Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет47/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Нәтижелер
1867 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы ережеде Түркістан қаласы 
Шымкент уезінің құрамында өмір сүрді. Бұл үрдіс 1871 жылға дейін жалғасты. 1871 жылы жеке 
уездік ретінде түзіліп, 1886 жылғы реформадан соң, Шымкент уезінің құрамына қайта енгізілді. 
Бірақ, 1914 жылғы бұйрыққа сәйкес өз алдына уез болып қалыптасты.
 
Қала уездік қалаға айналғаннан бастап, тұрғындар саны көбейді. Жалпы 1854 ж. қала тұрғындар 
саны – 5000, ал тұрғын үй құрылымы 1200 шаңырақ, 1878 ж. Түркістан уезінде – 1495 үй, 13152 адам 
тұрды [11, п.4].
Қалаға бөлінетін қаржы бойынша халық ағарту ісіне жұмсалатын шығындар қаланы аббаттандыру, 
полиция, шаруашылық басқару және медицина саласынан кейін бесінші орында болды. Халық ағарту 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
43 
ісіне қалаға 1887 жылы - 851 рубль, 1897 жылы – 1256 рубль, 1907 жылы 2092 рубль қаржы бөлінген 
болатын [12, 130]. 
Түркістан қаласы орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болды. Түркістанда рухани тәрбие, 
сондай-ақ білім орталықтары ретінде ең алдымен мешіттер, мектептер мен медреселер қызмет атқарды. 
Медреселер мешіттің жанынан ашылып, көп жағдайда оқитын шәкірттердің есебінен қаржыландырылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінде негізінен мұсылмандық білім беру мекемелері 
жұмыс жасап тұрды. Мұсылмандық білім мектеп пен медреселерде алып тұрды. Мұсылман мектептері 
оқу орындарының бастауыш сатысы болды. Мектеп оқушылары сауатын ашып, құранды жатқа оқитын 
болған. Мектептен білім алған балалар оқуларын медреседе жалғастыра алды.
Медресе – орта және жоғары оқу орны болып есептелінді. Медреселерде молдалар және мектеп 
мұғалімдері даярланды. Халық арасында медреселердің беделі өте жоғары болды. Оқу мерзімі үш-төрт 
жылға дейін жалғасты. Медресе шәкірттері исламның діни қағидалары бойынша сауатын ашып, 
философия, математика, медицина, тарих, тіл пәндері аясында қосымша білім алулары тиіс саналды. 
Бастауыш мектептер бір-екі сыныптық аралықта болды. Оқу мерзімі 1 жылдан 6 жылға дейін 
созылды. Мектеп пен медереседе оқу мерзімінің ұзақтығы шәкірттің қабілетіне немесе кейібр жағдайда 
денсаулығына байланысты болған. Сынып шәкірттерінің жас ерекшелігі де сақталмаған еді. Бір сыныпта 
7-8 жасар оқушы 12-14 жастағы балаға дейін оқыды. Оқу курсының аяқталуы белгілі бір діни кітапты 
жаттап алуымен белгіленген. Мектеп оқушылары оқудың алғашқы жылы араб алфавитін жаттап, одан 
кейін оқуға кіріскен болатын. Оқушы мәтіндерді тек жатқа оқығандықтан, жаңа таныс емес мәтіндерді 
оқи алмады. Шәкірттердің өз бетінше оқуды игеру бірнеше жылдарға созылды. ХІХ ғасырдың соңына 
дейін медереселер ескі әдіспен оқытты (қадыми – ескіше). Ескі әдіс бойынша оқытуда әріптерді қосу 
арқылы оқу әдісін қолданған болатын. Оқушылар араб әліпбиінің әріптерін дауыстап айтып, буындар 
қосып, одан кейін ғана сөзді жатқа жаттаған, араб әріптерінің түрлі жазылу жолдарын да жатқа жаттау 
керек еді. Мектептерде ана тілі оқытылмады. Тек діни мәтіндерді жаттаған мектеп шәкірттері ана тілінде 
оқуды және жазуды білмейтін болған.
Мектеп мен медреселер жергілікті халық арасында жоғары беделге ие болды. Патшалық өкімет 
мұсылмандық оқу орындардың қызметіне және дамуына барынша кедергі келтіруге тырысты. Ресей 
шенеуніктері орыстандыру саясатын жүргізу үшін мектеп пен медреселерге тіпті полицейлік бақылаулар 
мен құпия тыншыларды да жіберіп отырған. Солардың мәлімдемелері негізінде жұмысын тоқтатып 
немесе жауап тастап отырған болатын.
1860 жылдары Қазақстан мен Орта Азияны Ресей империясы толық жаулап алу үрдісін аяқтады. 
Патша әкімшілігі жаңа қосылған аймақтарда өзінің отарлау саясатының тетіктерін жоспарлы түрде 
күшейтуді дұрыс санады.
Жергілікті халықтардың өкілдері саяси үкімет пен мемлекет басқару мекеме-
леріне жолатылмады. Патша үкіметі отаршылдық саясатын түбегейлі орнықтыру мақсатында ең алдымен 
жаңа формадағы мектеп, медресе ашу және оған жергілікті қазақ, қырғыз, өзбек балаларын тарту арқылы 
ислам дінінің ықпалын ығыстыруды көздеді. Бұның айғақтарының бірі ретінде 1870 жылы патша үкіметі 
тарапынан енгізілген медреселерде міндетті түрде орыс тілін үйретудің ережесін атауға болады [4, 85].
1873 жылы Түркістан генерал-губернаторы фон Кауфман тарапынан ұсынылған «Түркістан 
өлкесіндегі оқу бөлімін түзу мен халыққа білім беру ісін ұйымдастыру жоспары» бойынша жергілікті 
мұсылман және орыс балаларын бірлесе оқытудың тәсілдері мен амалдары қарастырылды. «Бірге оқыту 
бұратана халық балаларының негізгі ұғымдарындағы айырмашылықтарды жоюға әсер ете отырып, басып 
алынған өлкенің ассимиляциялану ісіне маңызды пайда әкеледі» деп санады [13, п.8]. Осы жоспарға 
сәйкес 1873 жылы Түркістан қаласында Александр Тихомировтың бастамасымен халықтық мектеп 
ашылды. 1879 жылы 18 қыркүйекте бұл мектеп екі жылдық қалалық училище болып өзгертілді. Бұл оқу 
орнында жергілікті халықтың балалары білім алды. Училище жанынан 20 оқушыға арнайы пәтер беріліп 
тұрды [14,133]. 
1878 жылы Түркістан өлкесінің оқу орындары Басқармасының тапсырысы бойынша арнайы естелік 
кітапшасы шыққан болатын. Кітапшадағы мәлеметтер бойынша Сырдарья облысында 8 бастауыш мектеп 
болса, оның бесеуінде (Әулие-Ата, Қазалы, Перовск, Ташкент, Шымкент қалаларында) - ерлер және 
әйелдер бөлімі, екеуінде (Ходжент, Шыназ) – бірлескен, ал Түркістан қаласында – ерлер мектебі болғаны 
туралы айтылады [15,111]. Осындай кітапшалар 1878-1879, 1879-1880, 1880-1881 оқу жылдарында 
шығып, кейін тоқтатылды.
1884 жылы Түркістан қаласында ересектер үшін кешкі оқу курстары ашылып, 1886 жылы 
тыңдаушылар саны азайған соң жабылады. 1887 жылдан бастап училищеде түстен кейінгі ауысымда қыз 
балалар білім алады. Қыздар үшін ашылған сыныптар 1890 жылға дейін жұмыс жасап тұрды. 1887 жылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет