Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет274/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
265 
салқындатып тазартылатын су шығарумен «Текфен» фирмасы айналысуда. Шымкентте сіріңке шығарып 
жатқан Түркия фирмасы бар. Түркияның іргелі «Коч» компаниясы Қазақстанның «Бутясымен» бірігіп, 
«Рамстор» деп аталатын маркалы өнімдер шығаруда. Қазіргі таңда «Коч холдинг» фирмасы осындай 
супер маркеттерді Астана мен Шымкентте де ашуды көздеп отыр.
Алматыда Алмер акумлятор зауыты, Шымкентте «Yesilinma» шұлық фабрикасы, Өскеменде 
«Алтынай» күнбағыс май зауыты өнім шығара бастады. 1996 жылы Қазақстанда қызмет істеген 2000-ға 
жуық серіктес кәсіпкерлердің 319-ы Түркия кәсіпкерлері. Түркиядан кейінгі 300 кәсіпкермен Қытай 
алады.
Қазақстанда Түркияның құрылыс фирмаларының орны ерекше: Түркістандағы Қ.А. Ясауидің 
атындағы ХҚТУ-дің қалашығын Түркияның «Зафер» фирмасы құрылысын жүргізді Университет қала-
шығының көлемі жоба бойынша 300 гектар. Оның 120 гектарына жаңа техника жетістіктерімен жабдық-
талған оқу корпустары, 80 гектарға жаңа үлгідегі тұрғын үйлер салынуда, ал 100 гектарға ботаникалық 
бақ пен ғылыми зерттеу орталығы орналасады. 
Түркия мемлекетінің құрылыс кәсіпорындары Алматыдағы бес жұлдызды «Анкара» мейрамханасын 
салды, Астана қаласында алғашқы бес жұлдызды «Астана» қонақ үйін тұрғызды. Сондай-ақ Астанадағы 
парламент үйін, бірнеше министрліктер мен тұрғын үй салуға да Түркия кәсіпорындары үлес қосты. 
Қазақстан территориясында Түркия компаниялары бірінші орында. Мәселен Астана шетел 
компаниялары арасында 70%-ін Түркия компаниялары алады. Астананың халықаралық презентация-
сында Президент 4 құрылыс компаниясына медаль беруін оның үшеуі Түркияның компаниялары алды.
Астана қаласында Түркияның мынандай компаниялары көзге ерекше түсті: «Ахсел», «Окан-
холдинг», «Жейланлемитет» шетелдік құрылыс компаниялары. Қазіргі кезде Қазақстанда 660-тан астам 
Түркия компаниялары мен бірлескен қазақ-түрік кәсіпорындары жұмыс істеуде. Осы орайда Қазақстанда 
істеп жатқан «Энка, Окан-холдинг, Финтрако, Джейлан, Бурдуж, Анадол, Грубу, Түркуаз, Түріксел» 
сияқты ірі түрік компанияларының атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. 
Түркияның Джейлан және Олан-холдинг компаниялары Астанадағы Евразия университеті мен 
ұлттық мұражайдың құрылыстарын аяқтауға жақын қалды. 
1992 жылдың қазан айының 30-ы және 31-1 күндері Анкара қаласында түркі мемлекеттердің бірінші 
басшыларының кездесуі болды. Оған Түрік Республикасының сол кездегі Президенті Түрғыт Озал, 
Әзербайжан Республикасының сол кездегі Президенті Абулфайз Элгібей, Қазақстан Республикасының 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан 
Республикасының Президенті Ислам Каримов және Түркменстан Республикасының Президенті 
Сапармұрат Ниязов қатысты. Кездесу барысында оған қатысушыларды Түркия басшылығы кезінде 
Кемал Ататүрік қолдаған барлық түркі тілдес халықтарды біріктіру идеясымен еліктіруге тырысты. Бұл 
идеямен басқа мемлекеттер басшылары өздерінің келісе алмайтындықтарын жасырмады. Туындаған 
осындай қиындықтарға, өзара келіспеушіліктерге қарамастан, кездесуге қатысушы мемлекеттердің 
бірінші басшылары түркі тілдес мемлекеттердің ортақ рыногін құру идеясын қуаттады. Түрік жағы оларға 
экономикалық және мәдени салаларда қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың оң 
дамуына қанағаттанып отырғандарын білдірді және әрі қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды 
үйлестіріп отыруға шақырды. Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен 
тұтастай алғанда Азия құрлығында қатынастардың жарастығы жолында осы бағьпты жалғастыра беру 
туралы ұйғарымға келулері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса 
маңызды болды. Түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының мұндай кездесулері кейінгі 
жылдары да арасына жыл аралатып тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұның жақын мысалы ретінде 1994 
жылдың қазан айының 19-ында Стамбулде, 1995 жылдың тамыз айының 28-інде Бішкекте, 1996 жылдың 
қазан айынын 21-інде Ташкентте болып өткен түркі тілдес мемлекеттердің бірінші басшыларының 
кездесулерін атауға болады. 
Американдық ғалым Дж.Сакстың пікірінше, «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық тұрғы-
дан ірі жетістіктерге жетуі көбіне-көп сыртқы сауда-саттықты дұрыс жүргізе білуіне тікелей байланысты. 
Дүниежүзілік экономикалық байланыстар шеңберіне тартылмайынша еш бір ел оқшау қалып жөні түзу 
экономикалық құрылым жасақтай алмайды». Олай болса, Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет