ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 113
тілді қалыптастырса, ішкі нарық пен орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы ортақ территорияны
қалыптастырған болатын. Ал Ұлы географиялық ашылулар қазіргі ғаламдыстырудың бастамасы ғана
болған жоқ, сонымен бірге революцияларды бастан кешірген халықтардың өз іс-әрекеттерін ақтайтын
философиялық, саяси ойларын дүниеге алып келді және қоғамның дамуының барлық саласы бойынша
өзара бәсекелестік бастауы болды.
Ұлттық идеалдардың ішінде барлығының жүзеге асуына негіз болатын бастысы ұлттық идеяға
айналады. Зерттеулерде ұлттық идея мәселесіне жан-жақты көзқарастарды келтіруге болады. Арапов
М.В. және Мирский Э.М. «ұлттық идея қоғамдағы және оның ұяшықтарындағы саяси күштердің
бәсекелестіктерінің нақты шекарасын белгілейді, ал оның түп тамыры қоғамның, тіпті тұтастай алғанда,
мемлекеттің аталмыш ұяшықтарының тұтастығына қауіп төндіретін қақтығыс бар. Ұлттық идея оларға
тарихи оқиғалар, жеке атаулар ретінде мәртебе берілген көптеген ғасырлар бойы сүзгіден өткен
шешімдерді қабылдау мен жүріс-тұрыс моделі ретінде қолданылатын образдардан жинақталады, ал олар,
өз кезегінде «біздің территория» түсінігін қалыптастыратын ұлттық пантионды топониндерді құрайды»,-
деп есептейді [8].
К.Г. Красухин «Ұлттық идея – бұл белгілі бір идеологиялық конструкция, ол ұлттың өзін-өзі тануы
процесіне әсер ете отырып, оның күнделікті өмірге және болашақ дамуға байланысты стереотиптерін
көрсетуі керек», - деп жазды [9].
Уақытында көптеген елдерде әр түрлі ұлттық идеялар қалыптасты. Біріне тоқталсақ Ресейдегі «орыс
идеясы». Оның мағынасы мен мазмұны туралы Д.Д. Драгунский былай дейді: «Бұл орыстардың өздерін
және әлемдегі өздерінің ерекше орындары туралы түсініктері. Алайда, орыс ойы өзіне емес, өздерінің әлем-
дегі алатын орындарына баса назар аударады – орыстардың өзіндік бітімі орыс мақсаты арқылы анық-
талады. Яғни Орыс идеясы түпкілікті нәтижеде ерекше миссия идеясына тұғырланады» деп айтқан. [10].
Әдетте әр түрлі көзқарастардың қалыптасуына қоғамдағы саяси топтардың қоғамдағы орны мен
білім дәрежесі, саяси мәдениеті әсер етеді. Міне осыдан келіп негізгі басты идея мен сол идеяны жүзеге
асырудың жолдарын ұсынған идеялардың жиынтығын – идеология пайда болады.
Идеология – бұл ұлттық идея негізінде қалыптасқан және оны жүзеге асырудың әр түрлі жолдардың
негіздеген идеялық ағымдар. Әр түрлі елдер тарихи, саяси жағдайларға байланысты әр түрлі идеология-
лар қалыптасады. Ұлттық идеологияны жүзеге асыруға әр түрлі әлеуметтік топтар өз мүдделерін сақтай
отырып атсалысатын болғандықтан олардың ұлттық идеяны жүзеге асыру жолдары да әр түрлі болады
және соның негізінде әр түрлі идеологиялар қалыптасады.
К.Манхейм мүдделер қарама-қайшылығын идеялар қарама-қайшылығына айналдыратын интеллек-
туалдар деп есептейді [11]. Неміс ғалымы У. Матц идеология – бұл қоғам дағдарысқа ұшырап, сүйеніш
іздеген кезде кездейсоқ табыла алған балдақ іспеттес деп суреттейді [12].
Идеология ұғымы ғылыми айналымда ХІХ ғ.бірінші жартысында пайда болды және оны ұсынған
француз философы және экономисі А. де Траси боды. Ол «егер біз оның тақырыбын және грамматикасын
алатын болсақ, егер біз оның құралына, логикасына мән беріп, оның мақсатын қарастыратын болсақ,
онда бұл ғалымды идеология деп атауымыз керек» деп жазды [13].
Тағы бір осы тақырыпты қозған ғалым Е.Савеленок «идеология ұғымының» эволюциясын үш
кезеңге бөледі:
1) идеялар туралы ғылым, олардың пайда болуы және қоғамның даму тәжірибесінде пайдалану
заңдылықтары зерттейді (ХІХ ғ.басы);
2) қоғамдағы әр түрлі теориялар мен көзқарастардың саяси-әлеуметтік бағыттарын анықтайтын ұғым
ретінде (ХІХ ғ. - қазірге дейін);
3) идеология зерттеу пәні ретінде және әлеуметтік ғылымдарда құралдық ұғым ретінде (Махеймнің
«білім социологиясы» және т.б.).
Ал енді идеология туралы Батыс зерттеушілерінің анықтамаларын бірнеше топтарға бөлуге болады:
Ғылыми бағыттар мен мектептер Анықтамалары Позитивистер (Манхейм К., Поппер К., Топич Э. және
т.б.) «жалған сана», яғни құндылықтар субъективті Антипозитивистер немесе феноменологиялық бағыт
(А.Шюц) Құндылықтар мен идеялар объективті неомарксистер өмірдің өзі жалған болғандықтан
идеология да жалған болуы мүмкін солшыл радикалдық социология өкілдері идеология - әлеуметтік
топтардың саяси мүдделерінің теориялық көрінісі идеологияны «жалған сана» деп есептейтіндер
негізінен идеологиялардың негізін құрайтын құндылықтардың субъективті екендігіне байланысты
осындай тұжырым жасап отыр. К.Маркс идеологияны «иллюзия» деп есептеді.
Ресей зерттеушісі А.Б. Баллаев К.Маркстің «Неміс идеологиясы еңбегінде идеология ұғымы
«дәуірдің» өзі туралы иллюзиясы немесе «ұлттың» өзі туралы иллюзиясы түрінде пайдалынған деп