Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №2(78), 2022
217
Әр бөлімде тақырып бойынша 9 бейне сабақ, 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары және жеке
тапсырмалар жасалған (5-сурет).
Сурет 5.Canvas білім беру ресурсында жүктелген жалпы оқу курсының мазмұны
Зерттеу
нәтижесінде
құрастырылған
LMS
Canvas
платформасындағы
білім
беру
ресурсын мұғалімдер мен оқушылар пайдалану үшін қол жетімді платформаға
логин мен құпиясөз
арқылы тіркелу жеткілікті. Python бағдарламалау тілінің алфавитінен бастапқарапайым
бағдарламалау элементтерінің түсіндірулері және тапсырмаларды орындау арқылы алынған білімді
бекітуге болады. Құрастырылған білім беру ресурсының тиімділігін тексеру мақсатында жалпы білім
беретін орта мектептерде арнайы эксперимент жұмыстары жүргізілді.
Информатика пәнін оқыту
барысында Canvas платформасында арқылы 6-сыныптарға Python программалау тілі бойынша
құрастырған білім беру ресурсын пайдалану ұсынылды. Платформадағы оқу материалдарын
пайдаланған оқушылардың оқу үлгерімі біршама жақсарып, пәнге
деген қызығушылықтары арта
бастағанын байқадық. Сандық және сапалық талдау жасау мақсатында тақырып бойынша
дискуссиялар ұйымдастырып, осы қолданбада сынып журналын қалыптастырдық. Сонымен бірге
курс аясында арнайы келісімді факультативтік
сабақтар ұйымдастырып, Веб-парақшалар жасау,
енгізілген файлдарды басқару, пәннің мазмұнын бойынша ұсыныстар құру,
пән бойынша оқу
нәтижелерін бақылау, жоспарды тарауларға бөлу, тест сұрақтарын қалыптастыру, модульдер
бойынша топтау әрекеттерін жасауға белсенді оқушыларды қатыстырдық.
Сондай-ақ, онлайн оқу
кезінде Bigbluebutton бейне конференциясын нақты уақыт режіменде сабақ өту үшін пайдаландық.
Ынтамақтастық бөлімінде оқушылар «Google docs» қызметі арқылы бірігіп жұмыс істеп, қатысу
бөлімінде оқушылардың сабаққа қатысуын мониторинг жасадық. Талдау бөлімінде оқу үлгерімдерін
талдау жасауға, баптау батырмасы арқылы курсты басқаруға болады.
Canvas-та оқушылармен хат
алмасу, басқа курстарға қосылуға мүмкіндіктері де кеңнен қарастырылған. Зерттеуге информатика
пәнінен 6-сынып оқушылары қатыстырылды. Экспериментке 26 оқушы қатысты.
Оқушылардың экспериментке дейінгі (6-сурет) оқу үлгерімдері мынадай болған: өте жақсы-
6(13%), жақсы-13(36,4%), қанағаттанарлық-7(18,2%). Эксперименттен кейін (7-сурет) оқушылардың
оқу үлгерімдері мынадай болды: өте жақсы-8(31%), жақсы-14(54%), қанағаттанарлық-4(15%).
Сурет 6. Экспериментке дейінгі оқу үлгерімдері
Сурет 7. Эксперименттен кейінгі оқу үлгерімдері
5; 19%
14; 54%
7; 27%
Достарыңызбен бөлісу: