Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №3(73), 2022 ж.
27
бағалау ұсыныстары және қажетті ресурстар болады. Блок сыныпта әртүрлі оқыту әдістерін
қолдана отырып оқытылады, олар кейде зертханалық сабақтарды немесе АКТ құралдарын
(мысалы, оқу құралдары, модельдеу) қамтиды. Ал интеграциялау тәсілі оқытудың келесідей
формаларын қамтиды: әртүрлі көздер мен тәжірибелерден алынған дағдылар мен білімді
біріктіру, әртүрлі білім беру контексттерінде дағдылар мен тәжірибелерді қолдану, белсенді
оқытуды енгізу және әртүрлі оқу ресурстарын пайдалану деген секілді.
Атап айтқанда, химиялық білім беруде интеграциялау тәсілі келесі білім салаларын
біріктіреді:
басқа пәндерден алынған білім (мысалы, физика: газ заңдары, энтальпия;
математика: теңдеулер, қорытынды);
пәнаралық дағдылар (мысалы, деректерді жинау, түсіндіру және ұсыну;
айнымалыларды анықтау және бақылау;
гипотезаларды тұжырымдау және эксперимент);
оқушыларға бағытталған оқыту әдістері (мысалы, белсенді және кооперативті оқыту,
проблемаларға негізделген оқыту,
жобаларға негізделген оқыту, жаңалықтарға негізделген
оқыту және т. б.);
сыныптар мен зертханалардағы оқу ресурстары мен жабдықтары.
Достарыңызбен бөлісу: