Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №2(78), 2022 г. 212 Мрнти



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата12.10.2023
өлшемі1.34 Mb.
#480633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
691-Текст статьи-4989-1-10-20221011

Keywords: Python, algorithmization, programming, educational resource, LMS environment with Canvas, 
Bigbluebutton video conference. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №2(78), 2022 
213
Кіріспе 
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша орта мектепте информатика мазмұнында Python 
программмалау тілі орын алып отыр. Stack Overflow, GitHub, JetBrains, TIOBE, Statista және PYPL 
деректерін талдауы бойынша 2021 жылы Python-ға сұраныстың қаншалықты үлкен екенін нақты айта 
аламыз.Python тілін көбінесе Java, JavaScript және C++ сияқты кең тараған, танымал басқа тілдермен 
салыстырылады. Біз Google Trends-ті 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың ақпанына дейін бүкіл 
әлемдегі Google іздеу сұрауларында осы тілдердің танымалдылығын бағалау үшін қолдандық. Осы 
салыстыру диаграммасы бірінші орында – Python, одан кейін Java және JavaScript бағдарламаларын 
көрсетті. Бұл Python тілінің танымалдылығының жыл сайын артып отырғандығын білдіреді. Python 
тілінің кең танымалдылығы көптеген операциялық жүйелерде жеңіл орындалатындығымен, 
синтаксисінің қарапайымдылығы, тегін жүктелетіндігі, жоғары деңгейлі мәліметтер құрылымының 
(тізімдер, жиындар, ассоциативті жиындар, ұзын арифметика), объектіге бағытталған бағдарламалау 
құралының, графикалық web-қосымшаларды оңай өңдеуге болатын бай кітапханасының болуымен 
түсіндіріледі. 
Зерттеу барысындағы сараптамалық талдаулар оқулықтар мен оқу құралдарында программалау 
тілі бойынша қажетті материалдар жеткілікті болғанымен оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы 
үшін қолжетімді білім беру ресурстарының аз екендігін көрсетті. Python программалау тілі бойынша 
оқушылардың сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта өз бетінше жұмыс жасауға арналған білім 
беру ресурстарын құрастыру және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі 
болып саналады. 
Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептерде «Информатика» пәнін оқытудың маңызды 
мәселелері қарастырылған. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ақпараттық процестер шешуші рөл 
атқарады. Қазіргі уақытта адам қызметінің бірде-бір саласы қолданылатын ақпараттық 
технологиялардың сапасына белгілі бір дәрежеде тәуелді бола алмайды. Дәл осы себепті 
информатика ақпаратты өңдеу, сақтау және беру әдістері туралы ғылым ретінде қазіргі уақытта өзінің 
дамуында теңдесі жоқ секірістерді бастан кешіруде. 
Программалау тілдерін оқыту мәселелері отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде 
жеткілікті түрде жан-жақты зерттелгеніне қарамастан, ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологиялардың үнемі дамуы информатика курсының сәйкес тараулары бойынша қолданыстағы 
әдістемелік оқыту жүйесін жетілдіруді талап етеді. 
Информатика пәнін оқытуда объективті және субъективті мәселелерді ажыратуға болады. 
Педагогикалық практиканы жан-жақты өзгертпей және информатиканы оқыту теориясын 
жетілдірмей объективті мәселелерді шешу мүмкін емес, өз кезегінде мұғалімнің өзі әдіскерлердің 
қолдауымен субъективті мәселелерді шешуге тырысады. Информатиканы оқытудағы аталған 
мәселелер мен қайшылықтарды білу мұғалімге оларды шешуге немесе олардың ауырлығын 
жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл мәселелерді тану мектепте информатиканы оқыту 
әдістемесін жетілдіру бағытын көрсетеді, яғни мұғалімнің эксперименттік және ғылыми-әдістемелік 
жұмысының бағытын анықтайды. 
Программалауды оқыту кезінде бар бөлек программалау курстарын пайдалана отырып, барлық 
аталған парадигмалардың ерекшеліктерін дәйекті зерттеуден өту мүмкін еместігінің маңыздылығын 
атап өткен жөн, өйткені бұл жағдайда: 
– білім берудің әртүрлі және бір-бірімен байланысы жоқ әдістемелік жүйелері бар, сондай-ақ білім 
берудің мақсаттары мен мазмұны, қолданылатын құралдары мен әдістері әртүрлі; 
– программалау тілдерінің алгоритмдері мен конструкцияларын жасау тәсілдерін салыстыру 
мүмкін емес; 
– әдістемелік жүйелердің жиынтығы ақпаратты өңдеу үшін шешілетін мәселені талдау және 
белгілі бір мәселені ең оңтайлы шешудің парадигмасын таңдау дағдыларын меңгеруді қамтамасыз 
етпейді. 
Жоғарыда айтылғандардың барлығы осы зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет