арқылы
жүзеге асырылады: конъюгация (бактериялар қатынасы кезінде біреуі конъюгативті плазмиданы алып жүреді), трансдукция (әлсіз
бактериофагтың көмегімен) трансформация (жоғарыполимеразалы ДНҚ көмегімен).
Конъюгация.Генетикалық материалды донор - жасушадан реципиент – жасушаға жасушалардың жанасуы кезінде берілуін конъюгация
деп атайды.
Трансдукция - бактерия ДНҚ - ның әлсіз бактериофаг арқылы берілуін айтады. Трансдукцияның екі типі болады: жалпы трансдукция –
бактерияфаг бактерия хромосомасының кез келген бөлігін тасымалдайды; спецификалық трансдукция – фаг ДНҚ – лы бактерия
хромосомасына аурулардың соматикалық аурулардан ерекшелігі;
1)қоздырғыштың болуы; 2)жұқпалылығы; 3)аурудың кезеңдері мен өтуі (4 кезеңі болады); 4)арнайы иммунитет п. б.
Патогенділік– микроорганизмнің инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігі, ол микробтың түрлік қасиеті, микроорганизмнің
патоморфологиялық, патофизиологиялық және клиникалық көріністермен сипатталады. Ол микробтардың әртүрлі патогенділік
белгілеріне (капсула түзу, ферменттер және токсиндер бөлу т.б.) жауап беретін гендермен байланысты (toxген т.б.)
Вируленттілік – патогенділіктің жоғары дәрежесі немесе сандық мөлшері, ол арнайы бірліктермен (DLM, DCL, LD 50) өлшенеді.
DLM (dosis letalis minima) – тірі микробтардың өлім туңызатын ең аз дозасы, жұқтырылған жануарлардың 80- 90% өліммен аяқталады.
DCL (dosis certa letalis ) – сөзсіз өлім туғызатын дозасы. Жұқтырылған жануарлардың 100% өліммен аяқталады.
LD 50 – жануарлардың 50% өлім туғызатын доза. Инфекция түрлері(формалары). Қоздырғыштың қасиеттеріне, табиғатына, макроорганизмде оның орналасуына, таралу жолдарына,
макроорганизм жағдайына байланысты инфекцияның келесі негізгі түрлерін ажыратады:
* экзогенді форма патогенді микроағзаның сырттан – науқастардан немесе бактерия тасымалдаушылардан, қоршаған ортадан сумен,
тамақпен, ауамен, топырақпен өтуі нәтижесінде пайда болады ·
* инфекцияның эндогенді түрін шартты-патогенді микроорганизмдер – макроорганизм резистенттілігінің төмендеуі нәтижесінде ағзаның
қалыпты микрофлорасының өкілдері тудырады (тоңазу, жарақат, жедел араласу, иммунитет тапшылығы жағдайы).