Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №2(78), 2022 г. 212 Мрнти



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата12.10.2023
өлшемі1.34 Mb.
#480633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
691-Текст статьи-4989-1-10-20221011

Әдебиеттерге шолу 
Бағдарламалау тілін оқытудың кешенді тәсілдері арқылы білім сапасын арттыру мәселелерін 
шешуде компьютерлік 
модельдеу 
және 3D 
графикалық 
технологияларды 
пайдалану 
А.А.Мартынюктің еңбегінде қарастырылған [1]. Осы еңбекте білімді жүйелеу және сәйкес 
технологияларды енгізу арқылы оқушыларды ынталандыру деңгейін арттыруға, жобалық іс-әрекет 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №2(78), 2022 г. 
214
дағдыларын қалыптастыруға, пәнаралық байланысты нығайтуға, сонымен бірге олардың кәсіби және 
тұлғалық өз бетінше білім алуына ықпал ететін факторлар анықталған. Л.Л. Босова Ресей 
мектептерінде бағдарламалау тілдерін оқыту тәсілдерін және оқытудың артықшылықтары мен 
кемшіліктерін зерттеп, анықтаған [2]. АҚШ, Еуропа және Азия елдеріндегі мектеп оқушыларына 
бағдарламалауды оқытудың қазіргі жағдайы талданады. Мектеп оқушыларына бағдарламалау тілін 
оқытудың оқытуды ерте бастау, міндетті және үздіксіз бағдарламалауды оқыту, бағдарламалаудың 
әртүрлі заманауи орталары, бұлттық қызметтерді қолдану, жобалық тәсіл және бағдарламалау тілін 
оқыту әдістемесі, жұмыстың командалық формасы сияқты негізгі халықаралық тенденциялары 
анықталды: О.А. Кочеткова мен Ю.Н. Пудовкинаның [3] зерттеуінде электрондық оқу құралын 
пайдалана отырып, мектеп оқушыларын Python тілінде бағдарламалауды оқыту әдістемесі 
талқыланады. Сонымен қатар, орта мектепте Python бағдарламалау тілін оқыту оқушылардың 
бірыңғай мемлекеттік емтиханға және олимпиадаларға дайындық сапасын арттыратындығы 
көрсетілген. Д.С. Попкованың ғылыми мақаласында информатика пәнінен оқушыларға
бағдарламалау тақырыптарын оқытуға арналған негізгі педагогикалық әдістердің өзара байланысы 
мен өзектілігін қарастырған. Инновацияларға байланысты fқпараттық технологиялар тақырыптарын, 
оның ішінде бағдарламалау тақырыптарын енгізу оқулшыларға технологиялар және бағдарламалау 
тілдері туралы базалық білімді қалыптастыру тәсілдерін қарауды талап ететіндігі көрсетілген [4].
Білім беру жүйесінде бағдарламалау тілдері бойынша сабақтар өткізудің артықшылықтары мен 
кемшіліктері Makeichik Е.G. еңбегінде қарастырылған. Бағдарламалау пәндерінен дәріс-практикумды 
қолдану мүмкіндігі талданып оқытудың аралас түрін қолдану ұсынылған [5]. Информатика пәні 
бойынша бағдарламалау тілдерін үйренудің негізгі бағыттары және Информатика және АКТ 
бойынша бірыңғай мемлекеттік емтиханда қолдануға болатын бағдарламалау тілдері (Basic, Pascal, C, 
Python, алгоритмдік тіл) мен олардың негізгі ерекшеліктері ғылыми еңбектерде талданып
салыстырмалы талдаулар жасалған. Python бағдарламалау негіздері элективті және негізгі пән 
бағдарламасы ретінде оқытуға ұсынылып, мақсаттары мен міндеттері, тақырыптық жоспарлау
курстың мазмұны, оқытудың болжамды нәтижелері кеңінен көрстеілген [6,7,8]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет